» » ГАЗЕТ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

ГАЗЕТ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Бүгінде аудан экономикасы біршама алға ілгеріледі. Өйткені, жыл сайын­ жаңа нысандар бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілуде. Аудан әлеуеті артып, экономикалық өсім байқалады. Бұл сөзімізге жақында ғана аудан орталығынан қоғамдық моншаның бой көтеруі дәлел болмақ.
Естеріңізде болса, біз былтырғы жылы аудан орталығына бір қоғамдық моншаның керектігін мақаламызға арқау еткен едік. Аудан халқының жеке, мүмкіндігі шектеулі моншаларға баратынын айтып, мәселе көтерген болатынбыз. Ондай моншалардың қатары көп болғанымен, талапқа сай еместігі, ешқандай тексерістен өтпейтін, тиісті орындардың бақылауынан тыс қызмет жасайтындықтан жұқпалы аурулардың да белең алуы мүмкін екенін тілге тиек еттік. Содан бері біршама уақыт өтіп, газет көтерген мәселе шешімін тапты. Біз де халық игілігі үшін салынған жаңа моншаны көзімізбен көріп қайттық. Орталық монша екі қабатты. Жалпы құны 30 млн теңге. Төменгі қабатында 50 орындық ерлерге, 50 орындық әйелдерге арналған залы бар. Тиісінше бу бөлмелері, киінетін бөлмелері де заманауи жабдықтармен жасақталған. Тіпті, кіреберісінің өзі мұнтаздай таза, бөлмелері айнадай жарқырап тұр. Жеке кәсіпкер Меруерт Ертуғанова «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 10 млн теңге несие алып, көздеген мақсатын жүзеге асырған. Аудан жұртышылығы осы кезге дейін қоғамдық моншаның тапшылығын сезінген еді. Енді жаңадан бой көтерген орталық монша ел игілігіне қызмет етуде. Кәсіпкердің сөзінше, ғимараттың екінші қабаты қыркүйек айында ашылады. Әзірге орталық монша аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері қызмет көрсетеді. Қыркүйек айынан бас­тап демалыссыз жұмыс жасайтын болады. Қазірдің өзінде 10 адам жұмыспен қамтылған.
Қарап отырсақ, аудан жұртшылығы үшін жасалып жатқан игі істер мен жарқын бастамалар соңғы жылдарда көбейіп отыр. Өңірдің көркін ашар ғимараттар бірінен соң бірі пайдалануға берілуде. Бұл дегеніңіз, аудандағы құры­лыс саласының алға ілгерілегенінің жемісі.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ,
Маханбет АХМЕТОВ (сурет).

06 сәуір 2019 ж. 698 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930