Әкем аққу секілді: Арман Дүйсеновтің анасы қайтыс болған күні әкесінің екі көзі де көрмей қалған
Белгілі сазгер Арман Дүйсенов әкесі туралы жан тебірентерлік жазбасымен бөлісіп, жұртты жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.
Күні кешеі Арман Дүйсеновтің әкесі 76 жасқа толған. Өз кезегінде сазгер Instagram желісіндегі парақшасында әкесін туған күнімен құттықтап, жан тебірентерлік жазба қалдырды. Өз сөзінде ол әкесінің ерекше қасиеттерін тізіп берді.«Бүгін біздің асқар тауымыз – ол ” Ата”, ол ” Ақ папа “, ол “Самый супер қайын ата” , ол “Шаxтер – Стаxановец”, ол “Трудобайда екі-ақ сөз – шаxтаға кірді және шықты”, ол “біздің Молда Қасым ағамыз мықты еді ғой”, ол “самый ярый Сталинист”, ол ” Партияның бар мүшесінің есімдерін жатқа білетін адам”.. Ол “бар жаңалықты елден бұрын айтып отыратын радиосы бар адам”, ол “будильник”, ол ” домашний имам”, ол “супер ас қайыратын адам”, ол “палаудан гөрі қамыр ауxатты жақсы көретін адам”, ол “нещауо десең қойды қасқыр жемейді”, ол “әңгіме бұзау емізер”…
Ол жай ғана дүниедегі ең мейірімді, ең ақылды, ең жаны таза адам – Алпысбаев Айдан Мырhайдарұлы бүгін 76 да. Әке, мың жасаңыз! Сізді ерекше сүйеміз!», – дейді Дүйсенов.
Сөз барысында Арман әкесін аққуға теңеді. Оның себебі де жоқ емес…
«Негізі біздің әкеміз шынында аққу секілді. Өмірлік жолдасы, аяулы жары, марқұм анамыз Зиба Жұмашқызы дүние салған күні екі көзінің екеуі де көрмей қалды… Қиын әрине… Ғажап әрине», – дейді сазгер.
Айта кетсек, бұған дейін Арман Дүйсенова көрген қиындықтарын еске алып, Еуропа көшелерінде музыка ойнап ақша тапқанын айтқан еді.
Stan.kz