» » «Жасыл экономика» – кемел келешекке қадам

«Жасыл экономика» – кемел келешекке қадам

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы «Жасыл эко­но­микаға» көшу жөніндегі кеңестің ке­зек­ті отырысы өтті, – деп хабарлайды primeminister.kz.
Отырыс жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде ҚР Президентінің кө­­мекшісі Е.Жамаубаев, министрлер, өңір­лер­дің әкімдері, сондай-ақ, халықаралық жә­не отандық үкіметтік емес ұйымдардың бас­­­шылары қатысты. Олардың қатарында Ор­талық Азиядағы қоршаған орта жөнін­дегі БҰҰ бағдар­ламасының директоры О.Атымтаев, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағ­дар­­­ламасының тұрақты өкілінің орынбасары В.Времиш, Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты да­му және урбанизация департаментінің директоры Р.Жәмпейісов бар екенін айта кеткен жөн.
Жиында Қазақстан Респу­бли­касының «Жасыл экономикаға» көшу жө­нін­дегі тұжырымдамасының 2013–2020 жыл­дар­ға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралып, сондай-ақ, кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс кестесі бекітілді.
Шарада ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев экологиялық жағдайды одан әрі жақсарту және жасыл экономикаға сапалы көшуді қам­тамасыз ету бойынша қабылданып жат­­қан шараларға тоқталды. Отырысқа қатысушылар көтерілген мәселені жан-жақты талқылады. «Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ басшысы Р.Жошыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.Мырзахметов, Қазақстандық KazWaste қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығының атқарушы директоры В.Мұстафина, «Жасыл Академия» ғы­лы­ми-білім беру орталығының директоры Б.Есекина, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы С.Рахымбекова, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрайымы А.Соловьева өз ойларын ортаға салды.
Қазіргі таңда атмосфера ауасын қор­ғау саласындағы мемлекеттік саясатты анықтайтын негізгі құжаттар ҚР Экологиялық кодексі және Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы болып табылады. Үкімет жалпыұлттық жоспардың биылғы 5 қазанда жарияланған Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша тармақтарын орындау аясында белсенді жұмыс жүргізуде.
Әзірленіп жатқан жаңа Экологиялық кодекстің жаңашылдықтарының бірі үздік қолжетімді технологиялар қағидасына көшу болады. Оған сәйкес қондырғылардың операторлары қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету мақсатында технологиялық процестерді жетілдіру арқылы атмосфераға зиянды қалдықтардың таралуын төмендету бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырады.
22 желтоқсан 2018 ж. 1 345 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930