» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ



Өткен аптада Ш.Ермағанбетова атындағы №246 мектепте Жалағаш ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар өткізілді. Семинарды Жалағаш ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Баян Ибраева ашып, жүргізіп отырды.
- Аталмыш семинардың мемлекеттік қызметшілер үшін маңызы зор. Олар бұл семинардан мемлекеттік қызмет жүйесін сапалық биік деңгейге көтеру және қызмет барысында өзара тиімді қарым-қатынас орнату, сонымен қатар бос лауазымдарға орналасуға өткізілетін конкурстар «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы білетін болады,-деді Баян Тұрмағанбетқызы.
Семинарда «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Ақмарал Тұрабаева, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Аяғанова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Бақытжан Нұралы хабарлама жасап, қазіргі замандағы мемлекеттік қызметтің дамуындағы жаңа үрдістерге, өзгерістерге тоқталып өтті.
01 ақпан 2019 ж. 811 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930