АУЫЛДАН АДАМ КӨШКЕНІМЕН, АДАМНАН АУЫЛ КӨШПЕЙДІ
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында елжанды азаматтардың ұйымдастыруымен Ақсу ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы өтті.
Акцияға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, аудандық мәслихат депутаты Кенжеғара Сүлейменов, ауданның «Құрметті азаматы», белгілі қаламгер Ахат Жанаев, сондай-ақ, әр өңірде белгілі қызмет атқарып жүрген ауылда шыққан азаматтар мен кәсіркерлер және ақсу ардагерлері қатысты.
Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты. Ол – ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Ақсуда туып-өсіп, елге еңбегімен елеулі болғандар аз емес. Олар туған жерге, туған елге қызмет етуді абыройлы борышы санайды. Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов акцияға жиылған осындағы азаматтарға алғыс білдіріп, игі бастамаларына сәттілік тіледі.
– «Ауылдан адам көшкенімен, адамнан ауыл көшпейді» деген жақсы сөз бар.Ауыл – әр адамның түпқазығы, рухының бесігі, тамыры тереңге жайылған қазақы дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған ордасы. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білуге үндейді. Бірлігі бекем Ақсу жұрты да қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен – алтын бесігін бір сәт те естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз. Өйткені, азамат бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды, – деді ол.
Ақсуда туып, сол жерде білім алған балдырғандар бұл күндері әр саланың тізгінін ұстап отырған атпал азаматтар. Олар бұл акцияда ауылды түлетуге қатысты ойларын ортаға салды. Әріресе, ауылдың қасиетті қара топырағына аунап, самал желімен жарыса ержеткен түлектерінің ауылдағы қақпаны (арканы) жаңарту жөніңдегі ұсынысы, «Сәрке батыр» ЖШС-нің орталық көшелерді абаттандыруға қатысты игі бастамалары – ауыл мерейін өсіріп тастады. Сонымен бірге, акция аясында Телібаевтар отбасы ауылдағы әлеуметтік нысандардың біріне жаңа компьютер құрылғыларды сыйға тартса, кәсіпкер Мұхамбет Бекетаев ауыл іргесіне құны 50 млн теңгені құрайтын жылыжай мен мал бордақылау құрылысын бастау жөніңде мемарандумға қол қойды. Ал, қалғандары арнайы қойылған жәшікке қаржы салып, туған өлкені түлетуге қолдан келгенше атсалысатындықтарын айтты.
Ауданның «Құрметті азаматтары» Кенжеғара Сүлейменов пен Ахат Жанаев береке-бірлігін айғақтаған ауыл азаматтарының осынау бастамасы келешек жас ұрпақ бойына елжандылық қасиетті сіңіретінің айтып, өздерінің сый-сияпаттарын ұсынды. Ал, шараға белгілі бір себептермен келе алмаған өздерінің ыстық сәлемін бейне-экран арқылы жеткізді.
Шара соңында ауыл әкімі Қанат Ниетқұлов шараға келген меймандарға алғыс білдіріп, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Ауыл клубы жанынан құрылған «Асыл әжелер» ансамблі Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» туындысын орындап, акцияны әнмен қорытындылады.

Н.ЖАНҰЛЫ.