» » » "Жарты зал бос": Ракқа шалдыққан балалар бүлдіршінді құтқару үшін концерт бермек

"Жарты зал бос": Ракқа шалдыққан балалар бүлдіршінді құтқару үшін концерт бермек

Данэлия Төлешова Алматыда өтетін қайырымдылық кешіне қатысады. Кештен түскен қаржы науқас балалардың еміне беріледі. Алайда бірер күннен кейін өтетін кешке билет алушылар аз көрінеді. Залдың жартысы бос екенін айтқан желі қолданушысы көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

«ÐаÑÑÑ Ð·Ð°Ð» боÑ»: РакÒа ÑалдÑÒÒан Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ð°Ñ Ð±Ò¯Ð»Ð´ÑÑÑÑÐ½Ð´Ñ ÒÒ±ÑÒаÑÑ Ò¯ÑÑн конÑеÑÑ Ð±ÐµÑмек

«Балалар балаларға көмектеседі» аталатын қайырымдылық концерті 21 сәуірде Алматыдағы «Алатау» концерт залында өтеді. 

Қайырымдылық кешіне жас әнші Данэлия Төлешова қатысады. Сонымен қатар танымал әншілер Айжан Нұрмағамбетова, Гаухар Саттарова, басқа да жас әншілер мен актерлер өнер көрсетеді. 

Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылып отырған концерттен түскен қаржы онкологиялық және басқа да ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне беріледі. 

 Назым Сапарова есімді желі қолданушысы жарты залдың бос екенін айтып, көпшіліктен көмек сұрады. 

«Біздің концертке келіңіздер! Балалар сонша дайындалуда, ал жарты зал бос. Кеште қатерлі ісікті жеңген балалар өнер көрсетеді. Тағы бір бала қатерлі ісікпен ауырады. Оның ата-анасы жоқ», - деп жазды ол. 

Шараны Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен «Ғылыми-медициналық ұйым» және «ЮНА» продюсерлік орталығы ұйымдастыруда.

Stan.kz 
18 сәуір 2019 ж. 1 250 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930