АРТҚАН СЕНІМ АҚТАЛСА ИГІ
Ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастырылғанымен кәмелетке толмағандар арасында орын алған қылмыстар қатары азаймай отыр. оған не себеп? Түрлі деңгейдегі шаралардың жемісі аз ба, жоқ әлде білім ошақтарында тәрбие мен білім қатар жүрмей ме? Бұл мәселеге үйдегі отбасылық тәрбиенің де өз деңгейінде жүргізілмеуі басты себеп болуы мүмкін. Осы және өзге де сауалдарға тұшымды тұжырым жасау үшін, сондай-ақ, алдағы уақытта олқылыққа жол бермеу мақсатында ұлағатты ұстаздар мен білім ошақтарындағы жоғары сынып оқушылары, ата-аналар мен ішкі істер бөлімі қызметкерлері №202 орта мектепте бас қосты.
Аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов модераторлық жасаған жиында жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау жайы пысықталды. Сондай-ақ, оқушыларға бағыт-бағдар беріліп, ілімнің іргетасы тәрбиемен қаланатыны айтылды. Алдымен Жағыпар Айтбайұлы мемлекет жастардан үлкен үміт күтетінін жеткізіп, оқушыларды сол сенім үдесінен шығуға шақырды.
– Қай қоғамда, қай елде болсын елдің үміті, жарқын болашағы – жастар. «Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір» дегендей, әрбір халықтың кемел келешегін жасаушылар да жастар екені ақиқат. Әрине, жас дегенде біздің ойымызға алдымен бүгінгі оқушы, ертеңгі студенттер қауымы түсетіні анық. Мемлекетіміздің ең ірі қозғаушы күші де, елдің әлеуметтік, экономикалық саяси жағдайын дамытушылар да сіздерсіздер, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Жиында Ж.Тажмаханов мұнан бөлек өңірде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың орын алып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, қатысушыларды аудан абыройына нұқсан келтіретін мұндай жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Мемлекеттің кемел келешегі деп білген ата-ананың да, ұлағатты ұстаздардың да жастарды тәрбиелеудегі мақсаты ортақ. Енді осы көзқараспен жастардың да пайымды пікірі бір жерден шықса дейміз. Рас, көпке топырақ шашпаймыз. Өңірдің абыройын асқақтатып, елдің ықыласына бөленіп жатқан жастар Жалағашта жоқ емес. Бірақ, бірен-сараң олардың қатысуымен орын алған олқылықтар қасықтап жинаған абыройдан қасқағым сәтте қол үздіреді.
Ел жастарға сенеді. Елбасының да көзқарасы осыған саяды. Болмаса, жастар саясатын жүргізуге, олардың кәсіпке бет бұруына қыруар қаржы бөліп, жарқын жобаларды жүзеге асыруына үлкен қолдау көрсетпес еді. Тіпті, Мемлекет басшының алдағы тұтас он екі айды «Жастар жылы» деп жариялауында оларды кемел келешектің іргетасын қалушы деген үлкен сенім жатыр емес пе?! Ерте ғасырларда табылған папирус қағазында «Қазіргі жастар бұзылған» деген жазу табылыпты. Яғни, алдыңғы аға буын өкілдері тарапынан кейінгі буынға деген көңілі толмаушылық бұрыннан бар деген сөз. Бірақ, бүгінгі қоғам жастарға түбегейлі кінә артып жатқан жоқ. Тек көзге көрініп тұрған теріс қылықтардан арылса дейді.
Басқосуда жасалған баяндамалардағы цифрларға көз жүгіртсек, ауданда 11 айда орын алған қылмыстар қатары артқан. Мәселен, аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция бөлімшесіне қарасты ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Ұлбосын Ахметованың сөзінше, кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен бірнеше рет қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайы анықталып отыр. Ішкі істер саласы қызметкерінің айтуынша, бұл жағдайлардың көбі түн мезгілінде орын алған. Олқылыққа жол берген 12 жасөспірімге сот құзырымен ерекше талап қойылды.
Жасөспірім дегенге ойыңызға студент жастар оралып жатқан шығар. Әлбетте, жасалған қылмыстар жайына көз жүгірткен көзі қарақты оқырман ол санаттан төмен жастан мұндай жағдай күтпейді. Бірақ, шын мәнінде бұлардың қатарын мектеп оқушылары қалыңдатып отыр. Он бір айдағы мәліметке сүйенсек, осыған дейін 108 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылса, көрсетілген цифрлардың шарықтауына тағы да мектеп оқушылары себеп болған. Тіпті, олардың қатарында бір білім ошағындағы бірнеше оқушыға әкімшілік хаттама толтырған жайттар да кездеседі. Мәселен, әкімшілік хаттама толтырылған оқушылар саны бойынша №201 мектеп-лицейі көш бастап тұр. Мұнан кейінгі орынға 12 жасөспіріммен Ақсу ауылындағы №116 орта мектеп жайғасқан. Мұндай ескертпелер жасалған оқушысы бар мектептер саны мұнымен шектелмейді. Мен де жіпке тізгендей барлығын тарқата бермейін. Себебі, бұл жетістік емес.
Оқушы десе, білім қуып, мектеп пен үй ортасында жүрген жас көз алдыңа келеді. Осы пайымды пікірден тайғымыз да жоқ. Кемел келешектің егесі деп сенім артқан кейбір талапты жастарымыздың топтық төбелесте бой көрсетуі бізді қынжылтады. Мәселен, өткен айдың аяғында Жалағаш индустриалды аграрлық коледжі студенттері мен №201 мектеп-лицейі оқушылары арасында кейкілжің орын алды. Салдарынан 1 студент жарақат алып, аудандық емханалық қызметі бар орталық ауруханаға жеткізілді.
Осыдан біршама уақыт бұрын ережесіз жекпе-жекте екі қазақ финалға шығады. Әлгі қандастарымыздың бірі өзге мемлекеттің атынан шығып тұр. Сонда қос қазақ бір-біріне қол көтерген болып, әйтеуір жекпе-жектің салтын жасады. Біршама уақыт төреші олардан үлкен шайқас күтті. Болмағасын екеуіне де қызыл қағаз беріп, шаршы алаңнан алыстатуға тура келді. Қалай ойлайсыз? Ақтық мәреге дейін қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірген қос қазақ бір-біріне неге жұдырық ала жүгірмеді? Рас, үлкен статусы бар жүлдеден айырылды. Бірақ, Қазақ деген ұлттың қандай текті ел екенін, қандасына еш уақытта қастық қылмайтынын барша әлемге танытып кетті. Ойлаңызшы, әлгі қандастарымыз дүниежүзілік комиссия тобы дайындаған ережеге қарсы келіп, бір-біріне қол көтерген жоқ. Ал, қолдан кейкілжің жасап алатын қазіргі жастарымызға не жетпейді? Бүгінгі басқосудың да негізгі мақсаты – осы сауалдың жауабын табу.
Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева соңғы 3 жылдағы орта мектептердегі құқық бұзушылық, қылмыстық көрсеткішке талдау жасады. Баяндамашының сөзінше, 2016 жылы ішкі істер бөлімінде 5 жасөспірім профилактикалық бақылауға алынған. Ал, былтыр бұл көрсеткіштің саны артқан. Сондай-ақ, 2 жасөспірім ауыр қылмыс жасап, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Өткен жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың ауыр жағдайы Жаңаталап ауылындағы №119 орта мектеп оқушысы мен Жалағаш индустриалды аграрлық колледжі студентінің қатысуымен орын алды. Олар зорлық-зомбылық әрекетін жүзеге асырмақ болғаны үшін және түн мезгілінде үй-жайға адамдар тобымен заңсыз кіру қылмысын жасау бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал, биылғы 11 айда орын алған жайтқа көз жүгіртсек, профилактикалық бақылауға алынған жасөспірімдер саны – 3. Бұл жағдайларға қатысты бақылауға алынған барлық оқушының ата-анасы жауапқа тартылды. Биылғы көрсеткіштің төмендегеніне қарап пайымыңыз жақсылықты меңзейді ғой. Бірақ, осы жылы мектеп оқушыларымен болған жағдайлардың бірі адам шығынымен аяқталды. Есет батыр ауылындағы №124 орта мектептің 9 сынып оқушысы әкесінің жеңіл көлігін айдап шығып, қаладан келген қонақ бала мен тағы бір 11 сынып оқушысын мінгізіп серуендеп қайтпақ болады. Жолда көлік апатына ұшыраған олардың ішіндегі 11 сынып оқушысы алған жарақытынан аудандық ауруханада көз жұмады. Міне, аңдамай бассаң, ауырмай өледінің кері осы. Біздің барлық болған жайтты жайып салу мақсатымыз емес. Негізгі міндет қалған жастар сабақ алса дейміз. Аудандық білім бөлімі басшысының да пікірі осыған саяды.
Гүлзат Құрманбаеваның айтуынша, қазіргі таңда бала психикасын бұзуға шақыратын әлеуметтік желідегі үндеулер үлкен мәселеге айналып отыр. Бұл ретте баяндамашы жастарды мүлдем әлеуметтік желіден алыстату керек демейді. Тек уақытымен әрі тиімді пайдаланса деген пайымды пікірі ғой. Әлбетте, мұндай тұшымды тұжырыммен біздің көзқарас та ортақ. Болмаса, кешегі жат ағымның жетегінде кеткен жастардың көбі осы әлеуметтік желіні тиімді пайдаланбағанының салдары емес пе?!
Күн тәртібіндегі үш мәселе қаралған басқосуда облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының Жалағаш ауданы бойынша маманы Арыстан Байқабылов кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы шаралар жайына талдау жасады. Оның сөзінше, қазіргі таңда мектеп оқушылары сабақ уақытында мешітке «Жұма» намазға барады. «Бұл өз кезегінде дұрыс емес» дейді орталықтың аудандағы маманы. Алдағы уақытта мұнан кейін олардың аты-жөндері мен санын анықтап, мектеп басшыларына жолданатын болады.
Жиында ата-аналар да, әр салада еңбек етіп жүрген азаматтар да оқушылардан үлкендік ақылын аямады. Енді осынша тағылымды сөздер айтылған жиыннан жастар нәтиже шығарады деп ойлаймыз. Тіпті, олардың тарапынан қойылған бірнеше сауалға да мардымды жауап берілді.
Осы күні түстен кейін жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы кезекті комиссия отырысы аудан әкімдігінде жалғасын тапты. Жиынға аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары қатысты. Күн тәртібіндегі 2 мәселе қаралған басқосуда тиісті сала басшылары баяндама жасады. Сондай-ақ, мектеп директорлары мен хабарламашыларға бірқатар сауал қойылды. Жиын соңында балалар қауіпсіздігі бақылауда болу қажеттігі айтылып, алдағы уақытта олардың арасында қылмысты болдырмау мақсатындағы шараларды күшейту қажеттігі сөз болды.
Жастарға артылған сенім жайына көз жүгіртсек, тағы да мемлекеттен бастаймыз ғой. Жә, мұны сөзімнің басында айтып өттім. Тереңіне, үңілмей-ақ, аудандағы ел ағаларын ғана мысалға келтірейікші. Ойлаңызшы, әрбір жастың болашағынан зор үміт күтпесе, осынша алаңдап, таңнан кешке дейінгі уақытын сіздердің жарқын болашақтарыңызға қатысты үлкен жиында бас қатыра ма? Ешқайсысы аянып қалған жоқ. Азаматтар ағалық ақылын айтса, ата-аналар тәлімін аямады. Сала мамандары бірнеше сұраққа да жауап берді. Қорытындысына көз жүгіртсең, мақсат ортақ. Барлығының ойы осынша ақылдан жастар нәтиже шығарса дейді. Біз де солай болады деп сенім артамыз.
Тасыған ТАЛАП.