» » Тақта үстіндегі тартыс

Тақта үстіндегі тартыс

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, "Наркес­кен" спорт клубы және білім бөлімінің ұйымдастыруымен белгілі шахматшы Кенбай­ Бәтішевті еске алуға арналған шахматтан аудандық оқушылар арасында турнир өтті. Ашылу салтанатына­ Кенбай Бәтішевтің жақындары, спорт мамандары, жас шахматшылар қатысып, спотшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, белгілі шахматшы Кенбай Бәтішев 1955 жылы 18 сәуірде Ақбөгет қыстауында дүниеге келген. Аудан орталығындағы №123 мектепте білім алған. Жасынан зерек, бауырмал, көпшіл болған. Бір сыныпта бірге оқып, бірге ойнап өскен достары Кенбайдың бойында бала жасынан байқалған ерекше қабілеті – намысқойлығын, әділдігін, спортқа, шығармашылыққа жақын болып өскенін айтады. Мектеп бітіріп, әскер қатарында болып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып келген ол 1978 жылы Алматы қаласындағы ауыл шаруашылығы институтына оқуға түседі. Аталған жоғары оқу орнын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған соң туған жерге оралып түрлі салада абыройлы қызмет атқарды. Атап айтсақ, Шымкент қорғасын зауы­тында жауапты қызметтер атқарды, сондай-ақ, аудандық типографияда – әріп теруші, сельхозхимия­­да – техник, бұрынғы СПТУ-150, қазіргі аудандық аграрлық-индустриалды колледжінде оқытушы болды.
Ағамыздың жасынан спортқа жақын өскенін жоғарыда айтып өттік. Талай мәрте облыстық жарыстарға да қатысып, жүлдемен оралды. Шахматты өзі ғана үйреніп қоймай, ойлылар ойынына аудандағы балаларды да баулу мақсатында аудандық мәдениет пен өнерді дамыту орталығынан үйірме ашты. Тіпті, осы күнгі аудандағы аграрлық индустриалды колледж ғимаратының екінші қабатынан бөлме ашып, оған өз күшімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті жабдықтарын да алып, шахмат үйірмесін ұйымдастырды. Шахматтан аудандық жарыстар сол жерде өтіп, шахматшылар жиі бас қосатын орынға айналды.
Бүгінде Кенбай Бәтішев атындағы турнир әр жылдары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолғы турнирде кіл мықтылар арасынан ең мықтыны анықтау оңайға соқпады. Өйткені, бәрі де ойлы ойынның нағыз шебері екенін көрсетті, жақсы дайындықпен келгендерін дәлелдеді. Жарысқа кент және ауылдардан келген 23 спортшы қатысты. Озық ойлы ойыншылар өзара бақ сынап, бірінен бірі оза шабуға тырысты.
Түс ауа турнирдің ақтық сынына шыққан оқушылардың сайысы одан әрі қыза түсті. Ережеге сәйкес, әр ойыншыға берілген уақыт – 15 минут. Осы аралықта қарсыласынан басым түсіп, өзінің озық ойлы ойыншы екенін шахмат тақтасында дәлелдеген №38 орта мектептің оқушысы Жасұлан Алдияр жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, келесі орындарды №246 орта мектептің оқушылары Бақтияр Мусахан мен Данияр­­ Жақсылық өзара бөлісті.

Н.ҚАЗБЕКОВ.

23 сәуір 2019 ж. 722 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930