АЛА ДОП АЛАМАНЫ
Ш.Ермағамбетова атындағы №246 орта мектепте қоғам өміріне етене араласып, жақсы қасиетімен артында өшпес із қалдырған белсенді жас Әлішер Бохановты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.
Жарысқа кент және барлық ауылдан 16 команда қатысты. Жасыл алаңға шыққан ойыншылар бұған дейін де талай спорт бәсекесінде топ жарып, ала допты ырығына бағындырған шеберлер. Олар бұл жолы да бір-бірінен оза шабуға тырысты. Кезек-кезек допты қақпаға көздеп, гол соғып жатты. Нәтижесінде, үздік өнер көрсеткен «АгроХолдингБайқоңыр» командасы І орынды иеленсе, ІІ-ІІІ орын «Қаракеткен» мен ИП «Баят» командаларына бұйырды.
Айта кетейік, жерлесіміз Ә.Бохановты еске алу турнирінің жоғары деңгейде өтуіне марқұмның сыныптастары мен жора-жолдастары демеушілік жасады.
Жарыс соңында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Жамалатов жеңімпаз командаларға арнайы кубок табыстап, қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.