» » Жарқын болашаққа – жаңа қадам

Жарқын болашаққа – жаңа қадам

Тәуелсіздік алған жиырма жеті жылдың ішінде экономикасы өркендеген, рухани дүниесі берік орныққан, саяси бағдары айқындалған, әлемдік демократиялық жолмен дамып келе жатқан жасампаз мемлекеттің іргесін қаладық.Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін.
          Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан «Бағалау» сөзі мен оқушылар үшін маңызды. Кез –келген оқушы алған бағасының әділ болғанын қалайды. Өзімізге белгіліоқушылардың оқу жетістіктерін дұрыс бағаламаудың салдарынан бала психикасына жазылмас жара салған ұстаздар қаншама. Еліміз егемендік алып дамыған, руханиятты елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары кваливикациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Казіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселе. Онын шешу үшін білім мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді  пайдалана білу керек. Озық ойлы әдіс-тәсілдерді қаңтар айының 29- жұлдызында «Оқытудағы оқу жетістіктерін бағалау түрлерін енгізудегі бастауыш сынып мұғалімдерінің орны» атты №116 орта мектебінде бастауыш сынып аралығында өткізілген, аудандық семинардан байқауға болады. Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін кретериалды бағалау бойынша әдістемелік көмек көрсету. Жалпы  қатысқандар: Жалағаш аудандық білім бөлімі әдіскерлері мен, бастауыш сынып орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдері. Семинар өте жоғары деңгейде өтіліп , мектеп директоры Н.Бақбергенов  ұстаздарға шығармашылық табыс, отбасына береке бірлік тілей отырып, өз алғысын білдірді.

Айнұр Асқарбай,
№116 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі.
01 ақпан 2019 ж. 1 255 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930