» » Тілшілердің тақта үстіндегі тартысы

Тілшілердің тақта үстіндегі тартысы

Қазақ руханиятының жаршысы болып, тарихтан тағылым тапқан, ойлы оқырманның олжасына айналған «Әлімсақ» журналының шыға бастағанына биыл 10 жыл толып отыр.
Басылым ұжымы осы мерей­той аясындағы салтанатты шарадан соң оқырмандар кез­десуін ұйымдастырды. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдері арасында турнир өткізді. Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде жур­налистер шахмат пен дойбы ойыны бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады. Тақта үстіндегі тайталаста тілшілер тізгін тартып қалмады. Ойлы ойында оза шабуға тырысып, тартысты өнер көрсетті.
Дойбы сайысы қорытын­дысында І орынды «Сыр медиа» қызметкері Сәбит Көшербаев, ІІ орынды «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Дүйсенбек Аяшұлы, ІІІ орынды «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Асқар Тәжиев қанжығаға байлады.
Ал, шахмат бәсекесінде өзара мықтыны анықтау ұзаққа созылды. Ақ пен қара айқасында «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Тимур Қасымов І орын, «Qyzylorda» телеарнасының қызметкері Нұржан Батыршаев ІІ орын, журналист Виталий Скорняков ІІІ орынды еншіледі.
Жүлдегерлерді марапаттау сә­­тінде «Әлімсақ» журналының бас редакторы Н.Көбегенұлы сөз сөйлеп, өз ұжымының қуанышына ортақтасқан әріптестеріне алғыс біл­дірді. «Қызылорда қалам­гер­лер қауымдастығы» бір­лестігі демеушілік жасаған ақшалай жүлделер мен дипломдарды «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орын­басары М.Аралбаев тап­сырды.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.

28 сәуір 2019 ж. 475 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930