» » Қызылордада уақыт бір сағатқа кері жылжиды

Қызылордада уақыт бір сағатқа кері жылжиды

Қызылорда облысында 21 желтоқсан күні уақыт бір сағатқа кері жылжымақ. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарға айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Kzvesti.kz-ке сілтеме жасап.

ÒÑзÑлоÑдада ÑаÒÑÑ Ð±ÑÑ ÑаÒаÑÒа кеÑÑ Ð¶ÑлжидÑ

Әкімнің сөзіне қарағанда, Фесенков атындағы астрофизика институты ғалымдарының зерттеуінше, Қызылорда облысы 59° және 68° енділікте орналасқан. Бұл төртінші сағаттық белдеу болып табылады және оның Астана уақытымен айырмашылығы бір сағат.

Білім және ғылым беру министрлігіне қарасты адам мен жануар физиологиясы институтының мәліметіне сәйкес, уақыт белдеуді өзгерту аймақ халқының денсаулығына кері әсерін тигізетін физиологиялық ауытқушылықтарды жоюға көмектеседі. Сонда-ақ, әкім бұл өзгеріс тұрғындардың денсаулығына ешқандай зиян келтірмейтінін атап өтті.

Көшербаев уақытты кері жылжыту идеясын елбасы мен ұлттық экономика, денсаулық сақтау, энергетика, ішкі істер, инвестиция және даму министрліктері қолдағанын атап өтті. Бұл ретте үкімет қажетті қаулыны қабылдап үлгерген.

Аймақ басшысының сөзіне сенсек, уақытты өгерту арқылы электр энергиясын 4,2%-ға үнемдеуге болады.

 Stan.kz
10 желтоқсан 2018 ж. 844 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930