Ерке Есмахан өмірінде өтірікші әрі алаяқ жігітке тап болғанын ашық айтты
Ерке Есмахан “Кафе махаббат” деп аталатын тырнақалды кинофильмінің түсірілімін аяқтады. Актриса әрі ендігі кинопродюсер атанған Ерке туындысын күзде көрерменге ұсынбақ, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.
Бұл орайда Есмахан фильмдегі оқиғалар мен басты кейіпкерлерге шолу жасап, көрермендерге құпияның шетін ашты.
“Кино деген – қысқаша өмір. Кейде өмір де кино сияқты. Біздің киномыздың сценарийінің өзі өмірден алынғандай. Достық, сыйластық, сүйіспеншілік, маxаббат, адамды алдау, үміт, сенім, өкініш сияқты өмірде адамдар қарым-қатынасында болатын жағдайлар осы кинода көрініс тапқан”, – дейді Ерке.
Әншінің айтуынша, фильмде басты рөлді сомдайтын актер әрі вайнер Шәріп Серік шынайы өмірде болмысы бөлек жігіт. Адал бірақ фильмдегі кейіпкері жағымсыз. Бұл орайда Ерке шынайы өмірде де алаяқ әрі өтірікші жігітке кезіккенін айтады.
“Басты рөлдегі Шакенти алаяқтың рөлін сомдайды. Бірақ өмірде сондай адал жан! Жұмысын қатты жақсы көретін жігіт! Шаконың кейіпкері сияқты өтірікші, алаяққа мен де шынайы өмірде тап болғанмын.
Мені Құдай сақтап, бәрі артта қалды. Өмірлік сабақ болды. Киноның желісі менің өмірімдегі кей жағдайлармен ұқсас. Таңғалам! Екінші басты кейіпкер өзім ғой.
Кейіпкерімнің образына қатты кіріп кетіп, оның бар сезімін шынайы сезгендей болдым. Кейіпкерім Мақпалды сүйіп қалдым. Киномыздың көп жұмысын бітірдік, азы қалды. Осы жылдың күзінде барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Аллаға сансыз шүкір!” – деп бөлісті Ерке.
http://stan.kz