» » Exit Poll нәтижесінде Тоқаев жеңді: Өзге үміткерлер қандай пікірде?

Exit Poll нәтижесінде Тоқаев жеңді: Өзге үміткерлер қандай пікірде?

Қазақстан президентін сайлауда Exit Poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оны 70 пайыздан аса азаматтар қолдаған. Қалған үміткерлер жеңімпазды құттықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Exit Poll нәтижесі бойынша екінші орын алған Әміржан Қосанов бұл бірегей жетістік екенін баса айтты.

"Бұл сайлаудың жөні бөлек. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет ешбір саяси партияның қолдауына иек артпаған, ешбір қауымдастықтың күшіне арқа сүйемеген оппозицияның жеке-дара өкілі екі бірдей саяси партия парламент сайлауында жинай алмаған дауысты жинап, салмақты саяси деңгейге көтерілді”, - деп мәлімдеді ол.
Жалғыз үміткер-әйел қазақстандықтарды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Оның сөзінше, сайлау ерекше қысым жағдайында өтті.
"Ауыл" партиясының өкілі Төлеутай Рақымбеков Exit Poll нәтижесі бойынша қортынды шығаруға болмайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, алда Парламент сайлауы бар
Кәсіподақтар федерациясының үміткері Амангелді Таспиқов өз пікірімен бөлісті.

«Бізге ешқандай да кедергі жасалмады. Үгіт-насихат жұмысы барысында ешкім жұмысымызға араласқан жоқ. Сондықтан, ешқандай да шағым жоқ», - деді Таспихов.

Үміткер сайлау науқаны барысында қолдау көрсеткендердің барлығына алғысын білдірді.
"Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Садыбек Түгелдің айтуынша, сайлау ашық және әділ өтті.

"Халық өз таңдауын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев exit poll қорытындысы бойынша 70,13% алғанын естідік. Кандидаттардың бірі ретінде оны шын жүректен құттықтаймын», - деді ол.

Қазақстанның коммунистік халық партиясының өкілі Жамбыл Ахметбеков та сайлауға қатысты пікірін білдірді.

"Қамықтым деп айта алмаймын. Мен барлық жағдайға әзір болдым. Жеңіске де, жеңіліске де. Саясаткер болғандықтан күреске әзірміз. Оптимистік көңіл-күй әрдайым партиямызды алға жетелейді», - деді Жамбыл Ахметбеков. 


10 маусым 2019 ж. 640 0