» » » Төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіков Бейбітке Астанадан бес бөлмелі үй сыйламақ

Төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіков Бейбітке Астанадан бес бөлмелі үй сыйламақ

Туған күнінде төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт Сейдуәлиеваға Астана қаласынан бес бөлмелі пәтер алып бермек. Бұл туралы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ТоÒÑÐ°Ñ Ð¡ÐµÑÑков. ФоÑо:juldyz.kz

  

Әншінің айтуынша, әйелінің босанатын сәтінде өзі жанында болып, кенже ұлын бірінші бауырына басқан.

"Бейбітті әр баламды дүниеге алып келгенде де сыйлықсыз қалдырмағанмын. Бұл жолы ерекше сыйлық жасайтын шығармын. Астанадан бес бөлмелі пәтер алып беремін. Балалармен қыдырып жүрсін. Астына бір жаңа көлік алып беремін. Мақтанғандай болсам, Құдай өзі кешірсін. Бейбіттің бір қасиетін жақсы көремін. Сыйлықты аса жақсы көрмейді. "Оданда балаларға жұмса" деп айтады", - деген Тоқтар Серіков ағынан жарылды.

Сондай-ақ Тоқтар Серіков әйелінің жанарынан бір тамшы жас шыққанында қаламайтыны жеткізді.

"Маған сәбилер сыйлаған соң, оны да сыйлықсыз қалдырмауым керек. Бірақ ең бастысы балаларымның алдында әкелік парызымды адалынан ақтасам, оның көзінен бір тамшы жас жерге түсірмесем ол Алладан да, менен де жасалған сыйлық", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар Серіковтің туған күнінде дүниеге келген кенже ұлына Шаһнұр деп есім қойған.

NUR.KZ
26 қараша 2018 ж. 5 216 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930