» » » Бедел биігіндегі басылым

Бедел биігіндегі басылым

Қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге өз кезегінде мерзімді басылымдардың да қосқан зор үлесі бар. Елдің жасампаз істерге толы шежіресін жазу жолында Сыр өңіріндегі газет қаламгерлері де үнемі ізденіс үстінде жүрді. Әсіресе, аймақтың тыныс-тіршілігін, халықтың әлеуметтік жағдайын, жеткен жетістігі мен еңбек адамын насихаттау журналистер атқарған толассыз істердің қатарында екенін айта кеткен жөн.

Биыл аймақтың бас басылымдары облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттеріне 90 жыл толса, аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті 85 жылдық белеске шығып отыр.
“Жалағаш жаршысы” газеті – аймақта өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқын, аудан жұртшылығы сүйсіне оқитын, тамыры тереңнен бастау алатын беделді басылымдардың бірі. Сондықтан да, “Жалағаш жаршысы” газетінің мерейтойы бүкіл аудан жұртының ортақ қуанышы, ортақ мерекесі деп айтуға болады.
Сонау 1934 жылдан бері жарық көріп келе жатқан басылым ауданның бас газетіне айналды. Өз тарихында «Колхозшы», «Күрішшілер», «Коммунизм үшін», «Коммунизм шамшырағы», «Жаңадария» аталып келген газет 1993 жылдан бері «Жалағаш жаршысы» болып жарық көріп келеді.
Газетке Сахи Жарылқасынов, Жарылқасын Дүйсенов, Смайыл Ақжігітов, Мұрат Нұржанов, Сұлтан Қожаниязов, Жүсіп Алтыбаев, Адис Ахетов, Шілдебай Оңғалбаев, Сұлтан Жүсіпов, Мырқы Исаев, Айтбай Қойшыбаев, Әзілхан Аманов, Қален Әбдешов, Зордан Салықбаев, Асқар Кіребаев, Мырзамұрат Ілиясов, Тұрсынбай Тәшенов, Кенжеғара Сүлейменов, Мәлік Аяпов, Серік Бертаев, Қарлығаш Әбдірахманова, Ғазиза Әбілдаева, Нағымжан Сауяев сынды қаламгерлер басшылық еткен.
Ауданның жасампаз істерге толы шежіресін жазуға «Жалағаш жаршысы» газетінің қаламгерлері де зор үлес қосты деп айтуға болады. Газеттің 85 жылдық тарихында өңір жылнамасы, тарихи сәттердің шежіресі жатыр. Осы уақыт аралығында бұл газет елдің көкейіндегісін айтатын, еңбеккерлердің ерен еңбегін жариялаған басылым бола білді. Аудандық газетте әр жылдары қызмет атқарған Т.Сарыбаев, А.Сәдібеков, Т.Дайрабаев, И.Шахаров, С.Баймаханов, Т.Тәшенов, М.Ілиясов, М.Аяпов, Ж.Сарбалаев, Қ.Нұрғалиев, А.Бекарыстанов, Б.Уызбаев, І.Мұстафаев, Б.Шайланов, Ж.Әбжәмилов, А.Тілеулиев, Қ.Нұрханов, Т.Ахметов сынды қарымды қаламгерлер өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Ал, өмірін газетке арнаған журналистер М.Нұрханов, Е.Айғалиев, Б.Бүркітбаев, Б.Бердібаев, Е.Әбілов, Қ.Достанов, М.Байназарова, Б.Алпысбаева, Б.Ысқақова, Д.Мәлікова қазіргі уақытта әр салада облыстық, республикалық басылымдарда қызмет атқаруда.
Ақпарат айдынында өзіндік орны бар «Жалағаш жаршысы» газетінің қашаннан ешкімге ұқсамайтын өз жолы бар. Басылым материалдарының рухани бағыты мен мазмұндық мәні терең, оқырманға ой сала білетіндігімен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда «Жалағаш жаршысы» газеті аудан халқының басты газеті, барлық тірлішікті хабарлап отыратын айнасы іспетті.
Бүгінде газет қаламгерлері өңір тынысын айшықтап, Елбасы тапсырмасына сай аймақта атқарылып жатқан толымды істерді өз мақалаларына арқау етуде.
Облыстық және аудандық басылымдардың басын біріктірген «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қосылғалы бері газет мүмкіндіктері артып, жаңаша форматпен шыға бастады. Редакцияның материалдық-техникалық жарақтандырылуы заманауи сипат алды. Орынтай­ Тоқмырзаева, Бақыткүл Ташкенбаева, Махамбет Ахметов,­ Қуат Ахетов, Алтын Ізтелеуова, Кенжетай Қайрақбаев, Нұрсұлтан Қазбеков, Нұржамила Алмасқызы, Нұрсұлу Сахи, Ерлан Созақбаев, Тимур Қуандық, Жасұлан Оспанов сынды бүгінгі қызметкерлері де аудандық басылымның сапалы әрі мазмұнды шығуына атсалысып келеді.
Кез келген өңір үшін ақпараттық жүйенің бәсекеге қабілеттілігі айрықша басымдық алып, газеттің баспа нұсқасымен бірге электрондық жүйесін қатар дамыту талабы қойылып отыр. Газеттің электронды нұсқасы әзірленіп, бүгінде әлемнің қай түкпірінен оқимын деген адам болса да мүмкіндік бар. Газет сайтына жергілікті жаңалықтармен қатар әлемде болған оқиғалардың ақпараттары беріліп отыр. Бұл жағынан алғанда “Жалағаш жаршысы” тек аудан айнасы ғана емес, сонымен қатар, жаһан жаңалықтарының жаршысы болып келе жатқанын атап өтуге болады.

А.БАТЫРБЕКОВ.
10 қаңтар 2019 ж. 1 452 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930