» » Отандық депутаттар 31 мамыр күні ойын-сауықты шектеуді талап етті

Отандық депутаттар 31 мамыр күні ойын-сауықты шектеуді талап етті

Депутаттар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде сауық-сайранды шектеуді ұсынды. Сондықтан 31-ші мамыр күні телеарналар мен радиоларда ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылып, ал кафе-мейрамханалар көңіл көтеру шараларын кейінге қалдырсын деген талап қойды деп хабарлайды КТК арнасы.

"Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін өткізудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеп, оны еліміздің жастар жылымен сабақтастыруы керек. Архивтік материалдарды еркін зерделеп, ғалымдардың архивтік құжаттарын талдауға сол жылдардағы оқиғаларды объективті әрі толық зерттеу жүргізу", - деді мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков.

Яғни мәжілісмендер ХХ ғасырдың басында құрбан болған арда азаматтарды толық ақтауды сұрап отыр. Ол үшін шаң басқан архивтердегі құжаттарды қайта көтеріп, ғылыми конференциялар ұйымдастырылуы қажет дейді.

Бұдан бөлек, нәубет жылдары әр облыста тұрғызылған лагерьлердің орнына орталықтар мен мұражай ашу керектігін айтты.

Яғни бұл нысандар еліміздің киелі жерлерінің картасына енгізіліп, туристерді тартатын орынға айналуы қажет дейді депутаттар.



https://kaz.nur.kz
30 мамыр 2019 ж. 828 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031