» » Назарбаев: "Қара майордың" туған-туысқандарына көңіл айтты

Назарбаев: "Қара майордың" туған-туысқандарына көңіл айтты

ФоÑо: ÐÒоÑда

Елбасы парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толу қарсаңында өткізілген бұл кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтіп, осы елдегі әскери іс-қимылдарға қатысқан азаматтар мен ардагерлерді айтулы күнмен құттықтады.
Сондай-ақ, Елбасы ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі Борис Керімбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туысқандарына көңіл айтты.
Бақытбек Смағұл Нұрсұлтан Назарбаевқа "Қазақстан ардагерлері" Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы тарапынан атқарылған жұмыстар мен кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәлімдеді.       
Еске сала кетейік, 12-ші ақпан күні Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Қарулы күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаевтың қайтыс болғаны хабарланды.



https://kaz.nur.kz
14 ақпан 2019 ж. 632 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031