Төл туындыларды төрге шығарсақ деймін
Отандық телеарналардан көрсетіліп жүрген телехикаялар көздің жауын алады. Тәуелсіздіктің игілігі болар, ең кем дегенде әр үйде екі-үшеуден кездесетін теледидар әрісі Аргентина мен Бразилия, берісі Үндістан мен Түркияның, Кореяның телехикаяларынан босамай-ақ қойды.
“Мұның құпиясы неде?” деген сауалмен кейбір телеарна саласында жүрген азаматтармен пікірлесіп, ғаламтор кеңістігіне еніп кетіп, кәсіби мамандардың пікіріне құлақ салсақ, аталған телехикаялар отандық телеарналардың рейтингін көтеріп, қаржы қоржынын да қампитатын көрінеді. Себебі аталған телехикаялардың бір бөлімінің құны 5 мың еуроны құрайды екен. Әрине рейтинг телеарнаның негізгі табыс көзі болғандықтан артық сөз айтуға тағы болмас. Дегенмен, 5 мың еуроға төл тарихымыздың жауһар туындыларын сомдап, халықтың көзайымына айналдыруға болар еді-ау деген қиял әр ұлтжанды қазақтың санасында қылаң беретіні өтірік емес. Мәселен, күллі түркі әлемінің абызы Қорқыт ата туралы сахналық қойылымнан әрі асып, көркем телетуынды жасап, бәсекелестікке ұмтылдық па екен. “Ойды ой қозғайды” дегендей, қазақтың біртуар азаматы, Сыр бойынан шыққан шығыс жауһары «Шахнаманы» сөйлеткен Тұрмағамбет бастаған ақын-шайырлардың, сал-серілердің образын неге сомдамаймыз? Қазақтың «өзіңді өзің жаттай сыйла, жат бойыңнан түңілсін» деген тәмсілінің астарында не жатқанын ұғынған жөн. Ұлтымыздың ұрандатып жауға шапқан қайсар батырлары мен елдің бірлігі мен ынтымағын ойлап, халқымызды бір тудың астына біріктіріп, найзаның ұшымен, білектің күшімен атамекен ұлтарақтай жерді жауға бермей, қорғауға рухтандыра білген хандарымыз жайлы ғажап кинотуындылар жасасақ, жоғарыда айтқан қаржының Мәңгілік Елдің мұратына айналары сөзсіз. Теңіз толқындары секілді өмір де жаңарып, жасарып жатыр. Алдыңғы толқынды кейінгі толқын ығыстырып жатқан мынау өзгеріс пен дүбірге толы дүниеде кейінгі буын жастарға төл тарихымыз бен құндылықтарымызды бүгін мойындатпасақ, ертең кеш қалуымыз мүмкін. Себебі жастардың санасын мешеулікке ұшыратып, сан соқтырар небір көз алдыңда көлбеңдеген сериалдар жауыздық пен өшпенділік, нәпсіқұмарлық, жезөкшелік сынды қоғамның жағымсыз келбетін жарнамалап, жасы мосқал кісілерге жиіркеніш тудырып үлгергені айтылып та, жазылып та жүр.
Осы ретте балаларымыздың тәрбие бесігі болар мультфильмдеріміз де шетелдің қаптап кеткен спутниктік қондырғыларымен талап-талғамсыз ұсыныла беретін болды. Өзіміздің отандық «Отау тв» арнасынан көрсетілетін «Балапан» бағдарламасын қосқанда басқа да көрсетілімдер балалардың жан дүниесін ізгілік пен ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Алайда, өзіміздің отандық қондырғыны орнатып, төрімізден төрелі орын беріп, балақайларға бағалы қазынамызды жарнамалаудың орнына шетелдің ғарыштық антенналарын самсатып қондырып, «өзгенің қаңсығын таңсық қылып» жүргеніміз өкінішті-ақ.
Мәселен, көптің сүйікті телехикаясына айналған «Сұлтан Сүлеймен» телетуындысының бір сериясының құны 5 мың еуроға тең екені мені таң-тамаша етті. Ұзын сонар хиқая 200 бөлімнен тұратынын есептесек, қыруар қаржы желге ұшқандай. Әйтсе де, сол сериалдар нарық заманында біздің елде «асығы алшысынан түсіп», көш бастап, түркі елінің де, біздің елдің де қазынасының бүйірін бұлтитып тұрған секілді. Бірақ өзіміз ел ішінде қарапайым халықпен ой бөлісіп жүргенде естігеніміз елең еткізген болатын. Осы орайда бір көрерменнің пікірін білдіре кеткенді жөн көрдік: «Жалпы сериалдардың көбін (тіпті барлығын) көрсетуге тыйым салатын кез келді ғой деп ойлаймын.
Көреалмаушылық, зұлымдық, бірінің әйелін бірі алдау, арбау, көздеріне шөп салу тағысын тағылар. Ешқандай тәрбиелік мағына, мазмұн жоқ. Бір жаманы, сол келеңсіз жайттарды біздің халық тез бойларына сіңіріп жатыр. Ауылдағы адамдардың сериал көруден қолдары босамайды, бірі бітсе, екіншісі басталады, жұмыс қалған. Не бақшада жұмыс істемейді, не мал ұстамайды. Уақыт жоқ қой! Сол сериалды көріп алып, бір-біріне қайталап айтып, қайдағы бір кейіпкерлердің жағдайларына қабырғасы қайысып жүрген халық. Ал өз бауырларына өйтіп жүректері езілмейді, олар не болып жатыр, халдері қалай дегендей. 5 мың еуроға сериал емес, қасірет сатып алдық». «Мен қарсымын одан да ол қаражатты өзімізде кино шығаруға қолдануға болар еді ғой» дейді екінші көрермен.
Расында отандық телеарналар өкілдерінің сапалы өнім шығару үшін қаражат жетіспейді, маман тапшы деген пікірлерін жиі естиміз. Бірақ өзіміз қаржыны түріктің һәм, кәрістің өніміне жұмсап отырмыз. Бұл тек телехикая ғана, ал шетелден кәдімгі бағдарламаларды да сатып алып отырған жайымыз бар. Бәлкім қыруар қаржыны шетелге жібергенше, өз елімізде сапалы, қызықты бағдарлама, көруге тұрарлық телехикая түсіргеніміз жөн болар. Қалай да ойланарлық мәселе. Осы жағы ескерілсе, ұтылмаймыз, ұтамыз.
Г. АСҚАРҚЫЗЫ