» » ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, әнші Бақтияр Тайлақбаевтың мерейтойлық ән кеші өтті. «Аман бол ағаларым» әнімен басталған ән кешінде мерейтой иесі жерлестеріне алғыс білдіріп, туған жеріне сағына жеткенін жасырмады.

– Өз басым қасиетті Сыр топырағында дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Қызылорданың қай өңірінің де өзіндік қасиеті болса, олардың қатарында Жалағаш ауданы да бар. Өзге облыстарға бұл аймақтың күрішпен аты әйгілі екенін білеміз. Тіпті сырт мемлекеттер де Сыр бойының алқабы дәнге толы екенінен хабардар болғанын жеткізгенде төбем көкке бір елі жетпей тұрғандай қуанамын. Жалпы бұл аймақ танымал тұлғаларға да, ел үшін еңбек еткен атпал азаматтарға да кенде емес қой. Сондықтан кез келген өнер адамы осындай қасиетті мекенге, яғни туған жеріне тағзым етуді басты парыз санайды. Мен де кешелі бері облысымыздың бірқатар аудандарында болып, қалың тыңдармандарыммен, жерлестеріммен жүздесіп жатырмын. Кезекті ән кешінің осы ауданда өтіп жатқанына қуаныштымын. Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, – деді Б.Тайлақбаев.
Әлемді әнімен қатар дауысымен де таңдай қақ­тыр­ған Бақтияр Тайлақбаевтың бүгінде өнер саласында жүргеніне 40 жылдан астам уақыт болыпты. Осынша уақыт ішінде сазгер қаншама туындыны дүниеге әкеліп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. «Аман бол ағаларым», «Ауылға», «Кекілді қыз» сынды әндерімен халыққа танылған өнер жұлдызы өз репертуарындағы әсем әндерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов мерейтой иесінің қазақ сахнасында өзіндік орны бар өнер адамы екенін тілге тиек етіп, аудан әкімінің құттықтауын табыстады.

Е.ӘНУАРҰЛЫ.


21 мамыр 2019 ж. 633 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930