Армысың, Әз-Наурыз!
Көктем келе тойланатын, ел болып атап өтетін мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы. Бұл мейрам біздің халық үшін жыл басы болып саналады. Қыстай қар жамылған жер жаңарып, жылғалардың бойымен су ағып, табиғатқа жан бітетін кез де осы. Жыл басы – әз-Наурыз деп аталуы да осыдан шықса керек.
Бұл күні ағайын-туыс, дос-жаран бір-бірінің үйін аралап, ренжісіп қалған жандар болса кешіріп, үлкен кішіге ізет, кіші үлкенге құрмет көрсететін, төс қағыстырып амандасып саулық сұрасатын кез.
Наурыз мерекесі қарсаңында ел ішін Қыдыр аралайды деген түсінік бар. Бұл өз алдына бөлек әңгіме. Бірақ, Самарқанның көк тасы еритін күн тектен-текке жыл басы саналмағаны белгілі. Бұл екі жүз не үш жүз жыл бұрын қолға алынған шаруа емес. Мұның тарихы тереңде. Кеңес үкіметі кезінде діни мереке саналып, көпке дейін тойланбай қалған. Тек туған елдің айбарын көтеріп, тәуелсіздікті жақындата түскен “Желтоқсан” оқиғасынан кейін екі жыл өткен соң мерекелене бастайды. Онда да қазақтың заңғар ақыны, ұлт жанашыры, ана тіліміздің мәртебесін көтеруді ойынан бір тастамаған Мұхтар Шаханов бастама көтеріп, 1988 жылдан бері қайта тойланып келеді. Көпке дейін ел ішінде сақталған дәстүр қайта жаңғырып, Наурыз мерекесі қайта тойлана бастады.
Ертеде осы күні ауыл ақсақалдары:
“Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң алдыңнан
Жарқыраған жол болсын” – деген тілектерді айтып, қырғи-қабақ болып қалған ағайын-туыс пен дос-жаранды бір дастарқанға отырғызып, дәм таттырып, табыстырған.
“Қыдыр қонсын басыңа,
Жақсы келсін қасыңа” – деп отбасын құруға шамасы келмеген жалғыз жүрген жетімдердің бастарын екеу қылып, өз алдарына жеке отау еткен. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жақын туыстарына арнайы аманаттап тапсырған, күйеуі не әйелі өлген жандарды әмеңгерлік жолымен үйлендірген. Осылайша, жетімі мен жесірін жылатпаудың тамаша әрі тиімді жолын тапқан. Мұнымен қоса, жастар жағы сауық құрып, алтыбақан аясында ән айтылып, күй тартылады. Қазақтың көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, ақ сүйек сынды басқа да көптеген ойындары ойналады.
Аразды тату қылған, жетімін жебеттірген, жесірін елеттірген айтулы мерекеде адамдардың жүрегінің өзі достыққа, бірлікке шақырып тұрғандай әсер қалдырады. Тіпті, күннің өзі айналаға мейірім шуағын төкпей ме осы күні. Сол үшін де әз-Наурызды мейірім мерекесі деп білемін.

Азиз БАТЫРБЕКОВ.