Астанада Франция елшілігінің виза бөлімі ашылды
Астана, BAQ.KZ. Бұдан былай Францияға бару оңай және жылдамырақ болады. Жаңа бөлімнің ашылуы шенген визасын алу процесін айтарлықтай жылдамдатады. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ бұған дейін құжаттарды Алматыға жіберу керек болғанын атап өтті.
«Осының бәрі Францияға жол-сапарды жеңілдету үшін жасалып жатыр. Ары қарай Шымкент, Өскемен, Атыраумен жұмыс істеуді ойлап отырмыз. Біздің пайымымыз бойынша, бірқатар қалада көпшілік бар. Әзірге қай жерде не ашатынымызды жария ете алмаймыз. Мобильдік қызмет көрсетуіміз мүмкін. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі қадам соның алғашқысы», - деді Филипп Мартинэ.
Елшінің айтуынша, енді сапарға үш күн қалғанда виза алуға өтініші білдірсе жеткілікті. Сондай-ақ, Мартинэ шенген визасын алу өте қиын деген пікірді аңызға теңеді.
BAQ.KZ.