» » » Кенжебек Жанәбілов есту қабілеті төмен балаларға арнап орталық ашпақ

Кенжебек Жанәбілов есту қабілеті төмен балаларға арнап орталық ашпақ


Кенжебек Жанәбілов мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашпақ, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматыда үш әлеуметтік жоба иелері марапатталды. Байқауда 18 жоба қарастырылды. Кенжебек Жанәбілов «Ел назы» арт-терапия орталығы жобасы жеңіп алды.
«Қазақта жақсы сөз бар. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген. Осындай әлеуметтік қайырымдылық жобалардың маңызы артып келеді. Біздің басты мақсатымыз – осы жобаларды мемлекетке көрсету, қоғамның назарын аудару, сол арқылы әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж адамдарды өмір сапасын жақсарту болып табылады», – деді «Нұр Отан» партиясы Алматыдағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова.
Әнші есту қабілеті нашар балалардың шығармашылығын дамытуға арналған орталық ашады. Оған осы диагноз қойылған кез келген бала қатыса алады.
«Біздің орталықта есту қабілеті төмен, кахилярлы имплант салынған балалармен жұмыс жасалады. Мен бұл проблеманы өзімнен өткіздім. Менің өзімнің үлкен ұлым құлағы естімейтін болып дүниеге келді. Біз 7 жасына дейін көп уақыт созып жүріп алдық. Миына дыбыс келмеген соң адамның миы ұйықтап қалады екен. Кахилярлы имплантты 6,5 жасында орнаттық. Содан бастап баламыз мектепке барды, аттарымызды айтады», – деді Кенжебек Жанәбілов.
Аталған орталықта әзірге 40 бала білім алатын болады. Орталықта сурдопедагогтар қызмет етеді. Домбыра, вокал өнерін үйретеді.


Stan.kz 
01 тамыз 2018 ж. 1 084 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30