Ерлан Сағадиев Моңғолиядан келген бүркітші қызға ЖОО-ға түсуіне көмектесетінін айтты
ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Моңғолиядан келген танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
Кездесу барысында «Білім – Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте Ермаханұлы бүркітші қыз туралы айтып берді.«Айшолпан бүркітші ретінде Оскар сыйлығына ұсынылды. Ол әкесімен бірге кішкентай кезінен бастап өзінің сүйікті ісімен айналысқан. Осы маусымда ол өз бүркітінің көмегімен 12 түлкі, екі қасқыр аулады. Біздің батырымыз осынай. Ол біздің бүркітшілермен өз тәжірибесімен бөлісе алады. Біз Айшолпан туралы фильмдерді көргенде, оның Қазақстанды тамашалауды армандайтынын білдік. Сол үшін Айшолпанды осы жаққа алып келдік. Ол анасымен бірге 4 күн Астананы аралайтын болады», – дейді министр.
Кездесу барысында «Білім – Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте Ермаханұлы бүркітші қыз туралы айтып берді. Оның сөзінше, Айшолпан АҚШ-тың Оксфорд және Гарвард тәрізді әйгілі университеттерінен шақырту алған.
«Біз Айшолпанның ата-анасына оны «Spektrum» мектебіне орналастыру туралы ұсындық. Ол осында екі жыл бойы академиялық білімінің және тілдерді білу деңгейін көтере алады», – дейді Дархан Өте Ермаханұлы.
Өз кезегінде ҚР БҒМ басшысы Айшолпанна Қазақстанға келгісі келетіні туралы сұрады. Оған бүркітші қыз қанағаттанарлық жауап берді.
«Бір жағынан, Гарвардта оқу өте қиын. Өзім де сол жерде оқығанмын. Олар Айшолпанға оқудың бірнеше бағытын ұсынады. Осы бағыттар аясында ол өзінің болашақ мамандығын таңдай алады», – дейді Ерлан Сағадиев.
Сонымен қатар министр Моңғолиядағы қазақ балалары үшін Қазақстаннанжыл сайын оқулықтар жіберілетінін атап өтті.
«Біз оларды осы жаққа алып келіп, Қазақстанды көрсеткімі келеді. Егер қандай да бір көмек қажет болса, көмектесуге дайынбыз. Біз жыл сайын моңғолиялық балалар үшін білім грантын бөлеміз. Олардың көбі Алматыда немесе Өскеменде білім алғанды жөн көреді. Сонымен қатар дені осы жақта қалып, жұмыс істейді. Егер қажет болса, мен өзім университетпен (Айшолпан оқығысы келетін) сөйлесіп беруге дайынмын», – дейді білім министрі.
Stan.kz