» » Афроамерикалық жігіт әскерге аттанды (видео)

Афроамерикалық жігіт әскерге аттанды (видео)



Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына афроамерикалық азамат қабылданды. Майкл Мкпо Алматыда туып өскен деп деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Әскери борышын өтеуге аттанған Майкл Мкпо оқуын да Алматы қаласында тәмамдаған. Анықталғандай, оның әкесі Нигерия азаматы екен. Ал нағашылары қазақтар болып шықты. Майклдың анасы Галинаның әкесі орыс, шешесі қазақ болған.
Майкл Мкпо аздап қазақша сөйлейді. Қазақстанда туып өскен жігіт әскерге шақырту алғанда оны бірден қабыл алғанын айтады. Ол Отан алдындағы борышты өтеу кез-келген азаматтың міндеті деп есептейді.
Майкл форма киіп, әскери комиссариатқа келгенде жиылған көпшілік оған таңырқай қараған.

"Шын мәнінде барлығы таңырқауда. Өзіммен бірге әскер қатарына шақырылғандардан бастап, сардарларға дейін таңданыстарын жасырмауда. Африкалық жігіттің әскери борышын өтеуге барады деп ешкім күтпеген ғой" , - деді Майкл.

Майклдың анасы мен әкесі Алматыда танысқан. Бүгінде олардың отбасын құрғанына 20 жылдан астам уақыт өткен. Ерлі-зайыптылар Майкл және Милана есімді балаларды тәрбиелеп отыр.
Галинаның сөзінше, олар біраз уақыт бойы күйеуінің отаны Нигерияда тұрған. Бірақ, Қазақстанға жетпейтінін түсініп, елге қайта орылған.
Майклды әскерге шығарып салуға нағашылары келіп, оған жүрекжарды тілектерін арнады.





https://kaz.nur.kz
22 мамыр 2019 ж. 693 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930