АСТАНА – ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨЛ ТУЫНДЫСЫ
Астана – еліміздің бас қаласы, Еуразияның жүрегі. Биыл шырайлы шаһар – Қазақстанның бас ордасы 20-ға толып отыр. Астананың мерейтойы – бүкіл еліміздің қуанышы. Қазақстан тарихында бұл қаланың орны ерекше. Астана – армандар бастауы мен олардың орындалатын орны. Елорда – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен жүзеге асқан тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы басты жобалардың бірі.
Астана – мемлекеттік деңгейдегі шараларды өткізетін, халықаралық жиындарды қабылдайтын басты қаламыз. Көркемдігімен, күн санап құлпырып келе жатқан әсемдігімен әлем назарын өзіне аудара білген елорда – стратегиялардың жүзеге асатын, мемлекеттің қаншалықты дамығандығынан көрініс беретін бірден-бір орын.
Еліміздің абыройын асқақтатқан Астана бүгінде бұрынғыдан әлдеқайда өзгерген. Сәні мен салтанаты жарасым тапқан қаланың бас архитекторы да Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінде әлем жұртшылығы Қазақстан десе Елбасын қатар атайды. Тіпті, Президент пен Астана егіз ұғымға айналғандай. «Қазақстан. Нұрсұлтан. Астана» деп ұрандатқан жастардың жалынды сөздерін қаншама рет естіп те жүрміз. Мұның барлығы жарасымды тірлік пен берекелі бірліктен бастау алады. Астанамыз дамыса бүкіл еліміз дамиды, елордамыз гүлденсе Қазақстан гүлденеді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар елорданың бүгінгі келбетіне қарап таңданысын білдіруде. Жастардың арман қуған мекеніне айналған бұл қала күн санап көркейіп, өзінің жаңа тұрғындарымен толығуда. Еліміздің көптеген шаралары бас қалада өтеді. Мемлекеттің айбарын көрсететін Қарулы күштердің салтанатты әскери парады, күллі қазақ балуандарының ішінен кім мықтыны анықтайтын «Қазақстан барысы» турнирі де осында өтеді.
Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы ұсынысымен еліміздің бас ордасы мәртебесіне қол жеткізіп, тұғырлы тұғырға қонған қала мемлекетіміздің орталығына айналды. Арқаның төсінен бой көтерген әсем қала әлемдік деңгейдегі келісім-шарттар мекеніне айналды. ЕЫҚҰ саммиті, Азиада, түрлі дін өкілдерінің бір жерде бас қосуы секілді шаралар Қазақстанның бейбітшілік пен татулықты ту еткен мемлекет екенін күллі әлемге айғақтады. Оның бер жағында Украина мәселесі, Ресей мен Түркияның арасындағы шиеленіс, Сирия жағдайы сынды әлемдік проблемалар Астанада талқыланды.
Басқасын айтпағанның өзінде, ел қазынасын молайту жолында экономикамызды дамытып, стратегиялы түрде көздеп отырған әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көріну мақсатында құрылған Еуразиялық экономикалық одақты ерекше атап өтуге болады.
Астана десе Елордада орналасқан әсем де зәулім ғимараттар еске түседі. Елімізге келген туристер де, іссапармен жүрген шетелдік қонақтар да, жаһанға белгілі саясаткерлер де шырайлы шаһардың бүгінгі көрінісін, асқақтаған мерейін, әрдайым жоғары бағалайды.
Астанада өзге жұрт қызыға да, қызғана да қарайтын көрікті орындар мен саябақтардың сан алуан түрлері бар. Басқасын айтпағанның өзінде, орталық саябақ көлемі жөнінен де, ондағы аттракциондардың санымен де, басқалардан асып түседі. Тіпті, Есіл өзенінен арнайы бөлініп, саябақ ішінде сарқырама іспетті ағып жатқан суда шомылып жүретін сұлулықтың белгісіне айналған аққулардың өзі Елорданың шырайын келтіріп тұрғандай әсер қалдырады. Бұл саябақтың жанында көк аспанда жарқыраған күн астында қалықтаған қыраны бейнеленген еліміздегі ең үлкен Мемлекеттік Ту орналасса, қапталында Қазақстанның барлық облыстарының макеттері жасалған «Атамекен» ұлттық паркі бой көтерген. Сонымен қатар, қаланың барлық аумағында қазақ хандары мен батырларына, ақын-жазушыларына, тарихи тұлғаларға арналып ескерткіштер орнатылған.
Қазіргі таңда Алаш атауымен астасып кеткен Астана – үлкен медициналық орталық. Онда республикалық жедел-жәрдем, кардиология, травматология, кардиохирургия, «Ана мен бала», «Балаларды оңалту» секілді үлкен базалы медициналық орталықтар бар. Әлемдік деңгейдегі білім стандартымен жұмыс жасайтын «Назарбаев» университеті, ел мақтанына айналған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы елу жылдан аса тарихы бар Қазақ агротехникалық университеті, білікті медицина мамандарын тәрбиелейтін Астана медицина академиясы, сол жағалауда орналасқан Қазақстан-Ресей университеті, бүгінде заңгерлердің оқу ордасына айналып үлгерген Қазақ гуманитарлық заң университеті, өнерпаз жандардың басын бір арнаға шоғырландырған Өнер академиясы сынды жоғары оқу орындары арман қуып келген жастарды білім нәрімен сусындатады.
Астана – өнер ордасы. Мұндағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театр, бұрнағы жылдары ғана ғимараты пайдалануға берілген Астана опера театры, жастар театры, секілді өнер ордалары осының айғағы. Әуел бастан Астананың символына айналған «Бәйтеректің» қос қапталында Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктерінің ғимараттары бой түзеген. Одан ары «Ұлттық мұрағат» пен «Академиялық кітапхана» болып жалғасып кете береді. Осы ғимараттардың қақ ортасында орналасқан «Бәйтерек» әсемдігімен де, күн сәулесіне шомылған көркемдігімен де, аңыздық түсінікке ие мазмұндылығымен де ерекшеленеді. Сол маңайдан бой көтерген «Солтүстік шұғыла» мен «Қазақстан темір жолы» АҚ ғимараттары сәулет өнеріндегі шоқтығы биік туындылардың қатарына жатады.
Астана ойын-сауық орталықтарымен де мақтана алады. Олардың қатарына дала дарабоздары атанған хандардың шатырын бірнеше есе үлкейтіп, алғашқы нұсқадан ауытқымай салынған «Хан шатыр», географиялық тұрғыда дүние бөліктердің барлығында кездесетін өркениетті өмірді көз алдыңа алып келетін, шағын мұхитқа саяхат жасайтын «Думан», төменнен жоғары қарай қарағанда аспан әлемінде жүргендей әсер беретін «Мега», ойындардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін «Азия парк» сынды бірқатар нысандарды жатқызуға болады. Бұл ойын-сауық орталықтары – елорданың қала тұрғындары мен қонақтарына арналған тартуларының бірі. Қазақстанның тәуелсіздігін өзгеге айқындап тұратын «Қазақ елі» мен «Мәңгілік ел» монументтері ынтымағы мен бірлігі жарасқан мемлекетті көрсетеді. «Тәуелсіздік сарайы» мен «Бейбітшілік және келісім сарайы» мемлекеттік және халықаралық шараларды өткізсе, «Астана арена», «Сарыарқа», «Алау» мұз айдыны сынды алып спорт кешендері түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарды қабылдайды. Сарыарқаның төсіндегі бас қаланың болашағына қазақстандықтар үлкен үмітпен қарайды. Ертеңгі күндерін осы қаламен байланыстырғысы келетіндердің де саны артуда.
Бұл – Астана! Айтсаң сөзің, жазсаң сияң жетпейтін орда бұл. Сол себепті де, бұл қалада соғылған ғимараттардың барлығы көз тоймайтын әдемі, аспанмен тірескен биік болуы керек. Елорданы басқа қалалардан ерекшелейтін де осы әсемдігімен алыстан көз тартатын зәулім де, биік ғимараттар.
Бұл қаланың әрбір қазақстандық үшін алар орны ерекше. Себебі, Астана – Елбасының төл туындысы.
Әзірлеген М.АХМЕТОВ.