» » Жалағашта күрекпен адам өлтірген жігіт сотталды

Жалағашта күрекпен адам өлтірген жігіт сотталды

 Қызылорда облысы Жалағаш ауданында темір күрекпен адам өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға барысы былай өрбіген. Сотталушы А. жәбірленуші Д-мен жанжалдасып қалады. Сол жанжал барысында ол жәбірленушінің бас сүйегінің маңдай тұсынан темір күрекпен соққы жасайды. «Осылайша жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген. Алған жарақатынан жәбірленуші көз жұмды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі.   Жалағаш аудандық сотының үкімімен сотталушы А.-ға 8  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.
06 маусым 2019 ж. 717 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031