» » » Тиматидің стилінде: Назиманың алғашқы бейнебаяны желіні “жарды” (видео)

Тиматидің стилінде: Назиманың алғашқы бейнебаяны желіні “жарды” (видео)


Ресейдегі “Песни” шоуына қатысып, дем арасында танылып кеткен Назима Жәнібекова бейнебаянын жарыққа шығарды. Отандасымыз алғашқы бейнеклипін хитке айналған Шымкент туралы әніне түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тиматидің өзін мойындатқан Назимаға деген жұрттың қызығушылығы бүгінде ерекше. Real One бейнебаянын небәрі 50 минутта 60 мыңнан аса жанның тамашалауы бұл сөзіміздің айқын дәлелі бола алады.
Ал тыңдармандар Назиманың алғашқы еңбегін жоғары бағалап жатыр.
“Назимадан күмәнданған да жоқ едім. Өте мықты жасаған. Өте қатты ұнады”, – дейді Ману Киан есімді желі қолданушысы.
“Лейблдің мықты бейнебаяны. Назима кадрда әдемі көрінеді. Дуэт те өте сәтті шыққан”, – деп жазды Анджелина Ложкина есімді екінші қолданушы.



Еске сала кетейік, Назима Жәнібекова Тимати продюсерлік ететін “Песни” жобасына қатысып, үздік орындаушылар қатарына кірген болатын. Жеңімпаз атанбаса да, Назима Black Star командасына жұмысқа қабылданды.




http://stan.kz
10 шілде 2018 ж. 875 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031