» » ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Бүгін аудандық кітапханада ауданның айнасы, төл басылым – «Жалағаш жаршысы» газетінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында ардагерлер, газет қаламгерлерінің қатысуымен кездесу өтті.
Шара барысында бұрынғы баспахана қызметкерлері, ардагерлер қауымы газет тарихынан сыр шертіп, өздері еңбек еткен жылдардағы қызықты сәттерімен бөлісті. Студенттер, шығармашылыққа жаны жақын оқушылар журналистерге сұрақтарын қойды. Кітапхана ұжымы газеттің аймақта өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқын, аудан жұртшылығы сүйсіне оқитын, тамыры тереңнен бастау алатын беделді басылымдардың бірі,  сондықтан да басылымның мерейтойы бүкіл аудан жұртының ортақ қуанышы, ортақ мерекесі екенін атап өтті.
Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының кеш қонақтарына арнаған концерттік бағдарламасына ұласты.
17 мамыр 2019 ж. 713 0