Арыстағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс тоқтады - ҚР ІІМ
Арыстағы әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммункациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз басқаралатын ұшу аппаратының көмегімен аэровизалды ұшулары жүргізді. Оқ-дәрі сақталатын қоймалардың аумағында бықсыған оттың 9 ошағы табылды. Яғни, әзірше қайтадан жарылыстардың орын алу қаупі сақталуда. Дегенмен, бастапқы уақытта орын алған жарылыстардай жарылыс болмайды деп ойлаймын», - деді ол.
Сонымен қатар, Юрий Ильин еліміздің Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының аумағын жарылмай қалған оқ-дәрілерден тазарту үшін арнайы саперлер тобын құрғанын айтты.
«Аталған арнайы топтың 100-ден астам адамнан жасақталған бір тобы темір жол стансасында, темір жол бойында жұмыс істеп жатыр. Ал қалғандары елді мекендердің және әскери бөлімшенің аумағында жұмыс істеуде. Ал қоймалардағы өрт салдарын жою және отты сөндіру жұмыстарына, меніңше, бүгінгі күннің ішінде өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған арнайы сауытты техникалар кірісетін болады», - деді вице-министр.
https://syrboyi.kz