Қызылорда облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
2018 жылғы облыс дамуының негізгі бағыттары 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына, сонымен қатар, ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес қабылданған 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарында белгіленді.
Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарының негізгі мақсаты жаппай кәсіпкерлікті дамыту болып табылды.
Бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарына 302 іс-шара еніп, оның 80 пайыздан астамы толық орындалды. Ал, жүзеге асуы ұзақ мерзімді және тұрақты сипатқа ие іс-шаралар 2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспары шеңберінде жалғасады.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын және олардың нәтижесі жергілікті атқарушы органдардың тікелей ұйымдастыру жұмысынан айқындалатын көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасты.
Әсіресе, 2018 жыл бойы ауыл шаруашылығында, тұрғын үйлер салуда, аймаққа инвестициялар тартуда және де құрылыс жұмыстарын жүргізуде оң тенденциялар қалыптасты.
Экономиканың салаларында жыл ішінде 13384 жұмыс орны құрылды, оның 10771-і тұрақты. Нәтижесінде жұмыссыздықты 4,8 пайыз шегінде ұстап тұруға мүмкін болды (ҚР – 4,8 пайыз).
Тұтыну бағалар индексі жыл бойы ҚР-ның Ұлттық Банк белгілеген инфляция дәлізі шегінде сақталып отырды. 2018 жылдың қорытындысымен ол 105,6%-ды құрады. Оның ішінде азық-түлік тауарларының баға индексі 104,9%, азық-түлік емес тауарларының баға индексі – 106,6%, ал ақылы қызметтер –105,5%.
2018 жылы облыс бюджеті 248,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте облыс бюджеті айқын әлеуметтік бағыт алып, әлеуметтік салаға 134,0 млрд. теңге бағытталған.
Мемлекеттік бюджетке 135,8 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер аударылып, болжам 102,0 пайыз орындалды.
42 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 30-ы пайдалануға берілді (білім – 8 мектеп, 7 балабақша, 2 денсаулық сақтау нысаны, 2 клуб, 1 музей, 7 спорт нысаны, 1 ішкі істер органдары нысаны, 1 әкімшілік ғимараты, 1 ракета-техникасы музейі). Қалған 12 нысан 2019 жылға өтпелі.
2018 жылы 1790 пәтерге арналған 70 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1222 пәтерге арналған 56 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Облыс және аудан орталықтарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жалғасты. Бұл мақсаттарға республикалық және облыстық бюджеттерден 7,9 млрд.теңге бөлініп, 473,2 шақырым инженерлік желілер салынды.
Экономиканы
индустрияландыру
2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 930,4 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 6,9%-ке төмендеді. Бұл жекелеген мұнай скважиналарының сулануына орай мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты. 2018 жылы мұнай өндіру көлемі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 420,5 мың тоннаға төмендеді (нақты көлем индексі – 93,8 %).
Облыс әкімдігі өңір экономикасының мұнай мен уранға тәуелділігін ескеріп, 2018 жыл бойы Үкімет деңгейінде экспортқа шығарылатын мұнай көлемін ұлғайту, газға әділ баға қою және жаңа кеніштерді игеру мәселелерін шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізді. Қазіргі таңда, бұл мәселелер орталық атқарушы органдардың қарауында. Осыған байланысты, облыс көлемінде экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мен дамыту бағытындағы жұмыстар жалғастырылды.
Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында құны 512 млрд. теңгеден асатын, іске қосылғанда 5,4 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 25 жоба (2015-2018 жылдары іске қосылғаны – 7) іске асырылуда.
Оның ішінде 2018 жылы құрылыс индустриясы саласында 2 өндіріс орны іске қосылды:
-Жаңақорған ауданында қуаттылығы жылына 75 мың тонналық әк шығаратын зауыты, қазірдің өзінде өнімін облыс ішінде ғана емес, республиканың басқа өңірлеріне шығаруда;
- Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жалпыұлттық Телекөпір аясында Шиелі ауданында тампонажды цемент өндіретін облыстағы алғашқы кәсіпорын мерзімінен бұрын ашылды.
Кәсіпорында Қытай Халық Республикасындағы жұмыс жасап тұрған зауыттарында тәжірибеден өткен жергілікті кадрлар жұмыс жасауда. Қазіргі таңда, кәсіпорын цемент өндіруде негізгі компонент болатын клинкердің алғашқы партиясын шығарды. Зауыт өнімі құрылыс индустриясында ғана емес, сондай-ақ, мұнай-газ, атом өнеркәсібі саласында да қолданылатын болады.
Өңірімізде басқа да ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Чайна Триумф» қытайлық компаниясының қатысуымен шыны зауытының құрылыс жұмыстары жалғастырылды. Жоба әріптестері арасында туындаған өзекті мәселелерге байланысты зауыттың іске қосылу мерзімі кейінге шегерілді. Нәтижесінде аталған компания 2019 жылы жазда зауытты іске қосуды өз жауапкершілігіне алып, бүгінгі күні қалайы балқыту ваннасы мен қыздыру пешінің монтаждау схемасын қайта жобалаумен айналысуда.
Жобаның екінші кезеңі ретінде қытай компаниясы ультражұқа шыны шығару зауытына инвестор болуға ниет білдіруде. Жобалау жұмыстары аяқталуда.
«Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінде инженерлік инфрақұрылым жеткізу жұмыстары (техникалық және шаруашылық ауыз су құбыры, сыртқы электрэнергиясымен жабдықтау, Жаңақорған су тартқышын электрмен жабдықтау) жалғасты. Жобаның қаржыландыру мәселесі шешілді, кен байыту комбинаты құрылысын жүргізушісі болып неміс компаниясы «Доберсек» анықталды.
Сонымен қатар, Аралдағы кальциленген сода өндіру зауытының жобалауы аяқталды, капсуласы қаланды, қуаттылығы жылына 1500 тонналық құс фабрикасының және балықты тереңінен өңдеу өндірісінің құрылыстары жалғасты.
«Баласауыскандық» ванадий кенішінен Ұлыбритания мен Ресейге 218 тонна метованадат аммоний өнімі экспортталды. Экспортқа шығарылған өнім көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 70 пайызға артты (2017ж. – 128,5 тонна).
Жалпы алғанда, экспортқа шығарылған өнім көлемі натуралды түрде 27,7%-ға, ал өндірілген өнім көлемі 32%-ға өсті. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің ішінде Индустрияландыру картасы жобаларымен өндірген өнімінің үлесі 20,6%-і құрады (2017ж – 16,7%).
Мемлекет Басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – инвестициялық жобаларды іске асыруға шетелдік инвестицияларды және трансұлттық компанияларды тарту болып табылады.
Инвестиция тарту бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып, 2019 жылға іс-шаралар жоспары бекітілді. Инвестициялық жобалардың туындаған мәселелерін шешумен айналысатын облыс әкімі жанында инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңес жұмыс жасады.
Өңірімізде өткізілген инвестиция тарту бағытындағы басты іс-шараның бірі – «Жасыл экономика – өңір дамуының жаңа бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған Х «Baikonyr Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форум жұмысына әлемнің 15 елінің өкілдері қатысты. Мысалға, «Rino Asia» түрік компаниясымен облыс аумағында керамикалық бұйымдар өндірісі жобасын іске асыру бойынша Келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, экономиканың басқа да салаларында жеке инвесторлармен 14 меморандумға қол қойылды (8 меморандум жаңартылмалы энергия көздері және 6 меморандум басқа салалар бойынша).
Сондай-ақ, әлемнің 4 елінің (ҚХР, Украина, Ресей, Белоруссия) өкілдерінің қатысуымен «Цифрландыру: Өңірлерді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ІІІ Халықаралық интернет-форум өткізіліп, нәтижесімен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 4 меморандумға қол қойылды.
Жалпы алғанда, атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 2018 жылдың қорытындысымен өңірге тартылған инвестиция көлемі 25,5%-ға артып, 325,5 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 37,6%-ға артты (33,3 млрд. теңге),ал сыртқы инвестиция көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артты (98,2 млрд. теңге).
Кәсіпкерлікті
дамыту
Өңірде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың санын қысқартуға ықпал жасау, өңірдің жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін ұлғайту мақсатында 2018-2020 жылдар өңірде Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы жарияланды.
2018 жылы облыс үшін алғашқы басымдылықта жаппай кәсіпкерлікті дамыту болды.
Аталған бағытта 2018 жылдың ақпан айында арнайы кешенді Жол картасы әзірленіп, әртүрлі қаржы көздерінен 32 млрд. теңгеден астам қаржы тартылды. Оның ішінде шағын несиелендіру үшін 4,6 млрд. теңге, екінші деңгейлі банктер арқылы тұрақты бизнестерге 14,2 млрд. теңге, қайтарымсыз гранттар беру бағытына 200 млн. теңге бағытталды.
Жол картасын іске асыруда басты назар кәсіпкерлерді қаржылай қолдауға, оның ішінде ауылдық елді мекендерде шағын несиелер берудің географиясын кеңейтуге аударылды.
2018 жылы облыс бойынша 1300-ден астам шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 4,3 млрд. теңгеден астам шағын несиелер беріліп, 2017 жылмен салыстырғанда оның көлемі 2 есеге ұлғайды.
Тұрақты бизнестерді қолдау бағытында іске асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау үшін жалпы құны 9,8 млрд. теңгені құрайтын 153 жоба мақұлданса, ал мемлекеттің ішінара кепілдігі жалпы құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 65 жобасына табысталды.
Бағдарлама аясындағы қайтарымсыз грант қаражаттары шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жаңашыл болып танылған 224 жобасына ұсынылды.
2018 жылы облыс бойынша кәсіпкерлікпен айналысуға қызығушылық білдірген 3000-ға жуық жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік сауаттылықтарын ашты.
Жол картасы аясында қайтарымсыз гранттар, шағын несиелер мен типтік бизнес-жоспарларға несиелер алудың қадамдық іс-әрекеттері әзірленіп, жобаларды сүйемелдеу үшін әрбір ауылдық округке облыстық деңгейде жауапты лауазымды тұлғалар бекітілген.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен «бір терезе» қағидатымен облыс кәсіпкерлеріне 6 070 қызмет көрсетіліп, оның ішінде 1458 техникалық шарттар берілді.
Сонымен бірге, 2018 жылдың басынан бері облыста 54 аукцион өткізіліп, нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілеріне 649 жер телімі табысталды.
Кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2018 жылы облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 087 бірлікке ұлғайып, жыл қорытындысымен 51 078 субъектіні құрады. Ал жұмыс жасайтын субъектілердің саны 2018 жылдың қорытындысымен 4892 бірлікке ұлғайып, 42 342 бірлікті құрады.
Осы ретте, тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің ішіндегі жұмыс жасайтындардың үлесі 82,9 пайызды құрады.
Сонымен бірге, шағын және орта бизнесте 90001 адам жұмыспен қамтылып, 250,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2018 жылдың 9 айының қорытындысымен). Облыстың жалпыөңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2018 жылдың қорытындысымен 15% болады деп күтілуде.
2018 жылы кәсіпкерлік саласындағы жүргізілген оң нәтижелі жұмыстардың қорытындысымен Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевқа «Ең үздік бизнес ортаны құрғаны үшін» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын табыстады.
Сауда
2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында бөлшек сауда көлемі 260,3 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 101,3%.
Жаңғыртуға жататын сауда базарларын анықтау мақсатында облыстың барлық сауда базарларына инвентаризация жүргізілді.
Жүргізілген инвентаризацияға сәйкес қазіргі уақытта 3 сауда базарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде («Асбол» базары, «Сыбаға» базары, «Сұлтан» базары). Сонымен қатар, 4 интернет дүкені ашылып, жұмыс жасауда (Шиелі ауданында автобөлшектерді сату; Қазалы ауданында әртүрлі санаттағы тауарларды сату; Сырдария ауданында құрылыс материалдарын сату; Қармақшы ауданында электрондық тауарларды сату).
Бұдан басқа, 2018 жылы кәсіпкерлердің интернет коммерция саласындағы 4 жобаға қайтарымсыз гранттар берілді (2 интернет дүкен, «Bazar24» онлайн базар жобасы және қонақ үйлер мен мейрамханаларды онлайн брондау жүйесін құру бойынша жоба).
Сондай-ақ, саудамен айналысатын кәсіпорындарды тауарларды қолма-қол ақшасыз төлеу тәсіліне ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық банкінің ресми деректері бойынша облыста 2018 жылдың 1 желтоқсанына POS-терминалдардың саны 1 751 бірлікті құрады.
Сонымен қатар, электронды сауданы дамыту жөнінде 19 оқыту өткізіліп, 1000-нан аса кәсіпкер қамтылды.
Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 193,7 мың транзакция құрап 2539,3 млн.теңге болды (тиісінше 58,8% - ға және 52,4% - ға өсті).
2018 жылдың қараша айында Қызылорда қаласында «Сауда Үздігі – 2018» республикалық байқауы өткізілді. Байқауға 100-ден астам қатысушы қатысты.
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде сауда саласын мемлекеттік қолдауға 2018 жылы 525,7 млн. теңге бөлінді.
2018 жылы «Small» сауда маркетімен өңірдегі ең ірі супермаркет «Магнум» орналасқан «Арай Сити Мол» сауда ойын-сауық орталығы пайдалануға берілді.
Туризм
Өңірде туризмді дамыту аясында 2018-2020 жылдарға арналған аймағымыздың туристік саласын дамыту бойынша 2018 жылы өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, «Қызылорда облысында туризмді дамыту Тұжырымдамасы» әзірленді.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында жол бойы сервистік нысандарын дамыту жалғасып, олардың құрылысына 44 нүкте белгіленді. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 5,7 млрд. теңге болатын 25 нысан пайдалануға беріліп, 690 тұрақты жұмыс орны құрылды.
2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының туристендіру Картасына 3 туристік нысан енгізілді («Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы, «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы). Қазіргі таңда Жаңақорған ауданында жалпы құны 850 млн. теңгені құрайтын, 88 орындық емдік-шипажайдың құрылыс-монтаждық жұмыстары жүргізілуде.
Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмнің дамуы үлгісінде «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында «Байқоңыр» туристік ойын-сауық аймағын құру Тұжырымдамасы әзірленді.
Бүгінгі күні «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойынан Қармақшы ауданынан жер телімі белгіленіп («Байқоңыр» қаласынан 10 шақырымда), «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру үшін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысының тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында өңіріміздің делегациясы 18-ші Халықаралық Қазақстандық «Туризм және саяхат» көрмесіне (KITF-2018) және 15-ші Халықаралық Қазақстандық «Astana Leisure 2018» көрмесіне қатысты.
Облыс жасөспірімдері мен жастары арасында бұқаралық туризмді дамыту, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, туризм тәсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың шілдесінде Жаңақорған ауданында «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас туристердің облыстық слеті және 2018 жылдың қыркүйегінде «Arai Sunrise» тынығу лагерінде Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шара өткізілді («Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында).
Сонымен қатар, қолөнерді насихаттау және дамыту аясында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай облыста алғаш рет «Kilem-Fest 2018» көрме-фестивалі өткізілді.
Өңіріміздің оң имиджін қалыптастыру мақсатында 3 тілде «Туристік көрікті жерлер» атты туристік каталогы және «Қызылорда облысының туристік нысандары» жол сілтемесі әзірленді.
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы
Агроөнеркәсіп кешенінде негізгі басымдық ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді және оның экспортын ұлғайту, жоғары рентабельді және суды аз пайдаланатын ауыл шаруашылығы дақылдарының үлесін арттыру болып табылады.
2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында 97,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 1,6%-ды құрады.
Есепті кезеңде 36,3 мың тонна ет (тірі салмақта), 86,4 мың тонна сүт, 8,3 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,4%-ға, сүт 1,9%-ға, жұмыртқа 23,8%-ға артты.
2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басы 4,6%-ға, жылқы 13,2%-ға, түйе 7,9%-ға, құс 12,7%-ға, қой мен ешкі 4,4%-ға көбейген.
2018 жылы ауыл шаруашылығы секторын мемлекеттік қолдауға 10,8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға жоғары.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының 2018 жылдың желтоқсандағы индексі 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 104,9%-ды құрады.
Егін шаруашылығында
2018 жылы облыста 184,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себілді. Оның ішінде, 94,8 мың гектар дәнді дақылдар, 10,3 мың га майлы дақылдар, 61,5 мың га мал азықтық дақылдар, 17,4 мың га бақша, көкөніс, картоп. Негізгі дақыл күріш алқабы 86,8 мың га құрады.
Егілген күздік бидайдан 7483 тонна, жаздық бидайдан 2695 тонна, арпадан 368 тонна, дәндік жүгеріден 3849 тонна, тарыдан 1766 тонна өнім алынды. Дәнді дақылдардың жалпы жиыны 489 583 тоннаны құрады.
Сондай-ақ, 75 412 тонна картоп, 110 013 тонна көкөніс, 179 281 тонна бақша дақылдары жиналды. Майлы дақылдар бойынша: 8 317 тонна мақсары және 179 тонна күнбағыс.
Егін шаруашылығын субсидиялауға, әсіресе, басым дақылдарға – 1 374,2 млн. теңге, гербицидтерге – 491,0 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға – 387,9 млн. теңге, минералды тыңайтқыштарға – 1 818,5 млн. теңге және суару суын жеткізіп беру қызметі үшін 449,8 млн. теңге бөлінді.
Егіншілік саласы бойынша Шиелі («Бағбан Аширов» ШҚ), Жаңақорған («Нұрбол и К» ШҚ), Қармақшы («Жаңажол» ЖШС) және Жалағаш («Таң ЛТД» ЖШС) аудандарында 4 күрішті қайта өңдеуші зауыт іске қосылды.
Облыс орталығы Қызылорда қаласында аумағы 2 гектар болатын автоматтандырылған жылыжай кешені ашылды («КазАгроМир» ЖШС).
Жалағаш ауданында оазистік суару жобасы жүзеге асырылды («Манах баба» ШҚ).
Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын және экспорттық әлеуетін ұлғайту аясында 2018 жылы Қытайға алғаш рет 48,2 тонна мақсары майы экспортталды.
Мал шаруашылығында
Мал шаруашылығы саласының дамуында оң үрдіс байқалады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылдың қорытындысымен облыста 324,0 мың бас ірі қара мал, 612,8 мың бас қой мен ешкі, 136,4 мың бас жылқы, 45,7 мың бас түйе және 127,1 мың бас құс тіркелген.
Ірі қара мал басы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға, қой мен ешкі басы 4,4%-ға жылқы 13,2%-ға, түйе 7,9%-ға, құс 12,7%-ға, артқан.
2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет 3,4%-ға, сүт 1,9%-ға, жұмыртқа 23,8%-ға артық өндірілген.
Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдері сапасы мен өнімділігін жоғарылатуды субсидиялауға 2018 жылы жергілікті бюджеттен 2 248,8 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Атап айтқанда, 1690 бас асыл тұқымды ірі қара мал, 12 984 бас қой, 389 бас жылқы сатып алу, 10 429 бас асылтұқымды малды қолдан ұрықтандыру, сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін жоғарылату бағытындағы 1 616 бас бұқа сойысқа жіберілді, 79 тонна жылқы еті, 36 тонна түйе еті, 7 мың тонна сиыр сүті, 31 тонна қымыз, 154 тонна шұбат субсидияланды. Облыс бойынша 2018 жылы 700 шаруашылыққа субсидия төленді.
«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 750 бас шетелдік селекциялы асыл тұқымды ірі қара аналық мал сатып алу жоспарланса, нақты 1312 бас ірі қара мал сатып алынды.
12 000 бас аналық қой сатып алу жоспарланса, нақты 12 581 бас қой қаржыландырылды.
2018 жылы тұрғындарды ет және ет өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Шиелі ауданында «1000 бас ірі қара малын бордақылау алаңын қалыптастыру», «Сырдария ауданында бордақылау алаңы, мал сою пункті мен ет комбинатын құру», «Жалағаш ауданында 200 бас асылтұқымды ірі қара мал репродукторын, қуаттылығы тәулігіне 10 бас мал сою пункті және етті қайта өңдеу кешенін құру», «Жаңақорған ауданында 300 бас ірі қара мал асылтұқымды репродукторын, қуаттылығы тәулігіне 10 бас мал сою пункті құрылысын және құру» жобалары жүзеге асырылды.
Облыс орталығы Қызылорда қаласында қуаттылығы тәулігіне 1 тонна құрайтын шұжық өндірісі («Акмар и К» ЖШС) және қуаттылығы тәулігіне 1 тонна құрайтын сүт өндірісі («Абай» ШҚ) ашылды.
2018 жылы ет бағытында Өзбекстан Республикасына 147 бас түйе, 100 бас ірі қара мал (43,8 тонна), Біріккен Араб Әмірлігіне 69 бас тірі салмақта түйе экспортталды.
Сонымен қатар, Иран Ислам Республикасына 7991 бас қой және Ресей Федерациясына 200 бас қой экспортталды.
Ауыл шаруашылығы
кооперациясы
Қызылорда облысы бойынша 2688 қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен 106 кооператив құрылды. Оның ішінде, 2018 жылы 253 қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен 19 кооператив құрылды.
Нәтижесінде, 16 133 бас ірі қара малын бордақылайтын 801 отбасылық бордақылау алаңдары және 3928 бас асыл тұқымды мал басын ұстайтын 385 шағын сүт фермасы құрылды.
2018 жылы жеңілдетілген несиелендіру бойынша 5 кооператив 55,2 млн. теңгеге қаржыландырылып, 167 бас ірі қара мал, 14 200 бас құс сатып алынды.
Оның ішінде, құс шаруашылығын дамыту мақсатымен Жаңақорған ауданында пилоттық негізде құрылған «Ақұйық қаратал» кооперативінің 13 мүшесі 33,5 млн. теңге несие алып, 8756 бас үйрек сатып алып, өндірісті дамытуды бастады. Қазіргі таңда «Береке» құс шаруашылығында 4 212 бас үйрек бордақыланып, ет бағытында сатылды.
2018 жылдың 3 тоқсанында ауылшаруашылық кооперативтерімен 518 тонна ет, 1115 тонна сүт өнімдері, 279 тонна көкөніс, 245 тонна картоп, 1251 тонна бақша дақылдары, 6 тонна тары, 20 тонна мал азықтық өнімдер және 360 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Азық-түлік тауарларының 2018 жылғы желтоқсанын 2017 жыл желтоқсанымен салыстырғанда тұтыну индексі 104,9%-ды құрады (ҚР – 105,1%).
Бағаны тұрақтандыру және негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыста тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу, тауар интервенцияларын жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында сомасы 245,2 млн. теңге болатын 3086,1 тонна өнім бар.
Жамбыл облысынан аймаққа 200 тонна жуа, 100 тонна сәбіз жеткізілді. Қостанай қаласынан 518,2 тонна картоп жеткізілді.
2018 жыл басынан бері тұрақтандыру қорынан құны 153,2 млн. теңгенің 1500,8 тонна өнімі сатылды, оның ішінде аудандарда орналасқан әлеуметтік дүкендер арқылы сомасы 16,8 млн. теңге болатын 136,6 тонна өнім сатылды.
«Мирас» сауда үйі арқылы тауар интервенциясын жүргізу жұмыстары жалғасуда. 2018 жылы осы сауда үйі арқылы облысқа 5720 тонна өнім жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20%-ға төмен сатылды.
2018 жылы 61 жәрмеңке өткізіліп, 4376,4 тонна өнім сатылды.
Ветеринария
Өңірде тұрақты эпизоотиялық ахуалды сақтау мақсатында аса қауіпті жұқпалы 13 түрлі ауруға қарсы республикалық бюджет есебінен бөлінген 5190,4 мың доза және 6 түрлі энзоотиялық ауруға қарсы облыстық бюджеттен сатып алынған 641,0 мың доза ветеринариялық препараттар облысқа уақытылы жеткізіліп, вакцинация жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес, толық 100 пайызға орындалды.
Диагностикалық тексеру нәтижесінде 57 бас мүйізді ірі қара, 190 бас уақ мал, барлығы 247 бас мал сарып ауруымен ауырғаны анықталып, олар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылды. Көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 39 пайызға төмендеген.
Ауыл шаруашылығы жануарларының қозғалысы аса бақылауда. 2018 жылы «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша 46101 дана ветеринариялық анықтамалар берілді.
Жануарлар мен адамға ортақ құтыру, эхинококкоз ауруларының алдын алу мақсатында 26561 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып, олар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жойылды.
Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның талабына сәйкес барлық елді мекендерде типтік жобадағы мал қорымдары болуы қажет. 2018 жылы облыстық бюджеттен 56,4 млн. теңге қаржы бөлініп, типтік жобадағы 4 мал қорымы (Шиелі – 2, Жаңақорған – 2) салынды. Облыста типтік жобада салынған 75 мал қорымы бар.
Облыста ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес 34 мал сою алаңы, 4 мал сою пункті және 2 мал базары жұмыс жасауда (Қызылорда қаласы мен Шиелі кентінде).
Мемлекет басшысының еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша тапсырмасына сәйкес, облыс аумағынан жануарлар және жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттау бойынша түсіндіру-ағарту жұмыстары жүргізілді және экспортқа шығарылған ауыл шаруашылығы жануарларының карантинге қойылуы қадағаланды.
Цифрландыруға байланысты, ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар туралы толық мәлімет алу мақсатында SMART CITY типтік тұжырымдамасы аясында «Mobi-Vet» мобильдік қосымшасы әзірленуде.
Мобильдік қосымшаның көмегімен ветеринариялық ұйымдардың тұрғындар мен шаруа қожалықтардың арасында дәйекті ақпарат алуда тығыз байланыста жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Экология және
мелиорация
Суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары аясында облыста 158 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу бойынша жалпы құны 164,2 млрд. теңгені құрайтын 3 (үш) жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
- 15 мың га. ПУИД-2 жобасы бойынша (12,5 млрд. теңге);
- 143 мың га. ПУИД-3 жобасы бойынша (138,3 млрд. теңге);
- 29 мың га. суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы (13,4 млрд.теңге).
ПУИД-2 жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның жалпы құны 12,5 млрд. теңге құрайды. Жобаны 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті жұмыстар атқарылатын болады (Жобаны қаржыландыру Дүниежүзілік банк -30%, РБ -70%).
ПУИД-3 жобасына енген су нысандарын құжаттандыруға 2018 жылы 410 млн. теңге бөлініп, су нысандарының жер актілерін әзірлеу жұмыстары аяқталды. 2019 жылға облыстық бюджеттен 362,3 млн. теңге қаржы бөлу жоспарлануда.
29 мың га суармалы жерлерді айналымға қосу жобасына (Азиялық Даму банкі) енген су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру жұмыстарының 98 пайызы (28,4 мың га) аяқталып, республикалық меншікке өткізілді.
Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін кезең-кезеңімен, су шаруашылық нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылы 6 каналды тазалау жұмыстары аяқталды, 3 насос қондырғысы сатып алынды.
Балық
шаруашылығы
2018 жылы балық аулау көлемі 8 186 тоннаны құрады. Ауланған балықтың басым бөлігі өңдеу зауыттарында өңделуде. Қазіргі уақытта облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды.
2018 жылы облыс бойынша 3802,8 тонна балық өнімдері экспортталды, оның ішінде Ресей Федерациясына – 2417,4 тонна, Еуропа елдеріне – 1305,4 тонна (Польша, Голландия, Германия, Литва, Грузия, Украина), Қытай Халық Республикасына – 80 тонна.
Төрт кәсіпорынның Еуропалық Одақ елдеріне өз өнімдерін экспорттауға мүмкіндік беретін «Еврокод» есептік нөмірі бар.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
Облыс аумағында елді мекендер мен ауылшаруашылық жерлерін су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында қажетті шаралар атқарылуда.
2018 жылы 256,1 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 18,2 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттерінің 24 учаскесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қазалы ауданы Абай елді мекеніндегі қалқымалы көпіріне айналмалы жолды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген 196,9 млн. теңгеге 164 елді мекенде көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі облыс бойынша орта есеппен 99,3 пайызды құрады.
Жер ресурстары
2018 жылы жалпы көлемі 397,9 мың гектарды құрайтын жер телімдеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: өнеркәсіп мақсатындағы жерлердің көлемі 179,1 мың га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 160,9 мың га және облыс пен аудан орталықтарының жерлерінің көлемі 57,9 мың га. Жер есебіндегі субъектілер саны мен жер көлемі бойынша анықталған айырмашылықтар нақты жағдайға толығымен сәйкестендірілді.
Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу бойынша 2018 жылы 85,5 мың га жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына алу жоспарланып, 87,3 мың гектар айналымға қосылды.
Соңғы 6 жылда түгендеу жұмыстары үш рет (2011, 2012-2014, 2017) жүргізіліп, нәтижесінде 311,2 мың га жерлер пайдаланылмай отырғандығы анықталды. Оның 273,2 мың га (88%) шаруашылықтардан алынып, мемлекет меншігіне қайтарылды, қалған 38 мың га қайта пайдалануға кірісті.
Ревизия жұмыстарының шеңберінде ауылдық елді мекендердің жергілікті жердегі шекараларын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2018 жылы 5 ауданның 48 елді мекеннің шекарасын белгілеу жөнінде жерге орналастыру жобалары әзірленіп, бекітілді (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған).
Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 1179 жер телімі берілді, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша – 600 жер телімі.
ҚР-ның Ауыл шаруашылығы министрлігінің «QOLDAU» веб-порталына (электрондық карта) 180,8 мың га егіс алқаптары енгізілді.
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жол картасы аясында жер қатынастары саласы бойынша регламенттер (7) әзірленіп бекітілді, онда жер телімін рәсімдеудің мерзімдері қысқартылып, әкімшілік кедергілер алынған және бизнес-процесс оңтайландырылған.
2015-2018 жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ресей Федерациясынан жалға алған жерлерінен жалпы көлемі 11,6 мың гектары қайтарылды. Сонымен қатар, жалға алған жерлерден қосымша 3200 гектарды шығару жұмыстары жүргізілді.
Адами капиталды дамыту
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие
Облыстағы 662 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 59421 бала тәрбиеленуде. 3 пен 6 жастағы балалардың қамтылуы 100%.
Жекеменшік балабақшалардың үлесі барлық балабақшаның 71,8%-ын құрайды.
2018 жылы жергілікті бюджет есебінен 650 орындық 7 балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
2018 жылы жекеменшік балабақша желісі 11 бірлікке көбейді.
Қазіргі таңда 564 балабақшаның 192-сі (34,0 %) бейнебақылау жүйесіне қосылған, оның ішінде мемлекеттік 159 балабақшаның 76-ы, жекеменшік 405 балабақшаның 116-ы.
Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда 6169 педагог маман жұмыс жасайтын болса, оның ішінде жоғары білімді – 3996 (64,8%), арнаулы орта білімді – 2173 (35,2%).
6169 педагог маманның жоғары санаттысы – 209, 1 санаттысы – 917, 2 санаттысы – 1417, санатсыз – 3626.
2018 жылы облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымның 566 педагог маманы біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Қазіргі таңда, 662 мектепке дейінгі білім ұйымдары «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесіне қосылып, жұмыс жасауда.
Жаңартылған мектепке дейінгі білім беру мазмұны бойынша 44 әдістемелік семинар өткізіліп, 2456 тәрбиешіге әдістемелік көмек көрсетілді.
«Мектепке дейінгі үздік ұйым», «Үздік тәрбиеші» «Мектепалды даярлық сыныбының үздік тәрбиешісі» кәсіби байқаулары ұйымдастырылды.
Жаңартылған мектепке дейінгі білім беру мазмұнына сәйкес жоспарлау үлгілері дайындалып, 4200 тәрбиешіге электронды нұсқада таратылды.
Инновациялық «ТРИЗ», «АКТ» (флип-чарт сабақ), «Step by Step» технологияларының жаңашыл әдістемелері бойынша оқыту семинарлары өткізіліп, оларға 170 педагог қатысты.
Сондай-ақ, «Мәңгілік ел идеясы – қазақстандық патриотизм негізі» тақырыбында облыстық фестиваль ұйымдастырылып, фестивальға 100 тәрбиеші қатысты.
Жалпы орта білім
Облыс бойынша 293 мектепте 153502 оқушы білім алуда. Алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 5900 оқушыға көбейген.
2018 жылы 1800 орынға арналған 7 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Облыста үш ауысымда білім беру жойылған. Апаттық деп танылған 2 мектептің мәселесі кезең-кезеңмен шешілуде.
Білім саласын цифрландыру қарқынды түрде жүргізілуде. Облыста 293 мектеп кең жолақты интернетке 100% қосылып, WI-FI–мен қамтамасыз етілген.
Барлық мектептер «Күнделік» электронды жүйесінде жұмыс жасайды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 8096 дана компьютер жаңартылды. Мектептер 156 жаңа модификациялық физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен, 92 робототехника кабинеттерімен жарақтандырылған. Облыстағы 9 Оқушылар үйі «3D-модельдеу» және «Цифрлық білім беру лабораториясы» кабинеттерімен жарақтандырылды. Қызылорда қаласындағы Оқушылар үйі – «IT-iMAQORDA» ресурстық орталығы ретінде ашылды. 23 шағын жинақталған мектептер BilimBook кешенімен қамтамасыз етілді. Инновациялық мектептер арасынан Қызылорда қаласындағы №3 мектеп-лицейі «информатика» бағытындағы тірек мектебі ретінде ІТ-лицей болып құрылып, интерактивті құралдармен қайта жабдықталды.
Білім саласын цифрландыру шараларына облыстық бюджеттен 2018 жылы 1,5 млрд. теңге бөлінді.
2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Осы сынып оқушыларына оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алу үшін жергілікті бюждеттен 1,5 млрд. теңге бөлініп, 13 баспадан 1 393,7 мың дана оқулық алынды.
PISA, TIMSS, PIRLS, IСІLS халықарылық зерттеулеріне 51 мектептен 1500 білім алушы мен 347 мұғалім қатысты. Зерттеу қорытындысы 2019 жылы жарияланады.
2018 жылы халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға 110 оқушы қатысып, оның 46-сы жүлделі орындарды иеленді. Оның ішінде 8-і алтын медаль, 18-і күміс медаль, 20-сы қола медаль алды.
2018 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге облысымыздағы 7113 мектеп бітірушінің 4742-сі (66,6%) қатысты. Қорытындысымен облыста орташа балл 85,8-ді құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 3,4 балға көтерілді (2017 жыл – 82,4 балл).
Бітірушілердің 5027-сі (70,6%) жоғары оқу орындарына, 1836-сы (26,4%) колледждерге түсті.
Жоғары оқу орындарына түскен бітірушілердің 2725-і мемлекеттік грант (54,2%), 200-і облыс әкімінің гранты (4%), 31-і әскери грант (0,6%), 77-сі ректорлық грант (1,5%) есебінен оқуда. 58 бітірушілер Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарына оқуға түсті.
2015 жылы облыс әкімдігі мен Назарбаев зияткерлік мектептері арасындағы меморандум аясында 46 инновациялық мектеп арқылы басқа мектептерге 4 бағыттағы (Функционалдық сауаттылықты дамыту, Үш тілде білім беру, тәрбие саласындағы «Шаңырақ» жобасы, шетелдегі ең үздік оқу орындарына түсуге дайындық ) тәжірибелер таратылуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде облыстың 86% мектеп басшылары «Білім берудегі көшбасшылық» курстарынан өтіп, пән мұғалімдерінің 75% жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілік курстарымен қамтылды.
2018-2019 оқу жылынан бастап пәндерді ағылшын тілінде оқыту элементтері 104 мектепте пилоттық негізде енгізілсе, 46 инновациялық мектептер ағылшын тілін оқытатын пилоттық мектеп болып белгіленді.
Облыс бойынша 20 968 педагог жұмыс жасайды. 2018 жылдан бастап педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа форматы енгізілді. Жаңа формат бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуге 6934 мұғалім қатысты.
Облыс бойынша мектеп интернаттарды қоспағандағы 273 мектепте асханада, 14 мектепте буфетте міндетті оқу қоры есебінен әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан 25 232 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. 29 мектебі жоқ елді мекендегі 150 оқушының 76 мектеп интернаттарында орналасса, 74 бала күнделікті 5 мектеп автобусымен тасымалдануда.
Кәсіптік-техникалық
білім беру
Облыс бойынша 29 техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 21078 студент білім алуда.
Кәсіптік білім беру саласына 2014 жылы бірінші рет дуальды оқыту технологиясына негізделген білім беру жүйесі енгізілді. Қазіргі таңда 24 колледжде 78 мамандық бойынша 3500 студент білім алуда.
2018-2019 оқу жылынан бастап техникалық және кәсіптік білім беретін 25 оқу орнында 48 мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламалары эксперимент ретінде енгізілді.
2016-2018 жылдары 8 оқу орны институционалды және мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті. (М.Мәметова атындағы гуманитарлық жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі, Абылайхан атындағы жоғары колледжі, «Болашақ» медициналық жоғары колледжі, Жас Өркен колледжі).
Техникалық және кәсіптік білім беретін 6 оқу орны жоғары колледж статусын иеленді. (М.Мәметова атындағы гуманитарлық жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, Абылайхан атындағы жоғары колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі)
2018 жылдың сәуір айында халықаралық «WorldSkills» жобасының Ұлттық чемпионатына облыстық іріктеу байқауы 17 жұмысшы кәсібі бойынша өткізіліп, жеңімпаздары Шымкент қаласында өткізілген аймақтық байқауға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
2018-2019 оқу жылына «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы бойынша жастардың жұмысшы мамандығын алуына мүмкіндік беру үшін жергілікті бюджеттен барлығы 3608 орын бөлінді.
Денсаулық сақтау
2018 жыл денсаулық сақтау саласына жаңа белес кезеңі болып отыр.
2016 жылдың 15 қаңтарында ҚР денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына жалпы өлім-жітімнің негізгі себептерінің 52 пайызын құрайтын, демографияға әсер ететін 5 ауру тобы бойынша 2016 жылы 5 Жол картасы әзірленді (инфаркт, инсульт, жарақаттар кезінде көрсетілетін медициналық көмектің, онкологиялық ауруларды басқарудың, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін басқарудың интеграциялық моделін енгізу Жол карталары).
Осыған орай, барлық 5 бағыт бойынша бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетудің бірінші деңгейін 89 профильді кабинеттермен жарақтандыру арқылы науқастың бағытын ескеретін 3 деңгейлі көмек көрсету жүйесі құрылды.
Көмек көрсетудің қалған деңгейінде ауданаралық жарақаттану бөлімшелерін жарақтандыру, аудандық ауруханалардағы төсек-орындарды қайта бейімдеу, ауыр экстрагенитальді аурулармен босанғандар, жарақаттанғандар, инсульт алған науқастарды оңалту мақсатында сауықтыру және қайта қалпына келтіру бөлімшелерін ашу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 71,06-дан (2014ж) 72,6-ға (2017ж) дейін тұрақты жоғарылауы байқалуда.
Соңғы 5 жылда бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың 63 пайызы жаңартылды. 2018 жылы Арал және Қазалы аудандық орталық ауруханалары қолданысқа берілсе, Шиелі аудандық орталық ауруханасының құрылысы жүргізілді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Байқоңыр қаласындағы облыстық медицина орталығының филиалында емхана ашылып, осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының медициналық ұйымдарынан қызмет алып жүрген 24 мыңнан аса Қазақстандық азаматтар тіркелді. Ақай, Төретам елді мекендеріндегі халыққа мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімділігін арттыру мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы елді мекендерде орналасқан медициналық ұйымдар (Ақай ауылдық ауруханасы, Ақай дәрігерлік амбулатория, Төретам ауылдық емханасы) Байқоңыр қаласындағы облыстық медицина орталығының филиалының құрамына берілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылы келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
жалпы өлім көрсеткіші 1,8%-ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 5,44 құрады (2017ж- 5,54);
қан айналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 10,4%-ға төмендеп, 110,6 құрады (2017 ж -123,5);
жазатайым жағдайлар, жарақат және уланудан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 4,6%-ға төмендеп 34,1 құрады (2017ж-35,7);
қатерлі ісіктерден болатын өлім- жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 13,3%- ға төмендеп 61,1 құрады (2017ж-70,5);
қатерлі ісіктерде ерте 1 сатысында анықтау көрсеткіші 17,2%-ға жоғарылап 25,2% құрады (2017ж-21,5);
туберкулезбен аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 9,2%-ға төмендеп, 53,7 құрады (2017ж – 59,2) құрады, ал туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 2,8-ді (2017ж-3,2) құрады.
2018 жылы облыста 2 ана өлімі жағдайы тіркелді, 100 000 тірі туылғанға есептегенде 10,7 құрады (2017 жылы тіркелмеген).
2016 жылдан бастап облыс әкімінің гранты тағайындалып, өңірге қажетті медицина мамандықтары бойынша қазіргі таңда 42 резидент еліміздің 5 жоғары оқу орындарында даярлануда, 30 дәрігерді даярлауға мектеп және медициналық колледж оқушыларының үздіктері іріктеп алынды.
767 маман біліктіліктерін арттырса, 720 дәрігер – шеберлік класстарынан өтті, ал Корея мемлекетінде 2018 жылдың мамыр-маусым айында 7 маман біліктіліктерін арттырса, Қызылорда облысы және Татарстан Республикасы арасындағы екіжақты қатынасты дамыту жөніндегі «Жол картасы» аясында 157 денсаулық сақтау маманы біліктіліктерін арттырды.
2017-2018 жылдары 145 жас маман облыстың денсаулық сақтау саласына тартылып (оның 50 пайызы соңғы 2 жылда), оның 60 пайызы бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына жіберілді, осылайша бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95%-ға жеткізілді.
Бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету деңгейінде көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында аймаққа тіркелген халық санын 2200-ден 1800, 2020 жылға 1500-ге дейін жеткізу мақсатында аймақтарды ұсақтандыру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылдың қаңтарында 23 қосымша аймақ ашылып, 1 аймаққа тіркелген халық саны 2018 жылы 1689-ға жеткізілді.
Цифрландыру аясында денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің сапасын арттыру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні 32 медициналық ұйымдарға медициналық ақпараттық жүйелер енгізіліп, 100%-ға жеткізілді.
Облыс көлеміндегі медициналық ұйымдар интернетпен 85,2% қамтамасыз етілген, оның ішінде қала және аудан деңгейіндегі медициналық ұйымдардың қамтылуы 100%.
Мәдениет және архив саласы
2018 жылы мәдениет және архив саласын дамытуға облыстық бюджеттен 3,2 млрд. теңге бөлініп, игерілді.
Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жыл ішінде 1 халықаралық, 9 республикалық, 29 облыстық конкурстар мен фестивальдар ұйымдастырылды.
Олар «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» атты республикалық ақындар айтысы, «Туған жер», «Отан Ана», «Ақмаңдайлым» атты республикалық конкурстары, «Қорқыт. Қобыз» атты қобызшылар байқауы, Қазақстанның Халық жазушысы Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған «Қаламы қарымды Қалтай» атты халық театрлары мен драма ұжымдарының облыстық байқауы, көрнекті Мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің 120 жылдығына арналған Республикалық жазба ақындар мүшәйрасы және «QYZYLORDA OPEN - 2018» халықаралық балдық билер турнирі бар.
Қорқыт Ата мұраларын зерттеу, насихаттау және ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу бағытындағы жұмыстар нәтижесінде «Қорқыт Ата мұралары» көпұлттық өтінімі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді.
«QAZAQSTAN» ұлттық арнасы ұйымдастырған телевизиялық мега жобасында Қызылордалық жыршы Күнсұлу Түрікпен бас жүлдені иеленді.
Жобалық кеңсе аясында «Өнер арбаты», «Ля-ля-фа» балалар мюзикл студиясы ашылды, «Жастар таңдайды» атты жобасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханада «BOOК кафе» және жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған коворкинг орталығы ашылды.
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Сыр бойы өнері мен мәдениетін насихаттау бағытында облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Ұлыбританияның Лондон қаласындағы мәдени іс-шараларға, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Шотландияның Эдинбург қаласында (Шотландия) өткен «Фриндж» халықаралық фестиваліне қатысты.
«Томирис» би ансамблі Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында өткен шейх Заид атындағы халықаралық мәдени фестивальда өнер көрсетті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Сыр өңірінде алғаш рет тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумы өткізілді, облыстық музейде жас өлкетанушылар бірлестігі құрылды және «Қасиетті Қазақстан және Археология» залы ашылды.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында туризмді сақтау, зерттеу және дамыту мақсатында Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Қышқала, Бәбіш мола қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Сығанақ стеласы орнатылып, Сығанақ қалашығының аумағы толықтай қоршалды.
Қалжан ахун мешіт-медресесі, Мырзабай ахун, Марал ишан кесенелері реставрациядан өтіп, Жаңақорған ауданындағы Өзгент қалашығы мен Төлегетай-Қылышты ата кесенесінің қорғау аймағы белгіленді.
Шиелі ауданындағы Еңбекші, Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылдық клубтары, 1 архив ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, сонымен қатар Сырдария өзенінің сол жағалауынан Қала тарихы музейі мен «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды.
«Өңірлік жобалық кеңсе» аясында Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленіп, 150 ескерткішке QR-код тақтайшалары орнатылды.
Қызылорда қаласында композитор, музыкант Б.Шөкеновтің ескерткіші, Қазалы ауданында Әйтеке би ескерткіші, Жалағаш ауданында Қарақұм көтерілісіне арналған ескерткіш және мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің, Социалистік Еңбек Ері Ұ.Еспановтың, Жаңақорған ауданында халық ақыны М.Көкеновтің бюсттері орнатылды.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінгі күні облыс кітапханаларында 65073 кітап (1 475 601 бет) цифрлы форматқа көшірілсе, «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 22101 сақтау бірлігінің (істердің) 2042 мың парағы сандық жүйеге енгізілді.
Спорт
Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші болып дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесін арттыру табылады.
2018 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесі 28,3 пайызға дейін көтеріліп, 224 382 адамға жетті. Бұқаралық спортты дамыту үшін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында 138 елді мекенде 282 спорт-нұсқаушысы жұмыс жасауда.
Жоғары білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 22 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасауда.
Облыс аумағында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2018 жылы 1 596 іс-шара өткізіліп, оған 450 324 адам қатысты.
Атап айтқанда, 8 мыңнан астам оқушының қатысуымен «Нашақорлыққа жол – ЖОҚ!» Бәрің де жарысқа!» атты көңілді эстафета, ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту мақсатында қазақ күресінен «Алтын белбеу» турниріне 6 мыңнан аса спортшы қатысты. Сондай-ақ, халықты салауатты өмір сүруге және спортқа тарту мақсатында әртүрлі деңгейдегі спартакиадалар, кешенді жарыстар, облыстық және республикалық турнирлер ұйымдастырылды.
Cондай-ақ, футболды дамыту мақсатында алтыншы жыл қатарынан қала мен аудандарда 5 ай бойы (мамыр-қыркүйек) әр аптаның сенбі күндері футболдан облыстық чемпионат өткізілуде. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мамыр-қазан айлары аралығында шағын-футбол лигасы ұйымдастырылып, шараға 41 командадан 615 жас қатысты. Сонымен қатар, дәстүрлі бұқаралық веломарафон және жүгіру маусымы жалғасуда.
2018 жылы Мемлекет басшысы бекіткен тестілеуге 208 347 облыс тұрғыны қатысып, 264 адам Президенттік деңгейді, 4 054 адам Ұлттық деңгейді және 41 580 адам Бастапқы деңгей нормативтерін орындады.
Дене шынықтыру және спортты дамыту саласында өз күштерін біріктіру мақсатында 41 спорт федерациясымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спорт түрлерінен қолдау мақсатында 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, оған 65,5 млн. теңге бөлінді. Жобаның басты міндеті – мүмкіндігі шектеулі жандарды толыққанды қоғам өміріне қатыстыру және оларды дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды жүзеге асыру. Жоба аясында 24 жаттықтырушы бірлігі 11 спорт түрі бойынша (отырып ойнау волейболы, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, үстел теннисі, шағын футбол, пауэрлифтинг, парадзюдо, арбадағы би) 316 мүмкіндігі шектеулі азаматты жаттықтырады.
Нәтижесінде, Джакарта қаласында (Индонезия) мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен III Паразиада ойындарында парадзюдошы А.Тұрымбетов 2-орын иемденсе, отырып волейбол ойнаудан ұлттық құрама сапында Э.Қасқабаев, Ш.Медеуов және А.Манабаев 3-орын иеленді.
Спортшыларымыз 2018 жылы ҚР чемпионаттарында 1343 медаль (441 алтын, 421 күміс, 481 қола) жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 131 медаль (47 алтын, 43 күміс, 41 қола) жеңіп алды.
Спортшылардың 8-і «ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 62-сі «ҚР-ның спорт шебері», 1 073-і «Спорт шеберлігіне үміткер», 307-сі «1-ші cпорттық разряд» нормативін орындаса, облыстың 470 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.
Есепті кезеңде спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының 15 чемпионаты (волейбол, ауыр атлетика, қоян-қолтық ұрыс, самбо, каратэ, шайбалы хоккей, велоспорт, әмбебап жекпе-жек, әскери крос, спорттық би, волейбол (ерлер), ушу саньда, бокс, волейбол (жасөспірімдер), көгалдағы хоккей), 5 халықаралық және 35 республикалық турнир өткізілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, Д.Бахрадин Буэнос-Айрес қаласында (Аргентина) Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында байдарка мен каноэде есуден чемпион атанса, Халкидики қаласында (Греция) шахматтан жасөспірімдер арасында Ә.Серікбай Әлем чемпионы атанды.
Будапешт қаласында (Венгрия) Әлем чемпионатында грек-рим күресінен А.Сұлтанғали мен Джакарта қаласында (Индонезия) өткен Жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэде есуден М.Медетов қола жүлделерге ие болды.
«Қайсар» футбол командасы Премьер-Лига ҚР Чемпионатында 5-орынды иеленді.
2018 жылы облыстық бюджеттен 7 елді мекенде (Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдары және Сексеуіл, Төретам кенттері) спорт кешендері пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Мұз айдыны» спорт кешенінде ашық жүзу бассейні салынды. Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту басталды.
2018 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Жалағаш ауданында Таң ауылдық округінде, Жаңақорған ауданының Жаңақорған кенті мен Сүттіқұдық ауылдық округінде, Шиелі ауданында Бестам, Төңкеріс ауылдық округтерінде денешынықтыру-сауықтыру кешендерін жалға алу бойынша облыста 5 жоба іске асырылды.
Жастар саясаты
Жастар арасындағы әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңімен шешу, белсенді, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықтарды қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысында жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі жол картасын жүзеге асыру жалғасты.
Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 519 млн. теңге бөлінді. Жастар саясаты саласында барлығы 37 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
2018 жылы «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырып жатқан «Жастар корпусын дамыту» («Zhas Рroject») жобалары облыста жүзеге асырылды. Облыс әкімдігі мен «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арасындағы келісімге сәйкес Қорға 150-ден астам әлеуметтік маңызы бар жоба ұсынылды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2018 жылы жастардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған 6 нысан салынды. Әр нысанның құны 60 млн. теңгені құрайды, оның ішінде Қызылорда қаласында 2 спорттық алаң (Титов м/а (футбол алаңы), «Жастар үйінің» ауласы (ойын және спорттық жаттығу алаңы)), Сексеуіл кентінде 1 спорттық алаң, Шиелі ауданының Шиелі кентінде 1 спорттық алаң және Жаңақорған ауданында 2 спорттық алаң (Жаңақорған кенті, Шалқия а/о).
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Жастар корпусын дамыту» (Zhas Рroject) жобасы еліміздің 6 облысында (Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда) жүзеге асырылды. Конкурстардан өткен әр жобаға 1,0 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз грант бөлінді.
Облыс бойынша жергілікті әкімдіктер мен жастар ресурстық орталықтарының үйлестіруімен техникалық іріктеу кезеңіне жастардың 671 жобасы ұсынылып, 262 жоба (әр жоба 1 млн. теңгеден) қолдау тапты. Жоба аясында жұмыс істемейтін және оқымайтын немесе жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінен тыс қалып отырған 900-ден аса аймақ жастары 6 ай көлемінде шәкіртақы негізінде жалақы (40-60 мың теңге) ала отырып жұмыс жасады.
Жастар мен жастар ұйымдарын қолдау, дамыту үшін Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанында жастар ресурстық орталықтары жұмыс жасайды.
Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында «Жастарға қызмет көрсету орталығы» құрылысы жалғасуда. 2019 жылы орталық қызметі «бір терезе» қағидатының талаптары негізінде, жастарға бір орыннан коворкинг қызметтері мен түрлі қолдау шаралары ұсынылатын болады.
Орталықта жастардың бос уақыттарын ұйымдастыратын продюсерлік орталық, жаттығу залы, кафе, интернет кітапхана, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бөлмелер, медициналық, психологиялық кеңес беру бөлмелері, шеберханалар, тіл оқыту орталығы, ІТ-парк қызмет көрсететін болады.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2018 жылдың 12 айында облыс көлемінде 7237 қылмыс тіркеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға төмендеді (2017 ж.– 7887).
Сонымен бірге, қоғамдық орындарда (-1,0%, 1880-нен 1862-ге), көшелерде (-10,4%, 1145-тен 1026-ға), мас күйінде (-6,6%, 485-тен 453-ке) топтасып жасалған қылмыстар (-1,7%, 476-дан 468-ге), бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар (-4,7%, 1040-тан 991-ге), атыс қаруымен жасалған қылмыс саны (-13,8%, 29-дан 25-ке) азайды.
Қазіргі таңда 10 мың халыққа шаққандағы қылмыстылық деңгейі біздің облысымызда 92 қылмысты құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс тұрақты және қауіпсіз аймақтардың бірі болып табылады.
Облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған 272 бейнебақылау камерасының көмегімен 17 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 75 қылмыстың беті ашылды.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қосымша 1400 дана бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда.
Сандық технологияларды дамыту аясында полиция қызметіне «Электрондық қылмыстық іс жүйесі» жобасы енгізіліп, қазіргі уақытта қылмыстық істерді тергеп-тексеру жұмыстары электрондық форматта жүргізілуде. Аталған жүйенің тиімділігі, ол тергеу жұмыстарының жылдамдығын арттыру, қылмыстық процеске қатысушылардың қылмыстық істердің тергеу барысын электронды түрде бақылап отыруға мүмкіндігі және оның бұрмалануына жол бермеу, қылмыстық істерді тергеу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға өз ықпалын тигізеді. 2018 жыл басынан бері электронды форматта жалпы 418 қылмыстық іс тергеліп, оның 263 ісі сотқа жолданды.
2017 жылдың қазан айынан бастап «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» жобасы іске қосылып, жергілікті полиция қызметіне 146 дана электронды планшет алынып, қолданысқа енгізілді. Планшеттермен бүгінгі күнге 22 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Электронды планшеттердің көмегімен олардың тиімділігі және ашықтығы артып, құқық бұзушылық жасалған орында әкімшілік хаттамалар электронды түрде рәсімделіп, сол мезетте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармаға тіркелуде.
Ресей Федерациясы Самара қаласының озық үлгілері негізінде 2017 жылы облыс орталығына 14 стационарлық полиция бекеті қойылды.
2018 жылы жергілікті бюджет есебінен Жалағаш аудандық полиция бөлімі және Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі полиция бөлімшесінің жаңа типтегі жаңа әкімшілік ғимараттары салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Белкөл кенті маңында полиция департаментінің оқу-жаттығу орталығының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Құқық бұзушылық профилактикасы жүйесінде негізгі буын учаскелік полиция инспекторлары болғандықтан, 2017 жылы учаскелік полиция пункттерін орналастыру үшін 23 ғимарат (қалада – 9, аудандарда – 14) және 2018 жылы 5 үй-жаймен біріктірілген ғимарат сатып алынды (1-і облыс орталығында және 4-і аудандарда).
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста 64 жоба жүзеге асырылып, оларға облыстық бюджеттен 602,9 млн. теңге қаржы бөлініп, демеушілер мен меценаттар есебінен 13,2 млрд. теңге қаржы тартылды, оның ішінде:
- «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша («Туған жер» арнайы жобасы, «Әлеуметтік бастамалар картасы», «Жомарт жүрек» базалық бағыттары) – 22 жоба, 8 ірі көлемді шара (тартылған жеке инвестициялардың көлемі – 13,2 млрд. теңге);
- «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша («Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобалары, «Туған жер – туған ел», «Қасиетті Қазақстан», «Қазақстанның мәдени жетістіктері» базалық бағыттары) – 23 жоба;
- «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша («100 жаңа оқулық», «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» арнайы жобалары, «Отаным – тағдырым», «Өлкетану», «Саналы Азамат» базалық бағыттары) – 17 жоба, 49 ірі көлемді шара;
- «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша («Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы) – 2 жоба.
2018 жылы облыста жүзеге асырылған маңызды жобалар болып «Жомарт жүрек», «Туған жерге тағзым», «Қорқыт. Қобыз», «Жақаев ізбасарлары» жобалары, «Живой Арбат» мәдени-әлеуметтік жобасы, «Ұлы Дала бояулары», «Ұлы Дала елі», «Менің Отаным – Қазақстан», «Тарих мұрасы», «Бір жәдігер», «Мектебіме тағзым» табылды.
Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес отырысы, «Тарихы терең Сыр елі» экспедициялық конкурсы, Тарихшылар слеті, Меценаттар мен қайырымдылық жасаушылардың облыстық форумы, «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру – заман талабы» республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.
Ақпараттық сүйемелдеу аясында барлық облыстық, қалалық, аудандық газеттерде және интернет-ресурстарда мақалалар тұрақты түрде жарияланды. Сонымен қатар, газеттерде арнайы айдарлар ашылды («Рухани жаңғыру», «Серпін», «Үн қосу», «Мезгіл мәселесі», «Пікір мен пайым»). Есепті кезеңде республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 7 805 материал жарияланды (баспа беттерінде 3256 мақала, телеарналарда 930 бейнесюжет, интернет-ресурстарда 1083 мақала және әлеуметтік желілерде 2581 материал).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
2018 жылы 43,3 мың адам жұмыспен қамтылды.
Экономиканың түрлі салаларында 11 384 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 10925-і тұрақты. Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 36674 адам хабарласып, 23 125 адам жұмысқа орналасты немесе 63,1%.
1209 жұмыс берушінің қатысуымен 106 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 5,6 мың бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде, 4,4 мың жұмыссыз жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама алды.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен аудандар мен Қызылорда қаласында солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша халықпен кездесулер өткізіліп, 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құрамында 479 адамы бар 144 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударды.
Жұмыскерлерді жаппай босатпау мақсатында барлық ірі және орта кәсіпорындармен жұмыскерлердің еңбек құқықтарын және кепілдіктерін, жұмыс орындарын сақтау жөнінде меморандумдарға қол қойылды. 2018 жылы жұмыстан қысқартылған 349 адамның 87-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Басқа қысқартылған азаматтармен жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту арқылы өнімді жұмысқа тарту. Бағдарламаны жүзеге асыруға 2018 жылы 6,2 млрд. теңге бөлінді.
Бағдарламаға қатысушы ретінде барлығы 35 499 адам тартылды, оның ішінде 16 729 адам жұмыссыз.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша даярлауға 500 адам жолданды, 1605 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқудан өтті. Қысқа мерзімді оқуды аяқтаған 1427 адамның 936-сы немесе 63,5%-ы жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлікті жаппай дамыту» аясында «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 1600 адам оқудан өтіп, жобаларын қорғады, оның ішінде 1323 адам шағын несие алды. Жүзеге асырылған жобалар аясында 1370 жаңа жұмыс орны ашылды. Оқыту барлық аудандар мен Байқоңыр, Қызылорда қалаларында жүргізілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен 29738 адам қамтылып, оның 19342 адамы тұрақты жұмысқа орналасты.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыста жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2018 жылдың 3 тоқсанында) құрады, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2%.
Әлеуметтік салада 2018 жылдан бастап жаңа реформалар енгізілуіне байланысты (атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы, әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзарту) аула аралау жұмыстары жүргізілді. Қорытындысымен 97 мыңнан астам нәтижесіз өзін-өзі қамтығандар мен тіркелмеген жұмыссыздар екендігі анықталды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде бұл тізім 67679 адамға азайып, 29859-ға жетті.
2018-2019 жылдарға арналған өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу бойынша қабылданған Жол картасы аясында заңсыз жұмыспен қамтылғандарды ел экономикасына, сәйкесінше міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша белсенді жұмыстар басталды.
Облыс бойынша бюджеттен 48434 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 2218,2 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.
40699 адамға (7706 отбасы) 1835,0 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 2720 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, оның 1107-сі тұрақты жұмысқа орналасты, 1366 адам қоғамдық жұмыстарға, 44 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 38 адам жастар тәжірибесіне, 165 адам қайта даярлау курстарына оқуға жіберілді.
7735 отбасына 383,2 млн. теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2017 жылмен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алушылар саны 1315 отбасына немесе 14,6%-ға азайды.
Жоғары оқу орындарында өңірге қажетті мамандықтар бойынша халықтың осал топтарынан шыққан 515 студентке 2018-2019 оқу жылдарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Білім беру қызметіне ақы төлеу үшін жергілікті бюджеттен 261,2 млн. теңге төленді.
2018 жылдың басынан бастап Қызылорда қаласы мен аудандардағы мекемелер мен ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлердің белсенді қатысуымен халықтың осал топтарынан шыққан азаматтарға қайырымдылық көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды. Өткізілген қайырымдылық акциялар аясында облыс бойынша 17 мыңнан астам тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға 91,5 млн. теңгеден астам қаржыға қайырымдылық көмектер көрсетілді.
Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс орналастыру шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2018 жылы облыстық бюджеттен 44,9 млн. теңге бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 жалғызбасты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 33,2 млн. теңгеге 54521 түскі ыстық тамақпен қамтылды.
Облыста 29736 мүгедек, оның ішінде I топтағы – 2890, II топтағы – 11159, III топтағы – 10749, 18 жасқа дейінгі 4938 мүгедек бала тіркелген.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Жол картасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасты.
Мүгедектерге ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесі 24 түрге дейін кеңейтілді.
2018 жылы 14430 мүгедектің жеке оңалту бағдарламалары әзірленіп, 19928-і орындалды.
Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 708 мүгедек, оның ішінде 398 мүгедек тұрақты жұмыспен, 38 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылса, 54 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 217 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың саны артуда. Бүгінгі күнге 5 үкіметтік емес ұйым арқылы 242 мүгедек бала арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылып отыр.
Мүгедектердің әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 2326 нысанға түгендеу жүргізіліп, бейімдеуге жатқызылған 1185 нысанның 1072-сі бейімделді (95,1 пайызы). 2019 жылы бейімдеу жұмыстары 100 пайызға орындалатын болады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген 2064 нысан енгізіліп, жарияланды.
Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету үшін облыс бойынша 366 сайлау учаскесі бар, оның 157-сі мүгедектерге қолжетімді. Қалған 209 сайлау учаскесінде қолжетімді орта құру үшін жергілікті бюджеттен 9,2 млн. теңге қаралды.
Еңбек адамының беделін арттыру, сонымен қатар, өндірістік және отбасылық дәстүрлерді насихаттау мақсатында облыста бесінші жыл қатарынан «Еңбек күні» мерекесіне орай Еңбек династияларының Форумы өткізіліп келеді. 2018 жылы аталған форумда 8 отбасы қатысқан – теміржолшылар, спортшылар, дихандар, музыканттар, дәрігерлер, мұғалімдер, малшылар.
«Әлеуметтік саланың үздік қызметкерлері» республикалық конкурсының нәтижесімен Қызылорда облысы үш бірдей номинацияны иеленді.
Инфрақұрылымды дамыту
Көлік
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін дамытуға 2018 жылы барлығы 13,5 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,2 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 9,3 млрд. теңге. Есепті кезеңде 277,8 шақырым жолдар мен көшелер жөндеуден өткізілді.
Атап айтқанда:
Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы «Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» облыстық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу (13,4 шақырым);
«Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» облыстық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу (10 шақырым);
«Ботабай елді мекеніне кіреберіс» облыстық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу (29 шақырым);
Қазалы ауданындағы «Өркендеу-Жанкент елді мекеніне кіреберіс» аудандық маңыздағы автожолын күрделі жөндеу (5,65 шақырым);
Арал ауданындағы «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» облыстық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу (28,4 шақырым);
«Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» облыстық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу (7,4 шақырым);
Арал ауданындағы «Аманөткел елді мекеніне кіреберіс» аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу (2,1 шақырым);
Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Төребай би» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу (23,044 шақырым);
Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Иіркөл» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу (5,136 шақырым);
Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Төретам» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу (2,235 шақырым);
Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Жаңажол» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу (6,771 шақырым);
Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент-Бірлік» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу (3 шақырым);
Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе айналма жол» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу (3,57 шақырым);
Жаңақорған ауданындағы «Кейден ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу (7шақырым);
Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің көшелерін күрделі жөндеу;
Сырдария ауданындағы «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» жергілікті маңыздағы автомобиль жолының 39,3 шақырымында орналасқан автомобиль көпірін күрделі жөндеу;
Сырдария ауданындағы «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» жергілікті маңыздағы автомобиль жолының 33,9 шақырымында орналасқан автомобиль көпірін күрделі жөндеу;
Шиелі ауданындағы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1942+200 шақырымында орналасқан көпірді күрделі жөндеу;
Сырдария ауданындағы «Бесарық елді мекеніне кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы Жаңадария каналындағы көпірге қайта жаңғырту;
Арал ауданындағы «Қызылжар-Водокачка» аудандық маңыздағы автомобиль жолының құрылысы (10 шақырым) аяқталды.
Көлік қызметтерінің сапасын арттыру және ауқымын кеңейту бойынша жұмыстар жалғасты.
Автомобиль көлігімен халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалын жетілдіру мақсатында 2018 жылдың 15 шілдесінен бастап халықаралық «Қызылорда-Ташкент-Қызылорда» тұрақты маршруты іске қосылды.
Бүгінгі күні «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 23 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Мәскеу – 4 рейс, Астана қаласы – 11, Алматы қаласы – 7 және Қарағанды – 1 рейс.
2018 жылы «Қорқыт Ата» әуежайынан 100,8 мың жолаушы жөнелтілген.
Әуе тасымалының мүмкіндіктері артуда. 2018 жылдың 15 шілдесінен бастап жиілігі аптасына 4 рет «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» қатынасында тұрақты халықаралық рейсі ашылды. «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» әуе маршруты бойынша келісім 2018 жылдың қазан айына дейін жасалынған болатын. Алайда аталған маршруттың үлкен сұранысқа ие болуына байланысты «Аэрофлот» авиакомпаниясымен келісім- шарт 2019 жылдың наурыз айына дейін ұзартылды.
Қазіргі таңда «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» әуе маршруты бойынша барлығы 97 рейс жасалынып, 10,4 мың жолаушы жөнелтілді.
Қазіргі таңда, облыс аумағынан 20 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде 7 жұп пойыз мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағытта.
Облыс орталығынан облысаралық маршруттар бойынша 6 жұп пойызы ұйымдастырылған, олар «Қызылорда-Алматы-Семей», «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Астана Нұрлы жол» (Тальго), «Қызылорда-Петропавловск», «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Бесарық-Түркістан».
Тұрғын үй құрылысы
2018 жылдың ішінде 1790 пәтерге арналған 70 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді, оның ішінде 17 сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй (620 пәтер), 4 несиелік үй (240 пәтер), апаттық тұрғын үй орнына 27 жаңа тұрғын үй (27 пәтер) және жеке құрылыс салушылар есебінен 22 тұрғын үй (903 пәтер).
Есепті кезеңде 1222 пәтерге арналған 56 тұрғын үй пайдалануға берілді оның ішінде 7 сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй (292 пәтер), апаттық тұрғын үй орнына 27 жаңа тұрғын үй (27 пәтер) және жеке құрылыс салушылар есебінен 22 тұрғын үй (903 пәтер).
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстар жалғасты, бұл мақсаттарға республикалық және облыстық бюджеттерден 7,9 млрд. теңге бөлінді (РБ – 6,5 млрд. теңге, ОБ – 1,4 млрд. теңге). Нәтижесінде 473,2 шақырым инженерлік желілер салынды.
Жалпы, 2018 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 699,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға жоғары.
Газдандыру
Облыстың аудан орталықтары мен елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар арқылы жүзеге асырылуда.
2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері) газдандырылды. Бұл елді мекендердегі 25 803 тұрғын үйдің 21 мыңнан астамы қазір көгілдір отын пайдаланып отыр.
Облыстың қалған 3 аудан орталықтарын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жосалы кентіне арналған автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден 903,5 млн. теңге қаржы бөлініп, нысанның құрылысы аяқталды.
Тереңөзек кентінде автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы басталып, оған республикалық және облыстық бюджеттерден 2,1 млрд.теңге қаржы бөлінді. Нысанды аяқтау мерзімі – 2019 жылдың мамыр айы.
Тереңөзек-АГТС-тен Жалағаш-БГРП-ға дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбыры-бұрмасының және Жалағаш кентінде кварталішілік газбен жабдықтау желілері құрылысының тиісті құжаттамасы әзірленіп, оған облыстық бюджеттен 65 млн. теңге қаржы бөлінді.
«Қызылорда қаласындағы Шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГТП-Наурыз, Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді мекендерін кварталішілік газдандыру» жобасының құжаттамасы әзірленіп, 49,6 млн. теңге бөлінді.
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жалғасып, оған облыстық бюджеттен 650 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, Шиелі кентінде индустриалды аймақты газдандыру құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Жылумен жабдықтау
Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы және Байқоңыр қаласындағы барлығы 5 денсаулық сақтау нысандарын және Арал ауданындағы №83 орта мектептің жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтауға облыстық бюджеттен 188,3 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі таңда, 5 нысан, яғни, Шиелі ауданындағы 2 денсаулық сақтау, Жаңақорған ауданындағы орталық аурухана, Байқоңыр облыстық медицина орталығы филиалы және Арал қаласындағы №83 орта мектептің жылу жүйелері газ отынына бейімделіп, пайдалануға берілді. Ал, Қазалы ауданы Қазалы кентіндегі перзентхана бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының жылу желілерін қайта жаңғыртуға Ұлттық қордан 2,2 млрд.теңге бөлініп, 7,046 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.
Сумен қамтамасыз ету және суды бұру
2018 жылы сумен жабдықтау және суды бұру бойынша 33 жобаны іске асыруға Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен барлығы 5 527,6 млн. теңге бөлінді.
Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасымен Ұлттық қордан 14 жобаға 2 978,1 млн. теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен республикалық бюджеттен 19 жобаға 2 549,5 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 1 067,9 млн. теңге бөлінді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласы бойынша 13 жобаға 1 584,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде, сумен жабдықтау – 8 жоба, суды бұру – 5 жоба. Барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, актімен қабылданды. 10 шақырым ауыз су және 4,5 шақырым кәріз жүйелері жаңғыртылды.
Жаңақорған кентінде 1 жобаны жүзеге асыруға 1 393,9 млн. теңге бөлінді. 110,6 шақырым су желілері салынды. Жоба 2019 жылға өтпелі болып табылады.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 2018 жылға көзделген 19 жобаның 8-і аяқталды (Қалжан ахун, Мырзабай Шәменов, Басықара, Талсуат, Тасбөгет е.м., «Ақмешіт», «Мерей» м/а). 90 шақырым ауыз су және 12 шақырым кәріз желілері салынды. Қалған 11 жоба 2019 жылға өтпелі болып табылады.
Электрмен жабдықтау
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына (1 кезеңі) 2018 жылы облыстық бюджеттен 650 млн. теңге бөлінді.
Сырдария ауданы Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту бойынша облыстық бюджеттен 186,3 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Нысан пайдалануға берілді.
«Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту», «Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі 35/10 кВ №22 қосалқы стансасын кеңейту және қайта жаңғырту» жобаларының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
«Қызылорда қаласындағы 35/10 кВ «ҚСЗ» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы 35/10 кВ «Силикатная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы 35/10 кВ «Комсомол» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы 35/10 кВ «Залинейная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы 35/10 кВ «Промышленная» қосалқы стансасын қайта жаңғырту» жобаларының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді.
«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-мен «Шиелі ауданының индустриалды аймағына электржелілерді жеткізу» жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асыру мақсатында келісім-шартқа қол қойылды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы экономиканың басымды салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық болып табылады.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша экономиканың барлық салаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құны 34 млрд.теңгені құрайтын 84 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда:
денсаулық сақтау саласында 29 жоба;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 20 жоба;
дене шынықтыру және спорт саласында 12 жоба;
білім саласында 7 жоба;
цифрландыру саласында 6 жоба;
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында 5 жоба;
мәдениет саласында 2 жоба;
әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдық тәртіп және экология салаларында 1 жобадан.
Қазіргі таңда, 32 жоба бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қойылды (қабылданған мемлекеттік міндеттеменің құны 10,5 млрд. теңге). Атап айтқанда:
12 дәрігерлік амбулатория;
9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
Қызылорда қаласындағы бір ауысымда 400 келушіге арналған емхана;
Жалағаш ауданының Таң ауылдық округіндегі балабақша;
Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі инклюзивті балабақша;
Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған аз ауқымды үй;
Қызылорда қаласындағы №101 мектептің бу қазандығын қайта жаңғырту (газбен жылытуға көшіру);
Облыс мектептерін компьютерлендіру;
Облыстық медицина орталығында және Қазалы орталық аудандық ауруханасында 2 ангиографиялық зертхана құру;
Шиелі ауданындағы индустриялық аймаққа электр желілерін тарту;
Шиелі ауданында әлеуметтік нысандарды газдандыру бойынша 2 жоба.
Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асыруға жоспарланған барлық жобалар бюджеттік тиімділікке ие, сондай-ақ бюджетке түсетін жүктемені едәуір азайтатын ақылы қызметтерді көрсету арқылы объектілерді ұстау шығындарын қамтамасыз етеді.
Цифрландыру
Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың басынан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Smart Сity» тұжырымдамасы аясында жалпы құны 4,8 млрд. теңге болатын 40 жоба жүзеге асырылуда. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы құрылды.
Аталған жобалар 10 бағыт бойынша жүзеге асырылуда, оның 5-і, яғни білім, денсаулық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, қауіпсіздік салалары «Smart City» («смарт-сити») тұжырымдамасының негізгі салалары болып табылады.
2018 жыл қорытындысымен 29 жоба аяқталды, 11-і келесі жылдарға өтетін жоба.
Онымен қоса, Қызылорда облысы «Ақылды басқару» бағыты бойынша пилоттық аймақ болып таңдалды.
Атап айтқанда:
Қызылорда қаласында ІТ парк құру.
2018 жылдың сәуір айынан бастап аймақтың ІТ саласын дамыту, сондай-ақ стартап жобаларды, бірегей шығармашылық идеялар мен зияткерлік ресурстарды іске асыру мақсатында құрылған облыстың IT паркі жұмыс жасайды. Бүгінгі күні IT парк коворкинг орталығының, IT жобаларын дамыту қызметтерін ұсынады, IT паркте робототехника, 3Д модельдеу, компьютерлік ақпаратты қорғау технологиясы бойынша курстар, бағдарламашылар мен ІТ-мамандарға арналған Ашық есік күндері, «IT менеджменті» бойынша мастер кластар өткізіледі. Оқумен қамтылғандардың жалпы саны 150 адамды құрады.
«112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі.
Біздің облыс қауіпсіздік саласын цифрландыру бағытында «112 Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» жобасы бойынша пилоттық аймақ болып табылады.
Жоба азаматтардың өтініштеріне жедел қызметтердің шұғыл әрекет ету және үйлесімді өзара іс-қимылына, сондай-ақ шұғыл жедел қызметтердің ресурстарын ұтымды бөле отырып, кешенді әрекет ету уақытын қысқартуға арналған.
Пилоттық жоба шеңберінде облыстың барлық жедел қызметтері біріктірілді, олар: өртке қарсы қызмет (101), полиция (102), жедел медициналық көмек (103), авариялық газ қызметі (104) және төтенше қызмет (112).
Агробиржа.
Тауарларды қолайлы бағамен сату есебінен азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында мобильді қосымшасы бар http://www.agrosauda.kz сайты құрылды.
Бүгінгі күні сайтта 1100 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі тіркелген (кәсіпорындар, шаруа және фермер қожалықтары), 280 хабарландыру жарияланған, оның ішінде Ресей, Чехия, Түркия, Өзбекстан, Украина елдерінің ірі кәсіпорындары тіркелген және хабарландырулар орналастырылған. Күріш өнімдерін экспорттау бойынша екі ірі ресейлік сыра қайнатушы компаниялармен келіссөздер өтті.
Геоақпараттық сервис.
Рұқсат беру құжатын беру уақытын 5 күннен 3 күнге дейін қысқарту мақсатында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында коммуналдық қызметтерді қосуға техникалық шарттарды беру бойынша gis.orda.gov.kz геоақпараттық онлайн сервис іске қосылды.
Геоақпараттық сервис базасында электр желілеріне, сумен жабдықтау және су тарту коммуналдық жүйелеріне, газ тарату желілеріне және жылу желілеріне қосуға техникалық шарттар алу автоматтандырылды. Бүгінгі күнге келіп түскен өтінім саны – 364.
Мемлекеттік қызметтер
Мемлекет Басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80%-н, 2020 жылы 90%-н электронды форматқа ауыстыру қажеттігін міндеттеді.
Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне енгізілген 741 қызметтің 195-і жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі. Оның ішінде 95 қызмет түрі (48,7 пайызы) электрондық форматта көрсетіледі.
2018 жылы 195 қызмет түрі бойынша барлығы 2 127 261 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы –130 334;
«Электронды үкіметтің» веб-порталы және «Даму мед» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызметтер саны – 852 304).
Әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында Кәсіпкерлерді қолдау орталығында коммуналдық қызметтерге (-электр, -газ, -су, жылу құбырлары) техникалық шарттар алудың онлайн механизмі енгізілді.
Нәтижесінде, кәсіпкерлік субъектілері техникалық шарттарды монополиялық құрылымдарға бармай-ақ электронды түрде алу мүмкіндігіне ие болды. Оған қоса, техникалық шарттар алу мерзімі 5 жұмыс күнінен 3 күнге дейін қысқартылды.
Балаларды балабақшаға кезекке қою және қабылдау мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру мақсатында «Электронды балабақша» жүйесі құрылды. Бүгінгі күнге аталған жүйеге 659 балабақша қосылды.
Оған қоса, облыс тұрғындары «Дәрігерді үйге шақыру» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметтерін электронды түрде ұялы байланыс арқылы алуда.
Бюджет
Бюджеттің кіріс бөлігі
Шоғырландырылған бюджетке (мемлекеттік бюджет және Ұлттық қор) облыстан 299 млрд. теңгенің түсімі қамтамасыз етілді.
2018 жылы мемлекеттік бюджетке 133,2 млрд. теңге түсім жоспарланып, 135,8 млрд. теңге түсті. Бұл есепті жылғы болжамға 102%-ды құрайды немесе 2,6 млрд. теңге жоспардан артық түсті.
Республикалық бюджетке түсім жоспары 102%-ға орындалды. Бұл ретте 2017 жылмен салыстырғанда түсім көлемі 21,8 млрд. теңгеге ұлғайған.
Жергілікті бюджет бойынша болжам 101,9%-ға орындалды. Бұл ретте 2017 жылмен салыстырғанда түсім көлемі 9,3 млрд. теңгеге ұлғайған.
Бюджеттің шығыс бөлігі
2018 жылы облыс бюджеті 248,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 27,8 млрд. теңгеге артық. Бұл ретте, күрделі сипаттағы шығыстар көлемі (құрылыс, күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу) 55,7 млрд. теңгені құрады.
Бюджет әлеуметтік сипатын сақтап қалды. Шығыстардың жалпы көлемінің 59,8%-ы немесе 134,0 млрд. теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды.
Жекешелендіру
Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында облыста жекешелендіруге жататын 15 объектінің тізбесі белгіленіп, оның 8 нысаны 379,4 млн. теңгеге жекешелендірілді.
3 нысан таратылды («Нұрсәт» теннис орталығы» МКҚК, «№ 2 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «Сырдария» балалар сауықтыру лагері» МКК).
3 нысан таратылуда (Евразия спорт кешені, «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС, «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС).
1 нысан – «Қорқыт ата» әуежайы» АҚ тізімнен алынып тасталды. Кешенді жоспар толығымен орындалды.
Жобалық басқару
Өңірде жобалық басқару екі бағытта дамып келеді. Орталық мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас бойынша жобалық басқаруды ендіру аясында жұмыстарды Өңірлік штаб жүзеге асырады. Жергілікті деңгейде жобалық басқаруды Облыстық жобалық кеңсе үйлестіреді.
2018 жылы Орталық мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тікелей және салалық бағыттары бойынша өңір дамуының жобалар портфелі қалыптасты.
Қызылорда облысының жобалар портфелі 8 бағыттан тұрады: 5 салалық, (базалық индустрияландыру, АШК дамыту, сауданы дамыту, денсаулық сақтау саласын дамыту, білім саласын дамыту) және 3 тікелей бағыттар (жаппай кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық тұрақтылық, нәтижелі жұмыспен қамту). Барлық бағыттар бойынша 10 жоба іске асырылуда.
Қазіргі танда өңірдің жобалық басқару аясында жаңа тікелей бағыттарға («Шикізаттық емес экспортты дамыту», «Басқарылатын урбанизация») қатысуын анықтау жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Жергілікті деңгейде жобалық басқаруды ендіру бойынша Белгород (РФ) облысының тәжірибесі негізінде жұмыстар жалғасуда. 2018 жылы Облыстық жобалық кеңсенің 15 отырысы және облыс әкімінің жанындағы басым жобалар бойынша Эксперттік кеңестің 3 отырысы өткізілді.
Облыстық жобалық кеңсемен 2017 жылдың 4 пилоттық жобасын қоса алғанда 75 жоба мақұлданды. Мақұлданған жобалар күнделікті мониторинг жүргізу үшін «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктелген.
2018 жылы сәтті жүзеге асырылған 21 жобаның 3 басым жобасының қорытынды есептері тыңдалды («Қызылорда облысының медициналық ұйымдарында телемедициналық құрал-жабдықтар кешенін орнату» жобасы, «Өнер арбаты» және «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра нысандарын 3D форматындағы интерактивті картасын құру» жобалары).
«Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесінде аяқталған және алынып тасталған жобаларды қоса алғанда бастамашылық, бюджеттік инвестициялық жобаларының, сондай-ақ «Байқоныр» ӘКК» АҚ-ның жобалары және экономиканы цифрландыру жобалары бойынша 50 жобаның мониторингі жүргізілуде.

Пікір 2