АЛТЫ АЙДАҒЫ АСУ
Жылдың бірінші жарты жылдығында ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артып, 3 млрд теңгеге жетті. Ал, негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 2 млрд 543 млн теңгені құрап, былтырғы жарты жылдыққа қарағанда 2 есеге өсіп отыр. Бұл жайында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте хабарлады.
Алты айдағы асуды бағамдаған өңір басшысы кездесу барысында ырысты да күрішті елде ауқымды жобалар қолға алынғанын мәлімдеді. Айталық, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен көптен бері шешімін таппаған аурухана құрылысы басталғалы отыр. Нақтылағанда, орталық аурухананың жаңа ғимараты құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 32 млн теңге қаралды. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Құны 4 млрд теңгені құрайтын нысанға тиісті қаржы республикалық бюджеттен бөлінбек.
Сондай-ақ, аудан халқы келер жылдан бастап көгілдір отынның игілігін көре бастайды.
– Өздеріңізге белгілі, Жалағаш, Сырдария аудандары үшін бір АГРС орнатылатын болады. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 1 млрд 200 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Негізгі қаржыландыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Облыс әкімдігі тарапынан қаржыландыру жұмыстарын 2018-2019 жылға жылжыту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Қаржыландыру мәселесі шешімін тапса, келер жылдың аяғына дейін ауданда толықтай газдандыру жұмыстары аяқталады деп күтілуде, –деді бұл орайда аудан басшысы.
Иә, соңғы жарты жылдағы жағымды жаңалықтар қатары қалың. Бүгінгі таңда аудан орталығындағы көшелердің жайы көңіл көншітпейтіні белгілі. Бұл мәселе де күн тәртібіне қойылып, кенттегі 10 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 463,3 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржыландыруға өтінім берілді. Қазіргі таңда Нысанбай жырау көшесін орташа жөндеу жұмыстарын бастауға 50 млн теңге, Бұқарбай батыр көшесіне 100 млн теңге, Абай көшесіне 50 млн теңге қаржы бөлініп те қойды.
Аграрлы аймақтың әлеуеті жыл сайын артып келеді. Жер-анадан несібе терген диқан қауымының биылғы бағындырар биігі жылдағыдан кем болмасы анық. Өйткені, егіннің шығымы бітік. Күрішке орақ 1 қыркүйекте түседі деп күтіліп отыр. Ал, төрт түлігін түлеткен малшылардың алдындағы қарасы да жыл санап өсіп келеді.
– Ауданда мал басын арттыру мақсатында шаруа қожалықтар мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдаланып келеді. Соның нәтижесінде төрт түлік мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда МІҚ – 1,5, жылқы – 13, түйе – 10,8, үй құстары 23,5 пайызға артса, қой - 99,9, ешкі – 99,7 пайызды құрады. Есепті мерзімде ет өндіру 2,4, сүт өндіру 1,4 пайызға, жұмыртқа 2,9 пайызға артып отыр. Мал шаруашылығын дамытуға «КазАгроҰлттық басқару Холдингі» жобасының негізінде дайындалған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы аудан бойынша 40 шаруашылық 2011-2018 жылдар аралығында 311,21 млн теңге несие алып, 2473 бас жергілікті аналық пен 123 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Бүгінгі күнге мал басы 4290 басқа жетіп отыр, – деді Қайратбек Әубәкірұлы.
Өңірдегі құрылыс жұмыстарының қарқынында да ілгерілеушілік бар. Айталық, аудандық ішкі істер бөлімі жаңа ғимаратқа көшті. Сондай-ақ, тіректі ауылдарда бой көтерген жаңа әлеуметтік нысандар да сөзімізге дәлел.
Өңірдегі білім мен денсаулық саласында да өрлеу бар. Бүгінгі таңда М.Шәменов ауылдық округіндегі №34 орта мектеп ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты жалпы құны 900 млн теңге құрайтын 300 орындық жаңа мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаты әзірленіп, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Ал, мектептердегі білім беру сапасы жоғары екендігін ҰБТ бойынша көш басындағы өңірлер қатарында болуымыз дәлелдейді.
– Алдымызда ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша міндеттер тұр. Оның ішінде салықтық түсімдер көздерін, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту бар. Ең маңыздысы тұрақтылықты нығайту болып қала бермек. Осы жылы қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына және Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар қазан айында өткізілмекші. Мерейтой аясында Жалағаш кентіндегі «Жеңіс» паркі абаттандырылып, қоғам және мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің, Социалистік Еңбек Ері Ұ.Еспановтың бюсттерін және ауған соғысы, Чернобыль апатының зардабын жоюға, Семей полигоны мен Қарақұм көтерілісінің қатысушыларына арналған архитектуралық белгі орнату мақсатында аудандық бюджеттен 138 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылатын болады, – деді аудан әкімі қорытынды сөзінде.
Брифинг барысында БАҚ өкілдері көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
А.ҚАРА.

Пікір 2