ҚОС ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ
Ата-бабамыздың сан ғасырлық ұлық мерекесіне айналған Наурыз мейрамы қазақ даласында жоғары деңгейде тойланып келгендігін тарихтан жақсы білеміз. Алайда, кейінгі жылдары оның тойлануына үзілді-кесілді тиым салынды. Тек арада 60 жылдан астам уақыт өткеннен кейін қазақ зиялыларының бастамасымен Наурыз-мейрам дәстүрі қайта жанданды. Жалпы, Ұлыстың Ұлы күні бұрын қалай тойланды, қазір қай деңгейде? Осы жөніңде екі ғасырдың куәсі, жерлесіміз, тыл ардагері Шолпан Піржанқызымен әңгімелескен едік.
– Шолпан апа, Наурыз мерекесі несімен ерекшеленеді?
– Наурыз – жаңару мен жасарудың басы. Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, төл жаңа жылы, дүниеге көрік берген шырайлы жыл басы. Наурыз – береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудін тойы. Наурыз – күн мен түннiң теңелiп, табиғаттың ерекше бір түрге бөленiп, жаңаратын кезі. Ел-жұрттың қаһарлы қыстан аман-есен шығып, бiр-бiрiмен құшақ жайып, емен-жарқын табысатын айы. Наурыз – табиғат атаулының тiрiлiп, өмiрге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы. Міне, сол үшін бұл мерекені асыға күтеміз. Ұлыстың Ұлы күні тоқшылық, ырыс пен құт болсын деп «Наурыз көже» дайындалып, мол дастархан жайылады. Бұл игі дәстүрлерде Наурыз мерекесінің ерекшелігі жатыр, әр дәстүрдің астында мән мен мағына, тәрбие жатыр. Игілікті істерге, бейбітшілікке, бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тағы да басқа ізгі істерге шақыратын бұл мерекенің мәні зор. Сондықтан, бүгінгі жастар ұлттық құндылықтарымызды бағалап, оның қадірін білуі керек.
– Ұлыстың Ұлы күнін бұрынғы кезде қалай атап өтуші едіңіздер?
– Ертеде бұл мейрам елдiң бiрлiгiн сақтап, туған-туысқанды бауырластыққа, татулыққа шақыратын. Қазір де сонысымен ерекшеленеді. Әр мерекенің өзіндік тойлау дәстүрі бар сияқты, Наурыздың да өзіндік тойлау дәстүрі бар. Бұрын Наурыз мейрамын көрісуден бастап, бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен ұлттық ойындармен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете береді. Ал кешкісін «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын. Бұл күнде күмбірлі күй тартылып қана қоймай, кетіскендер бекісіп, ренжіскендер бітімге келетін. Қайырымдылықтар жасалатын. Бұл күнде тек жақсылықтар тіленіп, туыс-туған бір-бірін шақырысып, өлілерге құран бағыштап, тірілерге берекет сұраған. Бұлақтардың көзі ашылып, тазалық жұмыстары қолға алынған. Ағайындар бір-бірінің үйлеріне қонақ болып, жасаған Наурыз көжелерінен дәм татысып, «Амансың ба? Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!», – деп құшақтасып көріскен.
– Ал қазір, Наурыз мерекесін қалай қарсы алып жүрміз?
– Біз ұлттық құндылықтарымызды көздiң қарашығындай дәрiптей бiлуіміз керек. Қазақтың қандай жақсы дәстүрлерi бар, соның бәрін наурыз айында көрсетуге тырысып жүрміз. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, көкпар және тағы да басқа спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып келеді. Қазір бір айта кететіні, тойлау әдісі бұрынғыдан сәл өзгешелеу. Бұрын, бұл мерекені тойлау айдың басынан басталып, 22-сіне дейін жалғасатын. Тазалықтан басталып, думанды тоймен аяқталушы еді. Әр шаңырақ ауласына киіз үй тігіп, оны безендіріп қоятын. Қазір тек мереке кезде орталық алаңға тігіледі. Бұрыңғыдан бір екекшелігі осында. Ағайын туыс, ауылдастардың барлығы жиылып, мал шалынып, ұланасыр той болатын. Әркім өз өнерлерін көрсетіп, үлкендердің батасын алатын. Көктем шығысымен егіске кірісетін жұртшылық көтерінкі көңіл-күймен мерекені атап өтуші едік.
– Мерекелік тілегіңізді білдірсеңіз...
– Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Наурыз-ізгілік пен парасаттылықтың мерекесі. Наурыз – көгілдір көктемнің күшіне еніп, жер бусанып, ел марқайып, достығымыз бен ынтымағымыз нығаятын мезгіл. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсанда, жол болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Ел тыныш, жұртымыз аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Жыл ырысты болсын.
– Әңгімеңізге рахмет!
Айта кетейік, Наурыз айының 18-ші жұлдызында Шолпан апамыз 94 жасты толтырды. Бүгінгі таңда, немеренің қызығын көріп, одан шөбере сүйіп отырған бақытты ана, асыл әже. Мереке қарсаңында аудан халқына ақ батасын беріп, жылы лебізін білдірді. Біз де қарт анамызды туған күнімен құттықтап, барлық ізгі тілектерді арнаймыз.
Әңгімелескен
Н.ҚАЗБЕКОВ.