» » » "Қашанғы жем боламыз": 10 жыл бойы қаламақы алмаған әншілер бас көтерді

"Қашанғы жем боламыз": 10 жыл бойы қаламақы алмаған әншілер бас көтерді

Қазақстанның бірнеше халық әртісі мен танымал әншілер неше жылғы қаламақыларын даулап, Алматыда жиналыс жасады. Өнер адамдары 10 жыл бұрын құрылған зияткерлік меншік құқығын қорғайтын бірлестікті айыптап, басшысын алып тастауға тас түйін дайындықпен келген. Алайда бірлестік басшысы жиынға келмеді. Ал ашулы әншілер өздеріне жаңа басшы сайлап алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап.

Әншілердің айтуынша, олар 10 жыл бойы жарытып қаламақы алмаған. Өнер иелері бірлестіктің бағынбай кеткенін, тіпті ұйым басшысын танымайтындарын білдірді.

"Әр үш ай сайын біресе 10 мың түседі, біресе 17 мың түседі. Ең көбі 30 мың түсті", - деді әнші Өмірқұл Айниязов.

Ал Жеңіс Ысқақова болса, жиында өнер иелері тоғыз жылда Қазақстан орындаушылар одағынан түспеген тиындарын айтқанын, түскен жағдайда "адам ұялатындай" қаржы берілгенін жасырмады.

Отырыс барысында қоғамдық бірлестіктің кабельдік операторлардың бірімен соттасып, қарыз болып қалғаны да айтылды.
"Директор осы қиындықтың басында тұр. Директорға да бұл жағдай оңай емес. Ол да уайымдайды. Сот шешімін орындау керек. Ол бұл жиынға шақырылмады", - деді бірлестіктің заңгері Игорь Каримов.

Ал әншілер болса сырттай директорды орнынан алып тастап, Мейрамбек Бесбаевты басшылыққа сайлады.

"Музарт" тобының солисті болса мыңдаған мүшесі бар ұйымды басқаруға дайын екенін, әртістерден қолдау күтетінін жеткізді.

"Әншінің жағдайын әншіден басқа кім түседі. Мен жалғыз өзім бұны істеп кетемін деп айта алмаймын. Бүкіл әншілер маған көмектеседі. Әншілердің қандай тиісті ақшалары бар, соны алу керек. Қашанға жем боламыз", - деп ойын білдірді Бесбаев.

Ол ұйымның бұрынғы басшысын да заң алдында жауапқа тарту жайында ойластырып жатқанын да жасырмады.
Еске сала кетсек, қазақ эстрадасының королі атанған Мейрамбек Бесбаев Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланғанын жазған болатынбыз.

kaz.nur.kz

16 қаңтар 2020 ж. 807 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930