«Медиация – мәміле алаңы»
21 ақпан күні Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округінде медиация жұмысын дамыту мақсатында «Медиация – мәміле алаңы» атты кездесу өтті.
Оған аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Г.Мәлік, кәсіби емес медиатор Ж.Ибраев, сондай-ақ ауыл тұрғындары, аталмыш ауылдық округтің кәсіби емес медиаторлары, БАҚ өкілдері қатысты. Шарада кәсіби емес медиаторлардың жұмыс барысында кездесетін мәселелерін шешу жолдары, елді мекендерде кездесетін дау-жанжалдар кезінде ауыл тұрғындарының олардың көмегіне жүгінуі, медиацияның тиімділігі туралы айтылды.
Кездесуге қатысушылар сот төрағасына ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кездесуге қатысушылар сот төрағасына ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Пікір 9