ЕЛІМ ДЕГЕН ЖАНДАР БҰҚАРБАЙДА БАС ҚОСТЫ
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында елжанды азаматтардың қатысуымен Бұқарбай батыр ауылында «Туған жерге тағзым» жалпы республикалық акциясы өтті.
Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Бұл орайда, туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлес қосып жүрген кәсіпкелер де жоқ емес екені көңіл қуантады.
Сырттағы ауыл азаматтарының абыройы – туған өлкенің марқаяр мақтанышы. Ауылым деп қала орталығы мен әр өңірлерден келген меймандар алдымен, Бұхарбай батыр атындағы мешітте құран бағыштап, ауыл ардагерлерімен кездесті.
Мұнан соң, меймандар батыр есімімен аталатын ауылдағы музейге ат басын бұрды. Айта кетейік, Бұқарбай батыр атындағы музей 1994 жылы Калинин атындағы совхоздың директоры Қожахмет Баймахановтың бұйрығымен қоғамдық негіздегі музей болып ашылды. Музей қорында елді мекен маңындағы археологиялық ескерткіштер, көне жәдігерлер, этнографиялық, салт-тұрмыстық бұйымдар, және тағы басқа да көптеген құндылықтарымыз сақтаулы тұр. Сонымен қатар, музей экспозициясында Бұқарбай батырдың өмірі мен жорық жолдарынан сыр шертетін батырдың өзі пайдаланған қайқы қылышы, шашақты туы, күмістен соғылған мөрі, Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы мұрағаттардан алынған құжаттардың көшірмелері, қару-жарақтар коллекциясы сынды құнды жәдігерлер қойылған. Мұнымен танысқан меймандар Сәрке батыр, Байқадам батыр, Сейіл батыр, Жүзбасар би сынды тұлғалардың өмір деректеріне де қанық болды.
Ауылдың тыныс-тіршілігіне қанық болған көпшілік ауылдық мәдниет үйінде бас қосты. Акцияға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов қатысып, ауылға ат басын бұрған меймандарға алғысын білдіріп, туған жерді көркейтуге ниет білдірген азаматтардың игілікті бастамаларына сәттілік тіледі. Акция барысында ауылдың атымтай азаматтары өз ойларымен бөлісті. «Байтабын» ЖШС-нің төрағасы С.Мыханов ауылдың кіре берісіне заманауи үлгіде қақпа салатынын, «Милератор» ЖШС-нің директоры Б.Мыханов туған жердің көркеюіне атсалысатынын жеткізіп, жерлестерін қуантты. Ал, ауылдың тумасы Ж.Сейтжанова қорға 100 мың теңге көлемінде қаржы аударатынын айтты. Ауылдан түлеп ұшқан басқа да кәсіпкерлер туған жерді гүлдендіруге дайын екендіктерін жасырмады.
Шара аясында ауылдық Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көрермендерді мың бұралған билерімен тамсандырды. Акция соңында меймандар «Айбибі» салтанат сарайында мерекелік дастарқаннан дәм татты.
Нұрсұлтан АЛПЫСБАЙ.