«Қарапайым заттар экономикасы» кәсіпкерлікті дамытуда жаңа міндеттер жүктейді
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары, екінші деңгейлі банк филиалдарының жетекшілері қатысты.
Аймақ басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы тапсырмасымен осы бағытта отандық кәсіпорындарды дамытуға 600 млрд теңге қаржы бөлінгенін атап өтті. Осы мақсатта отандық өнім өндірушілерге қолжетімді несие беру мәселесі туралы Үкіметтің арнайы қаулысы қабылданған. Аталған қаулы негізінде елімізде құрылыс индустриясы, жиһаз, тамақ, жеңіл және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол карталары әзірленген.
– «Қарапайым заттар экономикасы» негізінен екі бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 процентпен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның 7 проценті «Даму» қоры арқылы субсидияланады, ал агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 проценті ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 8 және 5 процентпен өтейді. Бұл бағдарламаға жеңілдетілген несие ала алмай жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілері де қатыса алады. Ендігі міндет – осы жеңілдіктерді кәсіпкерлерге жеткізу,– деді облыс әкімі.
Өңірімізде бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов баяндама жасады.
Бағдарламаны жүзеге асыруда кәсіпкерлер палатасы жанынан жобалық кеңсе құрылған. Бүгінде елді мекендерді аралап кәсіпкерлерге бағдарлама тиімділігін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазірге дейін жобалық кеңсеге 8,3 млрд теңгені құрайтын 90 жоба келіп түссе, оның 2-і мақұлданған.
– Жобалық кеңсе мүшелері кәсіпкерлер арасында кең көлемді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. «Даму» қорымен бірлесіп, палата алаңында бағдарламаның іске асырылуына тікелей жауапты қалалық және аудандық кәсіпкерлік бөлімдері, палатаның филиал басшылары, екінші деңгейлі банк өкілдеріне арнайы семинар ұйымдастырылды. Бағдарламада басымдық берілген жобалар бойынша 200-ге жуық кәсіпкердің қатысуымен төрт кездесу өтті, – дейді ол.
Палата директоры бағдарламаға кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғары екенін атап айтты. Шынында киім сатқаннан оны тігуге, мал сою пунктісі бар кәсіпкер мал бордақылау, мал бағатын кәсіпкер ет өнімін қайта өңдеумен айналысуға ынталы. Ал, бұл мақсатта «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы мүмкіндікке жол ашады.
Мәжілісте кәсіпкерлер палатасы директоры тарапынан кәсіпкерлер алдынан кездесетін кейбір кедергілер де атап айтылды. Мәселен, банктердің аудандық филиалдарында шағын және орта бизнес бөлімі жұмыс істемейді. Кәсіпке ынталы ауыл тұрғындары бұл үшін облыс орталығына келуге мәжбүір. Тіпті, кейде құжат түгендеу үшін бір емес, бірнеше рет банкке келуі қажет болады. Шалғайдағы тұрғын үшін бұл уақыт жоғалту әрі жол шығыны.
Бұл ретте аймақ басшысы тиісті сала жетекшілеріне қатаң ескерту жасады. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң серпін беретін бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органмен қатар, екінші деңгейлі банктер де бар ынтасымен жұмыс істеуі керек. Тіпті, халықты кабинетте күтіп отырмай, елмен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып, әлеуметтің әлеуетін көтеруге жұмыла жұмыс істеу үлкен жауапкершілік.
Мәжілісте бағдарламаның екінші бағыты – құрылыс индустриясы, жеңіл, жиһаз, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол карталарын жүзеге асыру бойынша облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді. Басқарма басшысы облыс бойынша белсенді жұмыс жасап отырған 440 кәсіпорынның тізімі жасақталғанын, сонымен қатар қаулыдағы экономикалық қызмет түрлеріне де сәйкес келетін 46 жоба тізімі жасақталып, екінші деңгейлі банктерге ұсынылғанын жеткізді.
Мұнан соң бағдарламаның аудандарда жүзеге асырылуы пысықталып, аудан әкімдеріне белсенді жұмыс істеу тапсырылды.
– Бұл елдің қолын аузына жеткізетін бағдарлама. Кәсіпкерлікті дамыту – әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрақтылықтың негізі. Мемлекет кәсіппен айналысуға барлық жағдай жасап отыр. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмай, елдің жағдайын жасауға, кәсіпкерлікті дамытуға қызмет етіңіздер,– деді облыс әкімі.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.