«РУХАНИЯТ ЖӘНЕ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Руханият және дәстүр» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов модераторлық жасады.
- Дін мәселелерін мемлекеттік реттеу, тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық қатынастарды нығайту бүгінгі күннің басты мәселелері қатарында. Қазақ елінің кемел болашағының негізі ұлттық дәстүрді үйлесімді ұштастыра біліп, өскелең ұрпақты ата жолымен тәрбиелеу басты мақсатымыз болып табылады - деді Жағыпар Айтбайұлы өз сөзінде.
Конференция барысында халқымыздың салт-дәстүрі, оның қалыптасу жолдары туралы дінтану ғылымдарының магистрі, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Phd докторанты Оспанов Бақтияр, дін мен дәстүрдің сабақтастығы жөнінде исламтанушы, Қоғамдық даму министрлігі жанынан құрылған РАТТ мүшесі Арынов Берік, сонымен қатар, «Жаһандану заманындағы дәстүрлі рухани құндылықтар» тақырыбында Жаппасбаев Әлібек баяндама жасады.