Бүгін - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Қолдан жасалған алапат аштық, ату, асу, қуғындау, зорлықпен жер аудару... Большевиктер жүргізген қанды террордың шеңгеліне өзге ұлттармен бірге біздің жұртымыз да ілінді - қазақ жартысынан айырылып қалды.
Қазақ даласындағы ашаршылыққа баға беріп, ауқымын анықтар тұста тарихтың осынау қасіретті кезеңін саяси қуғын-сүргін немесе депортация кезеңінен бөліп қарастырған жөн. Келіспеуге келмейтін һәм бұлтартпайтын «Арыс» қоры және Республикалық «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасы Ғарифолла Әнестің сөзі бұл.
Расында да, отызыншы жылдарды былай қойғанда, 1919-1922 жылғы аштықтың өзі қазақтың еңсесін езіп кеткені анық-тын. Большевиктер 1919 жылдың басынан бастап ел ішінде азық-түлікті тәркілеу саясатын қолға алған еді. Қазақтың бақшасы болмағасын, қолындағы бары - малын тәркілеу басталды. Сексеуілді сексеуілге ұрып сындырғандай, қазақтың өз ішіндегі қызыл белсенділер - Ахметше айтқанда «өз ауылымыздың иттері» құлшына іске кірісіп, теңдікке уәде берген большевиктердің бетпердесі шешіле бастаған еді. Алаш арыстарының аштықтан елді аман қалу үшін аласұрып жылу жинайтыны да - осы кез.
Қазақтың жиырмасыншы жылдардағы қайғысына көп өтпей отызыншы жылдардың қасіреті келіп жамалды. Қазақстан, Украина мен Поволжьедегі ұлы ашаршылық - жарасы жазылмайтын ұлы нәубет еді. «ХХ ғасырдың басында «әлһәмдулилла 6 миллионбыз» деген қазақ қазір неге 40 миллион емес?» деген санаңызда сұрақ туындаса - оның жауабын осы қайғылы кезеңнен іздеу керек.
Тарихшы Тілеген Садықұлының айтуына қарағанда, 1926 жылғы мәлімет бойынша, орта есеппен қазақтың жалпы саны 5,5-6 миллионға жуық болған. Қазір қанша қазақ қырылды дегенде әртүрлі мәлімет айтылып жүр.
«Ортақ тұжырымды сұрасаңыз - оған біз қазір жауап бере алмаймыз. Өйткені, қазіргі таңда тарихшылар 2,5-3,5 миллионға жуық адам өлді деген сандарды айтып жүр. Демограф Мақаш Тәтімовтің айтуынша қырылған қазақтың саны 3 миллионнан асып кеткен», - дейді Тілеген Садықұлы.
Осыдан екі жыл бұрын Берік Әбдіғалиұлы ашаршылық құрбандарының тізімін жасауды ұсынған еді.
Сол кездегі саясат қазақ ұлтын мақсатты түрде жоюды көздеді ме? Бұл сұраққа қатысты тарихшыларымыз ортақ тұжырымға келмеген секілді. Мысалы, Тілеген Садықұлы «арнайы қазақты құрту керек, жою керек деген тапсырма болмаған шығар. Бірақ, сол кезеңдегі қазақты басқаруға келген билік басындағылардың осы саясатты жүргізгені хақ», - дейді.
Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр 31 мамырда қазақстандықтарға арнап үндеу жолдады. Өз үндеуінде Елбасы 1929-1933 жылдары 2 миллионға жуық адам қаза болып, тағы миллиондай адам жан сауғалап, елден босып кеткенін, саяси себеппен 103 мың адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілгенін, Қазақстан аумағында 11 жазалау лагері құрылып, онда сотталғандар мен олардың отбасылары адам төзгісіз қиын жағдайда күн кешкенін атап өтті.
«Бірақ, еліміз басынан өткен осынау сұмдық сынақтарды ешқашан ұмытпайды және ең ұлы қазына - Тәуелсіздікті бағалап, сақтай біледі. Тарихымыздың осы ащы тағылымы оны Қазақстанның қазіргі ұрпағының жадына тоқып, зердесіне түйе білуімен құнды болмақ. Сондықтан Қазақстандағы әлеуметтік бірлік пен ұлтаралық келісім, елдің тұрақты экономикасы мен биік халықаралық абырой-беделі халқымызды ХХ ғасырда бастан кешкен зобалаңдардан сақтай білетін сенімді кепіл болып саналады. Өткен ғасырдың қасіретті кезеңдерін енді ешқашан қайталамау үшін біз бұл жетістіктерді бағалай білуге тиіспіз», - деді Елбасы.
Қазақпарат