» » Қазақстан жастары Президент бастамасын қолдау мақсатында жаңа акция бастады

Қазақстан жастары Президент бастамасын қолдау мақсатында жаңа акция бастады

«Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылы ашылу салтанаты кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай барша қазақстандық жастар Елбасының бастамаларына қолдау білдіру қаджет екенін айтып өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Жастар жылының ашылуына орай, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы әлеуметтік желілердегі аватарға арнайы фрейм орнату акциясын бастады.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан жастары жылын ресми түрде ашты. Біздің акция Президент ұсыныстарын қолдауға бағытталған. Жастар жылы - бұл Қазақстан тарихында ұлт Көшбасшысы тарапынан, мемлекет тарапынан жастарды қолдауға жасалған теңдессіз қадам. Сондықтан, біз, жастар, Форумда көтерілген ұсыныстарды толық қолдауымыз керек. Бүгінде жастардың барлығы дерлік әлеуметтік желіде отырады. Сол себепті, әлеуметтік желілерде флешмоб жүргізуді ұйғардық. Бұл - жас көшбасшылар мен жастардың Президент бастамаларын қолдауға арналған жаңа қозғалысы. Бүгінгі акцияны Президенттің 27 жыл бойы жүргізген саясатын жастардың қолдауы деп те түсінген жөн. Сондықтан, мен Қазақстан жастарын Мемлекет басшысының саясатына, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарымызға қолдау білдіруге шақырамын», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай.

syr-media.kz


23 қаңтар 2019 ж. 725 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930