» » » Қазақстан туының алғашқы үлгілері

Қазақстан туының алғашқы үлгілері

Қазақтың көк туын табу мен қабылдау жас мемлекетке оңайға түспеді. Халықтың көңілінен шығу қиынның-қиыны. Мемлекеттік рәміздерді жасау мен қабылдау уақыты 1992 жылға келеді. Осы жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумының жаңа мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулысы шықты. Әсіресе, Туға деген талас көп болған көрінеді. Егер елтаңбаның жобасына 245 адам, Әнұранға 750 адам қатысса, ал туға 600 адамнан 1200 үлгі келіп түскен комиссияға. Олардың арасында ТМД елдерінен, Германия мен Түркия, Моңғолиядан да қатысушылар болған. Мемлекеттің туға үлгі ретінде өткізілген нұсқаларға көз жүгіртсек, олардың әртүрлі болғанын байқауға болады. Бұл сегізбұрышты жұлдызы бар тудың үлгісін ұсынған М.Сұлтанбеков. Алғаш ұсынылған жобалардың бірі, 1991 жылдың желтоқсанында ұсынылыпты. Сегізбұрышты жұлдыз көптеген әлем халықының рәміздерінде белгіленген. Көне замандардан бері Еуразия аумағында ежелден келе жатқан конструктивті нышан, ол көптеген түсініктің, бейнелеу элементтерінің негізінде жатыр. Бұл тудың жобасы 1953 жылы қабылданған мемлекеттік тудың үлгісіне ұқсайды. Авторы – С. Дүйсенов пен С.Редько. Алайда мұндай ту ұлттық ерекшелікті көрсете алмағандықтан, комиссия мүшелері қабылдамаған. Комиссияға түскен тулардың басқа да үлгілері болған.  Мемлекеттік тудың авторы  Шәкен Ниязбековтің айтуынша, ғалым Өмірбек Жолдасбеков қазіргі көк туды көрген кезде «Біз іздеп таба алмай отырған ту осы емес пе?» дегенде, жұрт шу ете қапты. Автордың өзі комиссияға 35 тудың үлгісін жасап өткізген екен. Ал қазіргі көк тудың оюы мен қыраны басқаша болған. Яғни, тудың оң жақ қапталындағы ою басында қызыл түс болыпты, ал қыран мен күн тудың шет жағында болған. Оны Елбасының ұсынысымен ортасына қарай жылжытқан. Биыл Мемлекеттік тудың қабылданғанына 28 жыл. Талайдың тудың ішінен топ жарып шыққан бұл байрақ талай қазақтың жүрегінде түптеліп қалғанын уақыттың өзі көрсеткендей. 








Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/tarih/62349/

06 маусым 2020 ж. 832 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930