» » Жастар жылы: пәтер беру мәселесі қарастырылмақ

Жастар жылы: пәтер беру мәселесі қарастырылмақ

ҚР Қоғамдық даму министрі Дарxан Кәлетаев республикалық маңызы бар үш қалада жастарға арендалық баспананы тарату мерзімі туралы айтты, – деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, осы айдың аяғына дейін аталған бастаманы іске асыру тетіктерін әзірлеу көзделіп отыр. Қазіргі кезде тұрғын-үй саласына жауапты меморган - ҚР Индус­трия және инфрақұрылымдық министрлігімен талқылау шаралары басталды. «Жастарға арналған пәтерлер биыл таратылады. Енді, оны біз емес, жергілікті атқарушы органдар береді. Біз нақты талаптарын әзірлейміз. Ағымдағы жылы үш қалаға, шамамен, 1 мың пәтер бөлінеді. Бұл – Президенттің тапсырмасы. Сонда Астана, Алматы мен Шымкенттің әрбіреуіне 300-ден астам пәтер келеді», –деді Д.Кәлетаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Оның сөзіне қарағанда, биыл жастарға арналған типтік тұрғын үйлерді салып шығу мүмкін емес. Оған қоса, арендалық баспананың ауданы 40-50 шаршы метр болады деген жоспар бар. Сол себепті әкімдіктер әзірше дайын үйлерді сатып алады да, жастарға таратады. Одан кейін типтік нысандарды салу жоспарланған. «Әзірше, арен­да­лық төлемнің көлемі 10-12 мың теңге болса екен деп отырмыз. Бұл – алдын ала есеп. Сосын коммуналдық төлемдер тағы бар», – деп атап көрсетті Д.Кәлетаев.
Айта кетейік, Сенатта өткен жиын­да министр Кәлетаев жастарға пәтер беру шарттарын жариялаған болатын. «Бірінші па­раметр бойынша 29 жасқа дейінгі деңгей ай­қындалды, себебі, заңнамаға сәйкес, жастар санаты 29 жасқа дейін белгіленген. Екінші параметрге тоқ­талсақ, жастар міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс», – деді Д.Кәлетаев.
Аталған тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылуында жариялаған болатын.

12 ақпан 2019 ж. 537 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930