» » ҚАЗАҚСТАН – ӘРБІР АЗАМАТЫН ҚОРҒАЙ АЛАТЫН МЕМЛЕКЕТ

ҚАЗАҚСТАН – ӘРБІР АЗАМАТЫН ҚОРҒАЙ АЛАТЫН МЕМЛЕКЕТ

Жақында “Жусан” операциясы арқылы Сирия­да сергелдеңге түскен отандас­тарымыз елге оралды. Бұл оқиғаны тұрғындар қуанышпен қабылдады. Тіпті, төрткүл дүние Қазақстан деген мемлекеттің әрбір азаматын қорғай алатын, қауқарлы ел екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.
Сирияда соғыс басталғалы бері 8 жылдай уақыт өтті. Бұл кезең ішінде мемлекеттің жағдайы нашарлап, халқы босып кетті. Осындай оқиғалар орын алып жатқан кезде Шам еліндегі лаңкестік топтар сырт мемлекеттердің азаматтарын арбап, өз торларына түсіріп жатты. Өкінішке орай, «жиһад» іздеп барған­дардың қатарында отандастарымыз да бар. Ал, оларды елге қайтару жұмыстары бір сәтке де тоқтаған емес. Елбасының тапсырмасымен қолға алынған жүйелі шаралар нәтижесін беріп, талай азаматымыз теріс пиғылды ағым­дардың арбауынан құтқарылды. Біз ма­қаланың бастауында айтып өткен «Жусан» операциясы да осы бағытта жүргізілген кезекті шара болып табылады.
Республикалық “Егемен Қазақстан” газе­ті­не Абай Асанкелдіұлының 10 қаңтар күні жарияланған “Шам шырғалаңы” деп аталатын мақаласында бұл оқиға егжей-тегжейлі баяндалады. Онда Ақтау əуежайынан ұшқан əскерилер мен құтқарушылар 47 адамды елге əкелгені айтылған. Олардың 11-і əйел болса, 30-ы бала. Балалардың қатарында 1-5 жас аралығындағы сəбилер көп. Аталған оқиғаға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы мəлімдеме жасады.

– Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Осындай ауыр жағдайға ұшыраған бұл кінәсіз жандардың қуанышында шек жоқ. Олар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмек алады. Атқарылған жұмыс мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ел Президенті «Қазақстан өз азаматтарына қай жерде жүргеніне қарамастан əрдайым қолдау көрсетеді», – деп атап өтті.
Тәуелсіздіктің туы желбіреген ширек ғасыр­дан астам уақытта Қазақстан орасан зор жетістіктерге қол жеткізді.
Әрине, бұлардың қатарында Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Астананың орны ерекше. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сарабдал саясатының бірден-бір жемісі – Семей полигонының жабылуы. Тоқ­саныншы жылдардың басында ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдерістің жаңа кезеңі басталды. Ядролық қауіпсіздік біздің мемлекет үшін сыртқы және ішкі саясатта негізгі бағыттардың бірі болып қала бермек. Елбасы саясатының арқасында тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанды. Ал, өткен жылдың басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Дональд Трамптың шақыртуымен ресми сапармен АҚШ-қа барды. Қазақстан Президенті 2018 жылы Ақ үйге барған алғашқы қонақ болып отыр. Осының өзі еліміздің әлем алдындағы абыройын көрсетеді. Төрткүл дүние көз тіккен айтулы шара – ЭКСПО-ны өткізген Қазақстан рухани жаңғыруға ден қойған ел ретінде өзін әлемге мойындатып үлгерді. Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміз адам танымас­тай өзгерді. Орталық Азиядағы көшбасшы ел ретінде танылды. Пост кеңестік мемлекеттер арасында да алдыңғы қатардан көрініп келеді. Ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламаның арқасында бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің санатына кірді. Осы жылдар ішінде еліміз жүріп өткен жол әлем назарынан тыс қалған емес. Жалпы, шетелдік ақпарат құралдарында Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет ретінде айтылады. “Жусан” оқиғасынан кейін Қазақстан өзін әлемге әскери қуаты дамыған ел ретінде де әйгіледі. Елбасының бұл оқиғаға қатысты мәлімдемесі күллі Қазақстан халқына жігер берді. Ең бастысы, ел тұрғындары мемлекет өздерін қорғайтындықтарына тағы бір мәрте көз жеткізді.

Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

15 қаңтар 2019 ж. 628 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930