» » » БҮРКІТШІ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА

БҮРКІТШІ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА


Ойланып қарасақ, бұл өнер – қыз балаға қиындау өнер. Бірақ, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын қазақ қызы небәрі 13 жасында жарқ етіп жалпақ әлемге танылды. Бүгінде қолына қыранын қондырған, талай саятшылық жарыстарда алдыңғы саптан көрініп жүрген Айшолпан Нұрғайыпқызының өнері әлем жұртын тамсандыруда. Соның арқасында дүниежүзі дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған, ата дәстүрден танбаған қазақ деген текті халықтың бар екенін білді. Еркіндікті жақсы көретін текті құсты жанына серік ете білген өжет қыздың өнерін тамашалауға келетіндер қатары да аз емес. Мәселен, биылғы жылдың өзінде Айшолпанның өнерін көру үшін Баян-Өлгейге 31 мемлекеттен турист барған екен. Сондай-ақ, «Бүркітші қыз» Айшолпан туралы фильм де түсіріліп, әлемнің беделді кинотеатрларынан көрсетіліп те үлгерген.
Ал, Америка халқының Айшолпанға ықыласы ауғаны сонша, олар бүгінде бүркітші қыз туралы кітап жазып жатқан көрінеді. Туындының тұсаукесері осы жылдың соңында Лос-Анджелесте болмақ. Өзге елде жүрсе де текті халықтың түлегі екенін жақсы біліп, ата-баба салтын жадында жаңғыртқан бүркітші қыз Айшолпанның қайсар мінезі мен рухты болмысы қазақ жұрты үшін мақтаныш. Біз өз кезегімізде Алаш жұртын алты құрлыққа танытқан Айшолпан Нұрғайыпқызына өнерің өрге жүзсін демекпіз...

Нұржамила НАУАН.
30 қаңтар 2018 ж. 2 422 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 854

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031