» » » Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым

 Бұқарбай батыр ауыл округінде "Туған жерге тағзым" акциясы ұйымдастырылды. Акцияға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, ауыл әкімі С.Байділдаев, Мелиоратор ЖШС директоры Б.Мыханов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Нүрмаганбетов, Байтабын ЖШС-нің төрағасы С.Мыханов және ауылымыздан түлеп шығып түрлі салада қызмет атқарып жүрген мекеме басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Іс-шараға жоспарына сәйкес акция Бұқарбай батыр мешітінде басталып, аруақтарға құран бағышталды. Акцияға жиылған қонақтар ауыл мұражайына барып, мұражайдағы тарихи жәдігерлермен танысты. Акция ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, ауыл тарихы туралы сыр шертті. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Нурмаганбетов акцияға жиылған қонақтармен ауылымыздың тыныс-тіршілігімен бөлісті. Акция барысында ауылымыздың мақтаныштары өз ойларымен бөлісті, Байтабын ЖШС-нің төрағасы С.Мыханов ауылымыздың кіре берісіне арка салатынын, Милератор ЖШС-нің директоры Б.Мыханов ауылымыздың дамуына көмек көрсететінін, ауылымыздың 1980 жылғы туылған азаматтарының ұйымдастыруымен Бұқарбай батыр мешітіне бейне бақылау камерасын орнатқанын, мал сойып өмірден өткен құрдастарына құран бағыштағанын жеткізді. Ауылымыздың тумасы Сейтжанова Жұлдызай 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетенін айтып өтті, ауылымыздан шығып түрлі салада қызмет атқарып жүрген қызметкерлер және кәсіпкерлер, шаруашылық басшылары мен әр жылғы құрдастар қаржылай көмек көрсететіндігін, туған жерлерін түлетуге үлес қосатындарын жеткізді. Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен іс-шара мерекелік кешке ұласты. Аудан орталығындағы Айбибі салтанат сарайында акцияға жиылған қонақтарға ас беріліп, ауылымыздың үлкендері іс-шараға қатысушыларға өз батасын беріп ризашылықтарын білдірді. Туған ауылдан түлеп ұшқан азаматтарға ұйымдастырушылар атынан мол ризашылығымыз бен шексіз алғысымызды білдіреміз. Жылдан жылға, Наурыздан наурызға аманшылықта бауырымыз бүтін кездесе берейік. Елімізге келіп жеткен жыл басы әз Наурыз құтты болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
25 наурыз 2018 ж. 1 659 0