» » » Денис Тен: Өмір – нәзік нәрсе

Денис Тен: Өмір – нәзік нәрсе


19 шілде күні танымал мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тен кісі қолынан қаза тапты. Baribar.kz талантты спортшының ерекше ой-толғамдарын назарларыңызға ұсынады.

“Арманым орындалды”

“Барған жерімде Қазақстанның әсемдігі, қонақжайлығы, сұлу табиғаты жайында айтып жүретінмін. Қазақстан жер аумағы жағынан әлем бойынша 9-орында екенін естіген жандар қатты таңырқайтын. Әркез оларға елімізді көрсетсем екен деп армандайтынмын. Міне, арманым орындалды. Шетелдік қонақтарымыз айтылғандардың бәрін өз көзімен тамашалай алады”.
(2013 жылы «Денис Тен мен оның достары» аталатын мұз шоуын ең алғаш рет ұйымдастырған кезде айтқаны)

“Ең басты қарсыласым – өзім”




Мұзда алғаш рет құлағанымда оңай болмады. Сол сәттен бастап құлағандарға қарап күлмеймін. Ең басты қарсыласым – өзім. Ең маңызды жеңіс – өзіңді жеңуің, медаль алу жайлы осыдан кейін ғана ойлансаң болады”.

“Ізбасарым жоқ”


ÐÐµÐ½Ð¸Ñ Ð¢ÐµÐ½

“Бұл соңғы олимпиадам емес шығар. Жанкүйерлерімді әлі қуантармын. Қазақстанға көп жеңіс сыйлағаныма қуаныштымын. Бірақ Қазақстанда менің ізбасарым жоқ. Бір жыл үзіліс алып, жарақатымды емдеп алайын десем, мені алмастыратын ешкім жоқ. Спорт адам ағзасына үлкен салмақ түсіреді. Жарақат домино тастары сияқты. Біреуі жазылса, екіншісі шығады. Бірақ қиындықтарға қарамастан жаттығу жасадым”.

“Бәрінен бұрын мен қазақпын”


ÐÐµÐ½Ð¸Ñ Ð¢ÐµÐ½

“Қазақстанда туған соң қазақ болып өтесің. Бәрінен бұрын мен қазақпын. Ойым, басқа да кейбір нәрселер бойынша мен қазақпын. Менің мәдениетіме, таным көкжиегіме ешқандай өзгерістер әсер етпейді. Өйткені мен Алматыда өстім. Сол себепті өмір бойы қазақстандық екенімді сезініп өтемін”.



“Өмір – нәзік нәрсе”

«Қанша жерден мықты болсаң да, сен ең алдымен адамсың. Өмірі бар кәдімгі адамсың. Қанша дегенмен өмір – нәзік нәрсе, ертең не болатынын ешқашан болжай алмайсың…»



Денис Теннің қазасына қазір барша жұрт қайғырып көңіл айтып жатыр.


https://baribar.kz




20 шілде 2018 ж. 746 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930