» » ЖЕРЛЕСІМІЗ академияға МҮШЕ БОЛДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ академияға МҮШЕ БОЛДЫ

Елордада Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының жаңа мүшелері сайланды. Олардың қатары Еуразия ұлттық университеті Журналистика және сая­саттану факультетінің 3 бірдей ғалымымен толықты.
Аталған ғылыми атақ Академияның жалпы жиналысындағы көпшілік дауысына салу арқылы сараланды. Көпшіліктің дауысына ие болып, Қазақстан педогогикалық ғылымдар академиясының жаңа мүшесі атанған үш азаматтың қатарында жерлесіміз, Академияның толық мүшесі-академигі, аталған оқу орынының оқытушысы ­Бауыржан­ Иманғалиев те бар. Басым дауыс жинаған жерлесімізге мүшелік диплом мен куәлікті факультеттің ғылыми кеңесінде академия президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Қабікенұлы табыстады.
Айта кетейік, академияның толық мү­шесі-академигі немесе корреспондент-мү­шесі атағы ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесі бар білім, ғылым мен мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне беріледі. Бауыржан Иманғалиев – халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновтің әдеби мұрасын алғаш ғылыми айналымға енгізіп, зерттеген педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия Ұлттық университетінің доценті. «Жүргеновтануды» элективті пән ретінде Еуразия ұлттық университеті мен Темірбек Жүргенов өнер Академиясының оқу бағдарламасына енгізген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, халықаралық ақпараттандыру ака­демиясының академигі. Қазақ руханиятына еңбегі сіңген азаматты біз де осындай атаққа лайық деп есептейміз.

«жж» ақпарат.

11 желтоқсан 2018 ж. 1 028 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930