» » » "Шығынның бәрін төлетемін. Енді мен қайырымдылық жасаймын": Шарапов Сұлтанқызынан өндіретін ақша туралы

"Шығынның бәрін төлетемін. Енді мен қайырымдылық жасаймын": Шарапов Сұлтанқызынан өндіретін ақша туралы

Нұрболхан Шарапов

8 қараша күні сотта жеңіске жеткен Нұрболхан Шарапов тележүргізушіден өндірген ақшаны қайда жұмсайтынын бөлісті. Айтуынша, алдағы уақытта ол қаражаттың барлығын науқас балаларды емдетуге бағыттамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның Youtube арнасына сілтеме жасап. 

«Ол кісілерге Нұрболхан сотта жеңіп шыққан жағдайда бүкіл моральдық шығынды төлейсіздер деп ескертілді. Сондай-ақ, адвокаттарға миллион-миллионнан. Өйткені мен адвокаттарға өз қалтамнан шығардым. Мен ол шығынның барлығын төлетемін. Ол шамамен 4-5 миллион болуы мүмкін. Бүкіл шотты алып, ауруларға енді мен қайырымдылық жасаймын», - деді Нұрболхан Шарапов. 
Әрі қарай ол соңғы кезде қайырымдылыққа бет бұрып, тіпті, желіде арнайы парақша ашып үлгергенін бөлісті. 
«Бүкіл халықтың көзінше жасырып, өтірік айтты демесін. Жария сауап немесе басқаларға жария сабақ болсын. Жария ретінде бүкіл ауру балалардың барлығын іздеп табамын. Соңғы кезде сәбилер жыламасын деген парақша аштым. Енді сол кісіден шығынға алған ақшаның барлығын қайырымдылыққа жіберемін», - деді әзілкеш. 
Естеріңізге сала кетсек, Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі өзіне не дегені туралы айтқан еді. 

stan.kz

11 қараша 2019 ж. 518 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 079

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031