ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАСТАР ЖАРАДЫ!
Кеше Жалағаш ауданында Жастар Ресурстық Орталығы Жалағаш, Жалағаш Ауданының Әкімдігі, Жалын Жастар Қанаты, Темірқазық Жалағаш Ауданы Жастары, "Жалағаш жаршысы" аудандық газетінің ұйымдастыруымен аудандық "ЖАЙДАРМАН" ойындарының финалдық кезеңі болып өтті.
Финалдық кезеңде Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің "Мәңгілік" командасы, №203 орта мектептің "Жұрттан қаламыз ба?" командасы, З.Жарқынбеков атындағы №202 орта мектептің "Дәуімбай жігіттері" командасы, №201 мектеп-лицейдің "Тәттілер" командасы, №117 орта мектептің "Жүргенов жігіттері" командасы бақ сынасты.
Финалдық кезең "Сәлемдесу",. "Әуенді жамбы ату", "Үй тапсырмасы" кезеңдері бойынша сайысқа түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынға "Жүргенов жігіттері" лайық деп танылса, жүлделі екінші орынды "Дәуімбай жігіттері" қанжығасына байлады. Ал бірінші орын мен "Жалағаш жаршысы" газетінің арнайы кубогіне "Тәттілер" командасы ие болды.
Ал Жалағаш аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы жанынан құрылған "ЖАЛЫН" жастар қанатының арнайы "ЖАЛЫН" кубогін "Жұрттан қаламыз ба?" командасы мен "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясына Нұртуған Мәжит ие болды!