» » АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАРЫСЫ

АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАРЫСЫ

Елбасының ''Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру'' бағдарламалық мақаласы аясында М.Шәменов ауылының жастары шағын футболдан сайыс өткізді.
Салауатты өмір салтын сақтау, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға ''Мега-агро'' ЖШС-ның директоры Манарбек Еспанов демеушілік жасады. Алдымен, ауыл жастары өзара команданы жасақтап, дайындықты бір пысықтап алды. Содан соң, жасыл алаңға шыққан жастар бір-бірінен оза шабуға тырысып, кезек-кезек қақпаға гол салып жатты.
Ойын соңында ''Жас Отан'' Жастар қанаты аудандық бөлімше басшысы Нарбота Серәліұлы жеңімпаз командаларды марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті.
– Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Бұл ауылдың жасөспірімдері әркез спорттық жарыстарға белсенді қатысып келеді, – дейді ұйымдастырушылар.

«ЖЖ» ақпарат
20 тамыз 2018 ж. 1 026 0